Қолданыстағы ред. 29.07.2004 (Редакция 21142_348411.kaz)

Жаңаарқа ауданының аумағында абаттандыру, санитарлық тазалау, тазалықты сақтау және көгалдандыруды ұйымдастырудың қағидасын бекіту туралы от 29.07.2004 г. № 9/77 (Жаңаарқа ауданының аумағында абаттандыру, санитарлық тазалау, тазалықты сақтау және көгалдандыруды ұйымдастырудың қағидасын бекіту туралы)

0

Жаңаарқа ауданының аумағында абаттандыру, санитарлық тазалау, тазалықты сақтау және көгалдандыруды ұйымдастырудың қағидасын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Занының 6, 41 баптарына және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 3, 300, 311, 387 баптарына сәйкес аудандық Мәслихат шешім етті:

1

1. Аудан аумағында абаттандыру, санитарлық тазалау мен тазалықты сақтау және көгалдандыру ұйымдастырудың қағидасы бекітілсін.

2

2. Аудан әкіміне аудан аумағындағы санитарлық жағдай мен абаттандыруды жақсартуға бағытталған нақтылы іс-шаралардың орындалуын ұйымдастыру мен оған бақылау жүйесін күшейту ұсынылсын.

3

3. Осы шешімнің орындалысына бақылау жасау халықты әлеуметтік қорғау және заңдылықты сақтау жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.

4. Аудан аумағында абаттандыру, санитарлық тазалау, тазалықты сақтау және көгалдандыруды ұйымдастырудың

2004 жылғы 30 шілдедегі
аудандық Мәслихаттың кезектен тыс 9-сессиясының
«Жаңаарқа ауданының аумағында абаттандыру,
санитарлық тазалау, тазалықты сақтау және
көгалдандыру ұйымдастырудың қағидасын
бекіту туралы» № 9/77 шешімімен бекітілген
№ 1 қосымша
Аудан аумағында абаттандыру, санитарлық тазалау,
тазалықты сақтау және көгалдандыруды ұйымдастырудың

1. 1. Жалпы ережелер.

1. Жалпы ережелер.

1

1. Бұл тәртіп заңды тұлғалар мен қатар: кәсіпорын, ұйым, меншік нысанына қарамастан қызмет көрсетушілерге, сол сияқты тұлғаларға қатысты.

2

2. Санитарлық тазалау мен ауданның поселке, селолары аумағында тазарту жүйесі елді мекендер көшелеріндегі шаруашылық-тұрмыстық қалдықтардың ретті жинақталуын, тасылып алынуын, сонымен қатар жалпы тұтынатын жерлер күтіліп ұсталуын және үй иеліктерін қамтиды.

3

3. Поселке және село аумақтарында тиісті санитарлық жағдайды қамтамасыз ету, тазалау жұмыстары ұйымдастыру, тұрмыстық қалдықтары алу, біріңғай түрде орталықтандырылған жүйеге, белгіленген тарифтер және басқадай нормативтік материалдарға негізделері.

4

4. Елді мекендердегі қатты қалдықтарды арнайы белгіленген орындарға жеткізумен техникалары мен халыққа, кәсіпорын мен ұйымдарға қызмет көрсету мүмкіндіктері бар мамандандырылған кәсіпорындар мен мекемелер жүзеге асырады. Қалдықтарды белгіленген жерлерден тыс жерлерге төгуге тыйым салынады.

5

5. Жергілікті атқарушы органдар мен жер комитетінің шешімімен әрбір ұйымға, мекемеге белгіленген шекара аумағында тазалау мен тазалықты ұйымдастыру тапсырылады.
Үйлерге келетін жолдар мен аумақтағы алаңдарды тазалау пәтер иелерінің кооперативі пен үй иелеріне жүктеледі. Жанармаймен қамтамасыз ету стансалары маңынан 15 метр қашықтыққа дейінгі айналаны тазалау мен тазалықты сақтауды олардың иелері жүзеге асырады.
Дүңгіршіктер мен басқадай сату нүктелерінен 5 метр аумақты тазалау мен тазалықты сақтауды барлық меншік нысанындағы сауда ұйымдарының басшылары қамтамасыз етеді.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың аумағында құрылыс алаңдары мен қоймалардың басқадай нысанындағы кіретін жолдары аталмыш ұйымдардың өз күштерімен техникалары немесе келісім-шарт бойынша арнайы ұйымдар арқылы атқарылады.
Сонымен қатар базарлар, жәрмеңке өткізетін жерлер, автокөлік тұрақтары, ауылшаруашылығы алқаптары және басқалары тазалықтарын сақтау тиісті жер пайдаланушылардың жауапкершілігінде болады.

