Об утверждении Правил осуществления платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) государственными учреждениями в сфере науки, деньги от реализации которых остаются в их распоряжении, использования денег от реализации государственными учреждениями в сфере науки товаров (работ, услуг), остающихся в их распоряжении
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил осуществления платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) государственными учреждениями в сфере науки, деньги от реализации которых остаются в их распоряжении, использования денег от реализации государственными учреждениями в сфере науки товаров (работ, услуг), остающихся в их распоряжении
- Атауы (қаз.)
- Өткізуден түскен ақша өз иелігінде қалатын ғылым саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, ғылым саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түскен, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 296
- Қабылданған күні
- 09.06.2025
- Көрсетілген редакция
- 09.06.2025 211326_762275.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.06.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500036285
- ЭКБ идентификаторы
- 211326
- Редакция идентификаторы
- 211326_762275
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 03:59
0
Өткізуден түскен ақша өз иелігінде қалатын ғылым саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, ғылым саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түскен, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 102-бабы 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 111-19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. Қоса беріліп отырған Өткізуден түскен ақша өз иелігінде қалатын ғылым саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, ғылым саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түскен, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану қағидалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
0 Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша өз иелігінде қалатын ғылым саласындағы мемлекеттік мекемелерінің оларды өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидалары
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім
министрі 2025 жылғы
9 маусымдағы
№ 296 Бұйрықпен
бекітілген
Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша өз иелігінде қалатын ғылым саласындағы мемлекеттік мекемелерінің оларды өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша өз иелігінде қалатын ғылым саласындағы мемлекеттік мекемелерінің оларды өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидалары Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 102-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 111-19) тармақшасына сәйкес әзірленді және өткізуден түсетін ақша өз иелігінде қалатын ғылым саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету, және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау тәртібін айқындайды.
2 2-тарау. Өткізуден түсетін ақша өз иелігінде қалатын ғылым саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету тәртібі
2 2. Ғылым саласындағы мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғаларға шарттық негізде тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетеді.
3 3. Ғылым саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлеріне мыналар жатады:
1 1) Қазақстан тарихының аса маңызды проблемалары бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер шеңберінде қызметтерді жүзеге асыру;
2 2) гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобалары бойынша ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру;
3 3) ғылыми іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.
4 4. Ғылым саласындағы мемлекеттік мекемелер ғимараттарда ұсынылатын ақылы қызмет түрлерінің тізбесін және ұсынылатын тауарларға (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге) бағалар прейскурантын көрсете отырып, ақпаратты көрнекті жерде орналастырады.
5
5. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген ақылы қызмет түрлерін өткізуден түсетін ақша Кодексітің 101-бабының 8-тармағына сәйкес бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне сәйкес ғылым саласындағы мемлекеттік мекеменің қолма-қол ақшаны бақылау шотына (бұдан әрі – ақылы көрсетілетін қызмет шоты) түсіріп жұмсалады.