Об утверждении Правил установления стоимости государственного задания Министерства энергетики Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил установления стоимости государственного задания Министерства энергетики Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мемлекеттік тапсырмасының құнын белгілеу қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 233-н/қ
- Қабылданған күні
- 11.06.2025
- Көрсетілген редакция
- 11.06.2025 211277_765875.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.06.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25JVM00233
- ЭКБ идентификаторы
- 211277
- Редакция идентификаторы
- 211277_765875
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 03:57
0 Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мемлекеттік тапсырмасының құнын белгілеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 16-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мемлекеттік тапсырмасының құнын белгілеу қағидалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Бюджет және қаржылық рәсімдер департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1
1) осы бұйрық қабылданған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялауды және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
0 Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мемлекеттік тапсырмасының құнын белгілеу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2025 жылғы 11 маусымдағы
№ 233-н/қ
бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мемлекеттік
тапсырмасының құнын белгілеу қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мемлекеттік тапсырмасының құнын белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 16-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мемлекеттік тапсырмасының құнын белгілеу тәртібін айқындайды.
2 2. Мемлекеттік тапсырмалардың, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және мемлекеттік тапсырмаларды орындауға жауапты заңды тұлғалардың тізбесі Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 93-бабына сәйкес бекітіледі.
3 3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1 1) мемлекеттік тапсырма – жарғылық капиталына мемлекет қатысатын квазимемлекеттік сектор субъектілеріне және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өзге де заңды тұлғаларға жекелеген мемлекеттік қызметтер көрсетуге және басқа да міндеттерді орындауға тапсырыс беру.
2 2) мемлекеттік тапсырманы орындаушы – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мемлекеттік тапсырмасын республикалық бюджет қаражаты есебінен орындайтын, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлға.
2 2-тарау. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің көмірсутектерге қатысты қазақстандық кадрлар мен өндірушілерді қолдау саласындағы мемлекеттік тапсырмасының құнын белгілеу тәртібі
4 4. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің көмірсутектерге қатысты қазақстандық кадрлар мен өндірушілерді қолдау саласындағы мемлекеттік тапсырмасының құны мынадай шығыстармен белгіленеді:
1
1) мемлекеттік тапсырманы орындаушының штат кестесімен бекітілген, мемлекеттік тапсырманы тікелей жүзеге асыратын жұмыскерлерге еңбекақы төлеу (лауазымдық жалақы; зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары, ауыр еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар, сыныптылығы үшін жүргізушілерге үстемеақылар, экологиялық төлемдер, үстеме жұмыс уақытында, демалыс және (немесе) мереке күндері, түнгі уақытта, бос болған кезеңде жұмыс істегені үшін ақы төлеу, Қазақстан Республикасының Еңбек және өзге де заңнамасында көзделген өтемақы төлемдері, сондай-ақ ұжымдық шарттың талаптарында және (немесе) жұмыс берушінің актілерінде айқындалған);