6

6. Егерде қатты тұрмыстық қалдықтар мен төгіндіні жекелеген азаматтар мен мекемелер өз күштерімен шығаратын болса, оған талондық жүйе бойынша бекітілген тариф негізінде белгіленген жерге апарылатын қалдықтың көлемі мен рейсі көрсетіліп, тиісті қаражат төленуі тиіс.

2. 2. Ортақтасып пайдаланатын жерлерді күтіп ұстау мен тазалау.

2. Ортақтасып пайдаланатын жерлерді күтіп ұстау мен тазалау.

7

7. Барлық алаң мен көшелерде, бақшалар және демалыс орындарында, вокзалда, базарлар мен қоғамдық автокөлік аялдамаларында, сол сияқты басқадай орындарда қоқыс қалдықтарын салатын жәшікшелер қойылуы қажет. Олардың ара қашықтығы коммуналдық шаруашылықтың белгілеуімен аумақтағы жүргіншілердің қол жүретін жерлеріне 40 метр кем емес, ал аз жүретін жерлерде 100 метрге орнатылады.
Жәшікшелер толуына қарай жүйелі түрде тазалануы тиіс. Оларды таза ұстау жауапкершілігі тазалықты жүзеге асыруға жауапты ұйымдар, кәсіпорындар мен мекемелерге жүктеледі.

8

8. Өз иеліктеріндегі үйлер мен сауда нүктелері мен кәсіпорындардың кіре беріс, шығатын жерлеріне жәшікшілер орнатылуы қажет. Жәшікшелер толуына қарай тазаланып, жылына 2 мәрте сырланып, ылғи да пайдалануға жарамды, көрікті күйінде ұсталуы тиіс.

9

9. Дүңгіршіктер мен ұсақ-түйектерді сату орындарында және дүкендер маңы мен аумағына қосалқы тауарларды үйіп қоюға тыйым салынады.

10

10. Автокөліктерді пайдалану мен жөндеу кездерінде балалар алаңына, аула аумақтарына және тұрмыстық қалдықтарды жинау мен шығаруға кедергі келтіретін жерлерге қоюға тыйым салынады. Автокөліктерді тек арнайы белгіленген орынға қоюға рұқсат етіледі.

11

11. Заңды және жеке тұлғалар өз иеліктеріндегі аумақта көкжелектерді сақтап, оған агротехникалық кешенді жұмыстар жүргізеді, ол үшін талдарды суарып, қурағандарын қиғызып, шірігендерін кесуін қамтамасыз етуі керек.

12

12. Тал жапырақтары түсетін мезгілде олардың уақытылы жиналуын, арнайы орындарға тасылуын сол аумаққа ие азаматтар мен мекемелер қамтамасыз етеді. Тұрғын үй аумақтарында, алаңдар мен демалыс орындарында жапырақтарды жағуға тыйым салынады.

3. 3. Өз алдына жеке аумақтары бар мекен-жайларды тазалау

3. Өз алдына жеке аумақтары бар мекен-жайларды тазалау
Өз алдына жеке аумақтары бар мекен-жайларда (базарлар, демалыс орындары, емдеу-сауықтыру мекемелері) құрылыс, санитарлық қондырғыларды қайта жасақтау, қалдықтарды жинау, автокөліктерді жуу, отындық ағаштар мен танаптарды сақтау осы мақсатқа бөлінген жерлерден басқа орындарға санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мекесімінің келісімінсіз жүзеге асырылмайды.

13

13. Базарлар:
Базар аумағы қатты қабатты болуы керек, еріген қар сулары, жауған жаңбырлар ағып кететін суағарлармен жабдықталуға тиісті.
Базарлардың тұрғын үйлерден 50 метр өз алдына жеке санитарлық аумағы болатындай қашықтықта құрылыс ережесіне және басқадай нормативті құжаттар талабына сай тұрғызылуы қажет.

14

14. Базар аумағында су жүйесі мен канализация болуы шарт.

15

15. Канализациясы жоқ базарлардағы қоғамдық жинақтауыштары бар дәретханалар сауда орындарынан 50 метр қашықтыққа орнатылады және олар 50 сауда орнына 1 нүктеден келуі тиіс.

