Об утверждении Правил установления стоимости государственного задания в области промышленности и строительства
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил установления стоимости государственного задания в области промышленности и строительства
- Атауы (қаз.)
- Өнеркәсіп және құрылыс саласындағы мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 209
- Қабылданған күні
- 13.06.2025
- Көрсетілген редакция
- 13.06.2025 211418_762297.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.06.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25IS000209
- ЭКБ идентификаторы
- 211418
- Редакция идентификаторы
- 211418_762297
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 03:55
0 Өнеркәсіп және құрылыс саласындағы мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 16-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Өнеркәсіп және құрылыс саласындағы мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу қағидалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Қаржы және корпоративтік басқару департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1
1) осы бұйрық қабылданған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялауды және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
1 Өнеркәсіп және құрылыс саласындағы мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және
құрылыс министрінің
міндетін атқарушының
2025 жылғы « » маусымдағы
№ бұйрығымен
бекітілген
Өнеркәсіп және құрылыс саласындағы мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1 1. Осы Өнеркәсіп және құрылыс саласындағы мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 16-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және өнеркәсіп және құрылыс саласындағы мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу тәртібін анықтайды.
2 2-тарау. Мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу тәртібі
2 2. Мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу кезінде орындаушының осы Қағиданың 7 тармағында көрсетілген негіздейтін құжаттармен расталған тікелей және жанама шығыстары ескеріледі.
3 3. Орындаушының тікелей шығыстарына орындалатын мемлекеттік тапсырмамен тікелей байланысты шығыстар жатады.
Жанама шығыстарға орындаушының тұтастай қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті, бірақ мемлекеттік тапсырма орындау процесінде тікелей қолданылмайтын шығыстар жатады.
4 4. Мемлекеттік тапсырма құны мынадай формула бойынша айқындалады:
Қ = Шт + Шж
мұнда,
Қ – мемлекеттік тапсырманың құны;
Ш т – тікелей шығыстар;
Ш ж – жанама шығыстар.