Об определении порядка и условий установления стимулирующих надбавок к должностным окладам сотрудников коммунального государственного учреждения «Уилский районный молодежный ресурсный центр» государственного учреждения «Отдел внутренней политики, культуры, развития языков и спорта Уилского района» финансируемого из местного бюджета
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении порядка и условий установления стимулирующих надбавок к должностным окладам сотрудников коммунального государственного учреждения «Уилский районный молодежный ресурсный центр» государственного учреждения «Отдел внутренней политики, культуры, развития языков и спорта Уилского района» финансируемого из местного бюджета
- Атауы (қаз.)
- Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Ойыл аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақыларын белгілеудің тәртібі мен шарттарын айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 89
- Қабылданған күні
- 17.06.2025
- Көрсетілген редакция
- 17.06.2025 211374_762266.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.06.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25CK00089A
- ЭКБ идентификаторы
- 211374
- Редакция идентификаторы
- 211374_762266
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 03:52
0
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Ойыл аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақыларын белгілеудің тәртібі мен шарттарын айқындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабы 2 тармағына, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5 тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Ойыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, «Ойыл аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлық ақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттары айқындалсын.
2 2. «Ойыл аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ойыл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
5 Ойыл ауданы әкімдігінің
2025 жылғы «17» маусымдағы
№ 89 қаулысына қосымша
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Ойыл аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақыларын белгілеудің тәртібі мен шарттары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы «Ойыл аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстеме ақылар белгілеудің тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебіне нұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының 5 тармағының 3) тармақшасының негізінде әзірленді және «Ойыл аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттарын айқындайды.
2 2. Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 1 бабы 1 тармағының 37) тармақшасына сәйкес жалақы – қызметкердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасы мен жағдайларына, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдерге байланысты еңбегі үшін сыйақы.
3 3. Мемлекеттік басқару органы – жарғыға сәйкес коммуналдық мемлекеттік мекеменің уәкілетті органы болып табылатын тиісті саладағы мемлекеттік мекеме.
4 4. Бюджеттік ұйым қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстеме ақылар төлеуге арналған бюджет қаражаты мемлекеттік ұйымды қаржыландыру жоспарында әрбір қаржы жылында көзделуге тиіс.
2 2-тарау. Қызметкерлердің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстеме ақылар белгілеу шарттары
5 5. Ынталандырушы үстеме ақылар персоналды ынталандыру және білікті кадрлар құрамын сақтау мақсатында белгіленетін төлемдер болып табылады.
6
6. Осы қаулыда көрсетілген бюджеттік ұйым қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстеме ақылар Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу жүйесі туралы" қаулысында көзделген материалдық көмектің және ынталандырушы төлемдердің бұрыннан бар түрлеріне қосымша төлемдер болып табылады.
7
7. Бюджеттік ұйым қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстеме ақылар төлеу қызметкерлердің еңбегін ынталандырудың өзгетүрлерін (лауазымдарды қоса атқарғаны үшін сыйлықақылар, қосымшаақылар, үстемеақылар, қамту аймағын кеңейткені үшін, үстемеақылар және т. б.) төлеуді тоқтату үшін негіз болып табылмайды.