16

16. Шаруашылық алаңдары сауда орындарынан 30 метр қашықтықта болуы керек.

17

17. Базар алаңдарына қоятын қалдық жинақтайтын жәшіктерді анықтаған кезде әрбір 50 шаршы метр алаңға 1 жәшіктен орнатылуы және олардың арасы сауда орындары тізбесі ұзындығына қарай 10 метр аспауын ескерген абзал. 100 литр дейінгі қалдық жинағыштарды қою кезінде әрбір 200 шаршы метр базар алаңына 1 қалдық жинағыштан және олардың арасы сауда орындары тізбесі ұзындығына қарай 20 метр аспағаны дұрыс. Тамақ қалдықтарын жинауға арнайы жинағыштар орнатылуы қажет.

18

18. Әрбір жетінің бір күні базар аумағын, негізгі, қосалқы мекен-жайларды, сауда орындарын, столдар мен қажетті мүліктерді дәрілеу мен тазалауға белгіленуге тиісті.

19

19. Базардың техникалық жұмыскерлері базар тарағаннан кейін оның аумағын тазалауды жүзеге асырады. Күндізгі уақытта тазалықты сақтап, толыл кеткен жинағыштарды тазалап отырады.

20

20. Қалдық жинағыштарды қоятын шаруашылық орындар халықтың көп жиналатын, дем алатын аумақтан 50 метр қашықтыққа орнатылады.

21

21. Демалыс орындарына жәшіктерді орнатқан кезде әрбір 800 шаршы метр алаңға бір жәшіктен келетіндігі ескерледі. Аллеяларда олардың арасы 10 метр болуы керек. Әрбір дүңгіршіктерде, сауда нүктелерінде сыйымдылығы 10 литр жәшікшелер орнатылуы тиіс.

22

22. Шаруашылық алаңдарына қалдық жинақтайтындарды қойған кезде қалдықтардың орташа жинақтау мерзімділігі 3 күн екендігі ескерілуі шарт.

23

23. Қоғамдық әжітханалар халық демалатын орындардан 50 метр қашықтықта орнатылып, 500 келушіге 1 орыннан келетіні ескерлуі тиісті.

24

24. Демалыс орындарында негізгі жинау жұмыстары олар жабылғаннан кейін жүргізіледі. Күндізгі уақытта қалдықтар мен түскен жапырақтарды жинап, тазалықты сақтап, көк желектерді суарумен шұғылданады.

4. 4. Жүретін жерлерді тазалау мен ұстау

4. Жүретін жерлерді тазалау мен ұстау

25

25. Жүретін жерлерді тазалау жергілікті аткарушы орғанның шешімімен әрбір мекемелерге жүктеледі.

5. 5. Жазғы тазалау

5. Жазғы тазалау

26

26. Жүретін жерлерді қысқы тазалау 15 қарашадан 15 сәуірге дейін жүргізіледі. Табиғаттың тосын құбылыстарынан немесе қозғалысты жүйелі түрде қамтамасыз ету үшін қарды тазалау және көктайғақты болдырмау шаралары тез арада жүзеге асырылады.

27

27. Көшелер мен алаңдарда механикаландырылған жуу, су себу және сыпыру жоспарлы түрде жүргізіледі.

28

28. Жол табандарын жуған кезде жинақталған қалдықтардың су арқылы жасыл желектер мен тротуарларды ластамағаны абзал.

29

29. Көшелердегі жүретін жерлерді тазалағанда ауаны шандатпай және жан-жақты тастамай мүқият істеу керек.

30

30. Көк желектерді су жүйелерінен суару санитарлық эпидемиологиялық қадағалау мекемесінің келісімімен жүргізіледі.

5. 5. Қысқы тазалау

5. Қысқы тазалау

31

31. Жүретін жерлерді кысқы тазалау 15 қарашадан 15 сәуірге дейін жүргізіледі. Табиғаттың тосын құбылыстарынан немесе қозғалысты жүйелі түрде қамтамасыз ету үшін қарды тазалау жәңе көк тайғақты болдырмау шаралары тез арада жүзеге асырылады. Сондықтан да арнайы автокөліктер әрқашанда жүруге дайындық сапында болуы тиісті.

32

32. Көктайғақта бірінші кезекте төмен түсетін, жоғары көтерілетін жол айырықтары, қоғамдық автокөлік аялдамалары, жүргіншілер өтетін жерлердегі тротуарлаға құм себілуі міндетті.

