Об утверждении Правил определения стоимости государственного задания
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил определения стоимости государственного задания
- Атауы (қаз.)
- Мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 167
- Қабылданған күні
- 30.05.2025
- Көрсетілген редакция
- 30.05.2025 211371_765882.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.05.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25G0000167
- ЭКБ идентификаторы
- 211371
- Редакция идентификаторы
- 211371_765882
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 04:06
0 Мемлекеттік тапсырманың құнын
айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 16-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1
1) осы бұйрықтың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
0 Мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары
Бұйрықпен бекітілген
Мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1 1. Осы Мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 16-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау тәртібін белгілейді.
2 2-тарау. Мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау тәртібі
2 2. Мемлекеттік тапсырманың құны тікелей, жанама және үстеме шығыстардың сомалары негізге алына отырып келесі формула бойынша айқындалады:
Қ = ∑ТШ+ЖШ+ҮШ,
мұнда:
Қ – мемлекеттік тапсырманың құны;
ТШ – тікелей шығыстар;
ЖШ – жанама шығыстар;
ҮШ – үстеме шығыстар.
3 3. Мемлекеттік тапсырманың құнын есептеу кезінде штат кестесіне сәйкес лауазымдар бойынша мемлекеттік тапсырманы орындауға тікелей қатысатын барлық жұмыскерлердің жалақысы әрбір жұмыскер бойынша жеке көрсетіледі.
4 4. Тікелей шығыстарға мемлекеттік тапсырманы жүзеге асыратын жұмыскерлердің жалақысы жатады.
5 5. Жанама шығыстарға іссапар шығындары жатады.
6 6. Үстеме шығыстарға мыналар жатады:
1 1) материалдар мен жабдықтарды сатып алу;
2 2) көлік шығындары:
3 3) үй-жайды жалға алу;
4 4) жабдықтар мен техниканы жалға алу;
5 5) ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеу;
6 6) салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер;
7 7) негізгі құралдар мен материалдық емес активтерге қызмет көрсету және жөндеу;
8 8) негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациясы;
9
9) өзге де шығыстар (мемлекеттік тапсырманы жүргізу үшін тікелей қажетті ақпараттық қызметтер, коммуналдық қызметтер (электр энергиясы, жылыту, сумен жабдықтау және кәріз, қоқыс шығару), ғимаратты күтіп ұстауға және қызмет көрсетуге, байланыс және интернет қызметтеріне, банк қызметтеріне арналған шығыстар).