Об установлении публичного сервитута
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута
- Атауы (қаз.)
- Қоғамдық сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 4
- Қабылданған күні
- 20.06.2025
- Көрсетілген редакция
- 20.06.2025 211416_763228.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.06.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25NRE0004B
- ЭКБ идентификаторы
- 211416
- Редакция идентификаторы
- 211416_763228
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 03:48
0 Қоғамдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабының, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 8 мамырдағы № 86 бұйрығына сәйкес, Калинин ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына «Қостанай облысы, 2024 жылы В2G сегменті үшін ТОБЖ салу» жобасы бойынша талшықты-оптикалық байланыс желілерін және телефон канализациясын орнату және пайдалану үшін Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы, Калинин ауылдық округі, Береговое ауылы, Первомайская көшесі, Дорожная көшесі шекараларында орналасқан 0,1001 гектар, оның ішінде 12-189-035-988 0,0156 гектар жер, 12-189-035-985 көлемі 0,0008 гектар, Береговое ауылының жалпы ауданы 0,0837 гектар жер учаскесіне 10 жылға мерзімімен шектеулі нысаналы жер пайдалану құқығы (қоғамдық сервитут) белгіленсін.
2 2. «Калинин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1
1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның көшірмесін электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша басқармасы «Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтының» филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді қамтамасыз етсін.