33

33. Жолдардағы қарды жинау мен сыпыру қар қалыңдығының 4-5 сантиметр аспайтын шекте, қар түскен уақыттан бастап 4 сағаттан қалдырмай жүргізіледі. Қар жауа беретін жағдайда осындай аралықты сақтай отырып жүргізіледі.

34

34. Жинақталған қарды арнайы бөлінген қарды тасу орындарына апарып түсіреді. Қарды басқа жерлерге түсіруге тыйым салынады.

35

35. Үй төбелерінің қарын тазалау мен шатыр өрнеулеріндегі мұз салбырандыларын алып тастауға қауіпсіздікті сақтай отырып жүргізуге үй мекеме иелері міндетті.
Қарды тазалау мынандай уақытта жүргізіледі:

1

1) қардың қалыңдығы 6 сантиметр кем емес болған жағдайларда, ал басқа уақыттарда 4 тәулікке жеткізбей тазаланады.

7. 7. Аумақтағы аулаларды, үйаралық жүретін жерлерді, тротуарларды тазалау мен ұстау

7. Аумақтағы аулаларды, үйаралық жүретін жерлерді,
тротуарларды тазалау мен ұстау

36

36. Жазғы тазалау.
Аумақтағы аулаларды, үйаралық жүретін жерлерді, тротуарларды жазғы тазалауда оларды 1-2 күнде сыпырып отыру қажет.
Тротуарларды тазалау кезінде аса сақ болып, ғимаратгардың төменгі жақтарын ластамау қажет.

37

37. Аумақтағы аулаларды, үйаралық жерлерді, тротуарларды жазғы тазалаудың технологиясы мен ұйымдастырылуы жүретін жазғы тазалаудан айырмашылығы жоқ, сондықтан сол тұрғыда ұйымдастырылады.

38

38. Қысқы тазалау.
Тротуарларды тазалау қар түскен кезден 1 сағаттан кейін басталып, таңертеңгі, күндізгі және кешкі уақыттарда жүргізіледі.

39

39. Тротуарлардағы қарларды көшелерде жинақталған қар үйінділеріне қосады. Үйдің төбелеріндегі қарларды түсіруді жүретін жерлердегі қарларды жинауға дейін бітіру керек.
Ластанған қар қалдықтарын, мүздықтарды көкжелек алаңдарына жинақтауға, тасуға тиым салынады.
Үйлер аралығындағы жүретін жерлер мен тротуарларды тазалау арнайы пайдалану ұйымдары, аумақтағы алаңдарды және үйлерге келетін жолдарды тазалау пәтер иелері кооперативтері арқылы жүргізіледі.

8. 8. Иеліктегі үйлер маңын тазалау мен ұстау

8. Иеліктегі үйлер маңын тазалау мен ұстау

40

40. Иеліктегі үйлердің маңындағы тұрмыстық қалдықтарды тазалау, ведомствалық бағыныштылығына және меншік нысанына қарамастан уақытылы, келісім-шарт негізінде арнайы автокөліктермен іске асырылуы тиіс.

41

41. Иеліктегі үйлердің аумағына автокөлік келе алатын мүмкіндігі ескеріліп, контейнер қоятын жерлер арнайы бөлінуі тиіс. Алаңдар ашық, су өтпейтін қатты табанды және көкжелектермен қоршаулары керек.

42

42. Орнатылған қалдық жинағыштар саны, сол жерлердегі қалдық жинағыштарды пайдаланатын тұрғындар санына, қалдықтардың жинақталуына, олардың сақталу уақытына қарай белгіленеді. Қалдық жинағыштар нақтылы қалдықтардың қандай да бір жиналатын мерзіміне байланысты қойылады.

43

43. Әрбір тұрғын мамандандырылған қатты қалдық таситын ұйыммен кесте бойынша қалдықтарды алу үшін келісім-шартқа отырып, белгіленген тариф бойынша ай сайын төлемақысын төлеуге міндетті. Тұрғын үй иелері келісім-шарт бойынша қатты қалдықтарды тасу үшін төлемақы төлеген болса, қатты қалдықтарды уақытылы алып тұруға мамандандырылған мекеме міндетті.

9. 9. Тұрмыстық қалдықтарды жинау

9. Тұрмыстық қалдықтарды жинау

44

44. Тұрғын үйлердің тұрмыстық қалдықтарын жинау үшін арнайы метал жинақтағыштар пайдаланылады. Канализациясы жоқ тұрғын үй иелеріне ағаштан немесе металдан жасалған жинақтағыштарды пайдалануға болды.

45

45. Жинақтағыштарды орнататын алаңдар тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттардан, спорт алаңдарынан және халық дем алатын жерлерден кем дегенде 20 метр, әрі кеткенде 100 метр жерде орнатылуы қажет. Жинақтағыштарды қоятын алаңдар көлемі қажеттігіне қарай 5 қалдық жинағыштан аспауы керек. Жинақтағыштар мен алаң ернеуінің арасы 1,0 метр болғаны жөн.
Тұрғын үйлер аумақтарында қалдықтардың уақытша орнын белгілеу аудандық архитектура бөлімі мен аудандық санитарлық эпидемиологиялық мекемерінің келісімімен анықталады.

46

46. Металл қалдық жинағыштарды жаз айларында жуып, ағаш қалдық жинағыштарды дәрілеп отыру қажет.

10. 10. Сұйық қалдықтарды жинау

10. Сұйық қалдықтарды жинау

47

47. Аулалардағы канализациялық және қоғамдық әжетханалар тұрғын үйлерден және қоғамдық ғимараттардан, балалар ойнайтын алаңдар мен халық дем алатын жерлерден 20 метрден 100 метрге дейінгі қашықтықта болуы міндетті.

48

48. Аулалардағы әжетханаларда жер қақпағы бетіне шығып тұрғын ас машинемен сорылатын бөлігі мен су бармайтын жер асты жинақтау орыны болуы керек. Оның тереңдегі жер асты суларына байланысты 3 метр тереңдіктен артық болмауы тиіс. Сонымен қатар үстіңгі жер қабатынан 0,35 метр төменнен артық толуына жол берілмейді.
Жинақтау орыны толуына байланысты жарты жыл сайын бір рет тазартылып турылуы керек.

49

49. Аула алаңындағы әжетханалар тазалықта сақталуы тиіс. Оларды жинау күнделікті жүзеге асырылады. Және де аптасына бір рет дәрілеу жүргізіліп, сумен жуылуы міндетті.

11. 11. Тамақ қалдықтарын жинау

11. Тамақ қалдықтарын жинау

50

50. Тамақ қалдықтарын жинау, сақтау мен тасу коммуналдық шаруашылық бекіткен тамақ қалдықтарын жинау мен тасу туралы нұсқаулықтарға сәйкес, санэпидстанция органдарының келісімімен жүргізіледі.

51

51. Тамақ қалдықтарын арнайы іші мен сырты сырланған ауызы жабылатын ыдыстарға жинауға рұқсат етіледі.

52

52. Тамақ қалдықтарын жинақтайтын ыдыстарды басқа мақсаттарға пайдалануға тиым салынады. Жинақтағыштарды кір жуатын ұнтақтарды пайдаланып сумен күнде жуып отыру және де оларды дәрілеп отыру қажет.

53

53. Тұрғын үйлердегі тамақ қалдықтарын жинағыштарды жергілікті санэпидстанция мекемелері келісімімен белгіленген орындарға қою керек.

54

54. Тамақ қалдықтарын уақытша сақтау олардың бұзылуына байланысты және тұрғындар денсаулығына әсер етпейтіндей жағдайда бір тәуліктен қалдырмай тасылуы тиіс.

55

55. Тамақ қалдықтарын бағыныштылығы және меншік нысандарына қарамастан сауда мен қоғамдық тамақтандыру орындарында сақтау тек қана суықтандырылған мекен-жайларда ғана жүзеге асырылады.

12. 12. Елді мекендер аумағында кішігірім архитектуралық нысандарды құрудың және оларды ұстау

12. Елді мекендер аумағында кішігірім архитектуралық
нысандарды құрудың және оларды ұстау

56

56. Сәулеттендірудің құрамдас бөлігі ретінде ғимараттардың алдыңғы бетінің безендірілуі аумақтағы құрылыс жүргізудің белгіленген тәртібі мен ережелеріне сәйкес орындалады.

57

57. Құрылыс жүргізу мен қоршаулар, дүңгіршіктер орнату тек қана жауапты органдармен келісілгеннен кейін ғана іске асырылады.
Барлық орнатылған кішігірім архитектуралық нысандар өз қалпында сақталып, жылына бір рет сырлануы тиіс.

58

58. Көшелердің жарық шамдары, жарық жарнамалары мен ілінген жарқырауықтар, кіре беріс маңдайшадағы жарықтар қараңғы түсісімен жануы қажет.

