Об утверждении формы акта о результатах проверки
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении формы акта о результатах проверки
- Атауы (қаз.)
- Тексеру нәтижелері туралы акті нысанын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 123-НҚ
- Қабылданған күні
- 10.06.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 10.06.2025
- Көрсетілген редакция
- 10.06.2025 211214_761705.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.06.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500036260
- ЭКБ идентификаторы
- 211214
- Редакция идентификаторы
- 211214_761705
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 03:58
0 Тексеру нәтижелері туралы акті нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 53-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН
1 1. Тексеру нәтижелері туралы акті нысаны осы бұйрығының қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық 2025 жылғы 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
0 №_____Тексеру нәтижелері туралы акті
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрі
2025 жылғы 10 маусымдағы
№ 123-НҚ Бұйрыққа
қосымша
Нысан
№_____Тексеру нәтижелері туралы акті
__________________ 20__жылғы «__» __________
Актіні толтыру орны уақыты___________
Бақылау және қадағалау органының атауы________________________________
1. Тексеру жүргізуге негіз болған тексеру тағайындау туралы актінің номері мен күні
_________________________________________________________________
2. Тексеру жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер
ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы_______
3. Мемлекеттік тексеру субъектісінің атауы, және тексеру жүргізу кезінде қатысқан
өкілінің лауазымы____________________________________________
4. Тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар, олардың
сипаты туралы мәліметтер _____________________________________________
5. Тексерілетін субъект өкілінің, сондай-ақ тексеру жүргізу кезінде қатысқан адамдардың
актімен танысуы немесе танысудан бас тартуы туралы мәліметтер, олардың қолдары
немесе қол қоюдан бас тартуы___________________________
6. Тексеру нәтижесі бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар__________
Қосымша «___» парақта
7. Тексеру жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) қолы________________
8. 20__ жылғы «___» ___________
Тексеру нәтижелері туралы актіні тапсыру туралы мәліметтер _______________
Танысуы, қолы
QR-код