Құжат мәтініне өту

Об изменении состава автомобильных дорог общего пользования республиканского значения

Қаулы · № 935 · қабылданған 05.09.2004
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-21129/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об изменении состава автомобильных дорог общего пользования республиканского значения Қолданыста Қаулы ·№ 935 ·05.09.2004
20.08.2015 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об изменении состава автомобильных дорог общего пользования республиканского значения

Қолданыста Қаулы ·№ 935 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об изменении состава автомобильных дорог общего пользования республиканского значения
Атауы (қаз.)
Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының құрамын өзгерту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
935
Қабылданған күні
05.09.2004
Көрсетілген редакция
20.08.2015 AI21129_2.kaz
Соңғы өзгеріс
20.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P040000935_
ЭКБ идентификаторы
21129
Редакция идентификаторы
AI21129_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 19:43

0 Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының құрамын өзгерту туралы

Құрылыстың аяқталуына байланысты және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары желiсiн реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1 1. Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының құрамынан мынадай автомобиль жолдары учаскелерi коммуналдық меншiкке берiлсiн:

1 1) жалпы ұзақтығы 7 км Түркiстан қаласының шекарасы шегiндегi ұзақтығы 4 км "М-32 РФ шекарасы (Самараға) - Шымкент, Орал, Ақтөбе, Қызылорда қалалары арқылы" және ұзақтығы 3 км "P-31 Кентау - Түркiстан - Арыстанбаб - Шәуiлдiр - Төрткөл" құрамынан;

2 2) Қызылорда гидроторабы арқылы ұзақтығы 7 км "M-32 РФ шекарасы (Самараға) - Шымкент, Орал, Ақтөбе, Қызылорда қалалары арқылы" құрамынан;

3 3) ұзақтығы 12 км "Р-5 Көктоғай а. кiреберiс";

4 4) ұзақтығы 19 км "Р-41 Орал қаласының айналма жолы".

2 2. Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының құрамына мыналар енгізiлсiн:

ұзақтығы 4 км Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенi арқылы өтетiн және ұзақтығы 16 км Орал қаласының маңындағы Жайық өзенi арқылы өтетiн "М-32 РФ шекарасы (Самараға) - Шымкент, Орал, Ақтөбе, Қызылорда қалалары арқылы" кiреберiстерiмен көпiр өткелдер;
Көкшетау қаласының шекарасы шегiндегі ұзақтығы 9 километр "A-1 Астана - Петропавл, Көкшетау қаласы арқылы" және ұзақтығы 7 километр "A-13 Көкшетау - Кішкенекөл - Бидайық - РФ шекарасы (Омбы қаласына)" автомобиль жолдары учаскелерi.

3

3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен және Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақмола және Оңтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмдерiмен бiрлесiп жоғарыда көрсетілген автомобиль жолдары учаскелерiн қабылдау-тапсыру жөнiндегi қажеттi ұйымдастыру iс-шараларын жүзеге асырсын.

4 4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 20.08.2015 № 655 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

5 5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қолданыстағы