59

59. Тұрғын үй, қызметтік, өндірістік және басқадай ғимараттардың иелері үйлердің сандық және көше атауларын дұрыс күйінде көрсетіп, орындаулары міндетті.

13. 13. Инженерлік құрылым мен коммуникацияларды тазалау мен ұстау

13. Инженерлік құрылым мен коммуникацияларды тазалау мен ұстау

60

60. Қарауында жер асты канализациясы бар және басқадай инженерлік құрылымдардың иелері құдықтардың жол табанымен бірдей деңгейде болуына және де дұрыс күйінде сақталуын қарап отыруға міндетті.

61

61. Құрылыс және жер асты коммуникациялары жобасын жасаған кезде жобалау ұйымдары құрылыс алаңдарындағы ағаштар мен желектерді сақтап қалу жұмысын ұйымдастырудың тәртібін белгілеуге міндетті.

62

62. Белгілі бір ғимаратты алып тастаудың алдында немесе құрылыс саларда құрылыс алаңдары белгіленген үлгі бойынша арнайы қоршаулармен қоршалуы қажет.

63

63. Автокөлік иелері мен жеке автокөліктердің жүргізушілері автокөліктерін тазалықта ұстауға міндетті. Былғанған автокөліктердің қозғалысына тыйым салынады. Көшелерді ластамауға жол бермеу үшін сырғымалы немесе басқадай шалылуы мүкін заттар автокөлікпен тасылғанда мұқият жабылуы тиісті.

14. 14. Елді мекендердің аумақтарын санитарлық жағдайда ұстауға байланысты өкілетті қызмет пен органдардың міндеттері

14. Елді мекендердің аумақтарын санитарлық жағдайда ұстауға
байланысты өкілетті қызмет пен органдардың міндеттері

64

64. Қазақстан Республикасының денсаулықты сақтау жөніндегі заңдылықтардың негізіне сәйкес көшелердің, аулалар мен поселке және село аумақтарында, қоғамдық пайдалану орындары мен жазғы-қысқы жайларда санитарлық тәртіпті сақтау мен ұстауды полиция органдары мен санитарлық қадағалау органдары жүзеге асырады.

65

65. Жергілікті атқарушы органдар мыналарды бекітеді:

1

1) көшелердің, алаңдардың және адамдар жүретін жерлердің жинауға жататындығын анықтайтын тізбе жасап оларды жылдың жазғы және қысқы маусымдарында жинаудың кезектілігін анықтау;

2

2) қатты қалдықтардың жыл ішінде бір адамға шаққандағы нормасын белгілеу;

3

3) меншік нысанына қарамастан кәсіпорын, мекемелер мен ұйымдар жинайтын жерлерді белгілеу;

4

4) қоршаған ортаны ластанудан сақтау мен табиғат байлығын қорғаудың іс-шараларын жасау;

5

5) бау-бақшалар, алаңдар мен демалыс орындары, жүргіншілер өтетін жерлер, қызметгік-техникалық ғимараттар және көрермен орындарына, санитарлық жағдайына жауапты ұйымдарды белгілеу.

66

66. Ғимарттарды пайдаланып отырған мекемелер, кәсіпорындар мен мекемелердің тұрғын үй бөлімдері, үй басқармалары, үй иелері және пәтер иелерінің кооперативтері мыналарды атқарады:

1

1) өздерінде тиесілі алаңдар мен жүретін жерлерді уақытында тазалап отыру;

2

2) тұрмыстық қатты қалдықтарды алуға арнайы қызмет көрсететін мекемелермен уақытылы келісім-шарттар жасайды және қызмет ақысын уақытылы төлеп отырады;

3

3) халық арасында санитарлық тәртіпті сақтау тұрғысында іс-шаралардың орындалуы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;

4

4) су өтпейтін қатты қабатты қалдық жинағыштарына алаңдар жасау;

5

5) тамақ қалдықтарын жинау үшін жинағыштар және құралдармен қамтамасыз ету;

6

6) қалдық жинайтын орындардағы жинағыштарды уақытылы жуып, дәрілеп отыруға байланысты шаралар қолдану.

