Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута

Өзге акт · № 5 · қабылданған 20.06.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-211415/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута Қолданыста Өзге акт ·№ 5 ·20.06.2025
20.06.2025 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.06.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута

Қолданыста Өзге акт ·№ 5 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута
Атауы (қаз.)
Қоғамдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
5
Қабылданған күні
20.06.2025
Көрсетілген редакция
20.06.2025 211415_763226.kaz
Соңғы өзгеріс
20.06.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25NRE0005B
ЭКБ идентификаторы
211415
Редакция идентификаторы
211415_763226
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 03:48

0 Қоғамдық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабының, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 8 мамырдағы № 87 бұйрығына сәйкес, Калинин ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына «Қостанай облысы, 2024 жылы В2G сегменті үшін ТОБЖ салу» жобасы бойынша талшықты-оптикалық байланыс желілерін және телефон канализациясын орнату және пайдалану үшін Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы, Калинин ауылдық округі, Юбилейное ауылы, Рудненская көшесінің бойында орналасқан Юбилейное ауылының, жалпы ауданы 0,0629 гектар жер учаскесіне 10 жылға мерзімімен шектеулі нысаналы жер пайдалану құқығы (қоғамдық сервитут) белгіленсін.

2 2. «Калинин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1

1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның көшірмесін электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша басқармасы «Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтының» филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді қамтамасыз етсін.

2 2) осы шешімді Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жарияланғаннан кейін «Калинин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы