Об установлении публичного сервитута
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута
- Атауы (қаз.)
- Қоғамдық сервитутын орнату туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 5-р
- Қабылданған күні
- 20.06.2025
- Көрсетілген редакция
- 20.06.2025 211436_763246.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.06.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25NRA0005B
- ЭКБ идентификаторы
- 211436
- Редакция идентификаторы
- 211436_763246
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 03:47
0 Қоғамдық сервитутын орнату туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабы 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылы 08 мамырдағы № 84 бұйрығына сәйкес Әйет ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1
1. «2024 жылы Қостанай облысы, B2G сегменті үшін талшықты-оптикалық байланыс желілерінің құрылысы» объектісі бойынша талшықты-оптикалық байланыс желілері мен телефон арналарын орнату және пайдалану үшін «Қазақтелеком» акционерлiк қоғамына бөлінбейтін жер учаскесiне 10 жыл мерзiмге, жалпы алаңы 0,0033 га, жағдайлық схема бойынша Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы, Әйет ауылдық округі, Әйет ауылы, Тәуелсіздік көшесінің бойы мекенжайда орналасқан шектеулі нысаналы жер пайдалану (қоғамдық сервитут) құқығы берілсін.
2 2. «Әйет ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1
1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның көшірмесін электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша басқармасы «Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтының» филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді қамтамасыз етсін.