67

67. Тазалауға байланысты кәсіпорындар:

1

1) келісім-шартқа сәйкес қатты және сұйық тұрмыстық қалдықтарды үйлер, ұйымдар, мекеме және кәсіпорын аумақтарынан уақытылы тасуды қамтамасыз етеді;

2

2) қалдықтарды таситын көліктердің қозғалыс маршрутының кестесін белгілейді;

3

3) пайдалану жағдайының өзгеруіне байланысты кестеге өзгерістер енгізеді;

4

4) бекітілген кестенің міндетті түрде сақталуын қамтамасыз етеді;

5

5) құрылыс аумағында жеке меншік иелеріне жататын тұрмыстық қалдықтарды апта ішінде 2 рет жоспарлы, жүйелі түрде шығарып отырады.

68

68. Санитарлық эпидемиологиялық қадағалау мекемесі қызметі мамандары мынандай мәселелерді атқарады:

1

1) елді мекендердегі санитарлық тазалықты ұйымдастыру бойынша жергілікті орган шешімдерінің жобаларын дайындауға қатысады;

2

2) поселке, селоларды санитарлық тазалаудың схемаларын, тұрмыстық және өндірістік қатты қалдықтарды төгетін орынды белгілеу мен орналастыру жобаларын қарап, келіседі;

3

3) елді мекендердегі тұрғындардың санитарлық жағдайда байланысты аурушаңдығын сараптап отырады;

4

4) тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық басшыларына эпидемиологиялық жағдайларға байланысты аумақты тазалау мен жинауды ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар береді;

5

5) тұрғын үй, кәсіпорын мамандарымен жылына бір рет, мүмкіндік болса одан да көп, эпидемиологиялық жағдайларға байланысты қалдықтарды жинау мен тасудың жүйесін ұйымдастыру туралы санитарлық сабақтар, нұсқаулықтар өткізеді;

6

6) белгіленген жоспарға сәйкес, қоғамдық санитарлық инспекторлардың Кеңесін құрады, олардың оқуын жүргізіп, жұмысына басшылық жасайды.

69

69. Ішкі істер бөлімінің учаскелік инспекторлардың міндеті:

1

1) өздеріне бекітілген аумақты санитарлық жағдайда тұрақты сақтау;

2

2) санитарлық тәртіпті бұзатындарды анықтап, белгіленген тәртіппен материалдарды, тиісті орындарға беру;

3

3) кәсіпорындар мен ұйымдарға меншік нысанына қарамастан және тұрғындарға өз беттерінше қалдықтарды төгіп, оларды жағуға қатаң тиым салу.

70

70. Поселке, селолар аумағында жоспарлы-уақытылы жинауды жүзеге асырған кезде мынандай нормативтік құжаттар басшылыққа алынады:

1

1) қатты тұрмыстық қалдықтардың алаңын пайдалану және жобалау туралы нұсқаулықтар;

2

2) елді мекендергі аумақты жинаудың технологиясы мен ұйымдастыру туралы нұсқаулықтар;

3

3) тамақ қалдықтарын жинау тәртібі туралы ветсанитарлық ережелер.

71

71. Осы қағиданы бұзған заңды және тұлғалар Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі белгіленген 3, 300, 310, 311, 387 бабтарында көрсетілген тәртіппен және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік санитарлық қызметі туралы» Ережелерге сәйкес жауапқа тартылады.
Осы қағидамен тыйым салынатын іс- қимылдар:

1

1) тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін санэпидстанция келісімісіз алаңдар орнату;

2

2) белгіленген тәртіппен келісілген келісілген тұрмыстық және тамақ қалдықтарын тасу кестесін бұзу;

3

3) көшелерде, тротуарларда, үйлердің алдыңғы, көше жағына құрылыс материалдарын, ағаш, көмір, шөп, сабан, улы химикаттар, металл сынықтарын, минералдық тыңайтқыштарды және басқадай заттарды жинап, сақтау;

4

4) көше жолдары мен жүргіншілер жүретін бөлігін, су қоймаларынан, жасыл желектер аумағы мен құрылыстардан бос аймақтарды және де жалпы пайдаланатын орындарды, тұрмыстық қалдықтармен ластау;

5

5) су алатын құбырлар мен құдықтар маңында автокөліктерді және кірлерді жуу, малдарды санитарлық аймақтағы өзендер, су қоймаларына тоғыту;

6

6) жолдардың жүретін бөлігі мен тротуарлардағы канализация, су жүйелерін, суағарлар мен басқадай құдықтарды қоршаусыз ашық тастау;

7

7) көшелер, бау-бақшалар, демалатын орындар мен саябақтар, мектептердің жаны мең көпшілік тұтынатын жерлерге мал бағу мен айдау;

8

8) белгіленбеген жерде иттерді қыдырту мен олар жүрген жерлерді ластау;

9

9) қатты табанды көшелерде шынжыртабанды тракторларды жүргізу;

10

10) көпшілік тұтынатын жерлердегі жасыл алқаптарда көкөністер мен басқадай ауылшаруашылық өнімдерін егу;

11

11) сұйық және де қозғалмалы жүктерді арнайы автокөліктерден басқа көлікпен тасу;

12

12) пайдаланудағы құрылымдарға нұқсан келтіруге, жол және жерге байланысты шаруашылық жұмыстарын жүргізгенде жасыл желектерге, су құбырлары мен канализациялардағы апатты жағдайларды жөндегенде көшелер мен тротуарларға, жүргіншілер жүретін жерлерге су ағындыларына жол беруге;

72

72. Жасыл желек аумағында төмендегілерге тиым салынады:

1

1) автокөліктер, мотоциклдер мен велосипедтер және басқадай автокөлік құралдарымен жасыл алқаптар мен тротураларда жүруге;

2

2) жасыл алқаптар мен екпе қоршаулардың маңына автокөліктерді тоқтатуға;

3

3) алау жағуға және басқа да өртке қарсы тәртіпті бұзуға;

4

4) ағаштарға электр сымдарын бекітуге, алтыбақан орнатуға;

5

5) ағаш бұтақтарын белгілі агрономиялық, қию тәртібін сақтамай кесуге;

6

6) ағаштар мен екпе бұтақ ағаштарды өз беттерімен кесуге;

7

7) қоршауларды өз беттерімен өзгертуге.

15. 15. Сырткы (көрнекі) жарнамаларды орналастыру

15. Сырткы (көрнекі) жарнамаларды орналастыру

73

73. Сырткы (көрнекі) жарнама нысандарының мәтіні міндетті түрде қазақ (мемлекеттік) және орыс тілінде жазылуы тиіс.
Көрнекі акпаратың барлық мәтіндері мынандай ретпен орналастырылады: сол жағына немесе жоғары жағына мемлекеттік тілде, оң жағында немесе төменгі жағында орыс тілінде, бірдей өлшемдегі әріптермен жазылады.

74

74. Сыртқы (көрнекі) жарнама нысандарын орналартыру көлік қозғалысы қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау жағдайларын және қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актілері мен стандарттық талаптарды сақтау жағдайында жергілікті ортаның эстетикалық, сәулет, көркемдік сапалары есепке алынып, жүзеге асырылды.

75

75. Сыртқы (көрнекі) жарнама азаматтарды зорлыққа, басқыншылыққа, дұрбелең салуға итермелеуге жол бермеуі керек, сондай-ақ жеке тұлғалардың денсаулығына зиян келтіретін және олардың қауіпсіздігіне қауіптөндіретін әрекеттерге түрткі болмауы тиіс.

76

76. Сыртқы (көрнекі) жарнама нәсіл, жеке тұлгалардың кәсіптік немесе әлеуметтік санатына, жасының үлкен - кішілігіне нсмесе жынысына бөлу, тіл, діни, саясат және өзге де сенімдері жайында тіл тигізу, салыстыру, бейнелеу жолымен адамгершілік пен ізгіліктің қоғамдық нормаларын бұзатын мәтіндік ақпаратын таратпауы керек.

77

77. Сырткы (көрнекі) жарнама табиғат қорғау заңдарын бұзатын әрекеттерге апармауы керек.

78

78. Сырткы (көрнекі) жарнама дуние жүзілік немесе ұлттық мәдениеттің игілігіне айналған өнер объектілеріне, мемлекеттік рәміздеріне (Елтаңба, Ту, Әнұран), ұлттық және шетел валютасына, діни рәміздеріне және тауарларға нұқсан келтірмеуі керек.

79

79. Тарихи, мәдени және сәулет құндылығы бар ескерткіштерге, ескерткіш тұғырларға жарнамалық және құлақтандырылуларды, үгіт және басқа да материалдарды орналастыруға, ілуге жол берілмеу керек.

80

80. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы жеке меншік иелігіндегі жер аумағында тек қана тиісті жеке меншік обьектісі иесінің рұқсатымен ғана орналыстырылады.

81

81. Сырткы (көрнекі) жарнама жалпы кент, ауыл - село көшелерінің эстетикалық түрін бүлдірмеуге тиісті, ол үшін олар арнайы жабдықталған жарнамалар ілінетін жерлерден басқа жерлерге ілінбеуі тиіс.