Об утверждении Правил по техническому освидетельствованию водных объектов (акваторий), прилегающих к базам-стоянкам для маломерных судов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил по техническому освидетельствованию водных объектов (акваторий), прилегающих к базам-стоянкам для маломерных судов
- Атауы (қаз.)
- Шағын өлшемді кемелер үшін база-тұрақтардың маңайындағы су объектілерін (акваторияларды) техникалық куәландыру бойынша ережелерді бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 204
- Қабылданған күні
- 16.09.1998
- Көрсетілген редакция
- 12.12.2000 AI2116_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.12.2000
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V980000669_
- ЭКБ идентификаторы
- 2116
- Редакция идентификаторы
- AI2116_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:32
0 Шағын өлшемді кемелер үшін база-тұрақтардың маңайындағы су объектілерін (акваторияларды) техникалық куәландыру бойынша ережелерді бекіту туралы
Шағын өлшемдi кемелердiң су объектiлерiн тиiмдi пайдалануын қамтамасыз ету, су объектiлерiн қорғаудың ұйымдастырылуын бақылау және Қазақстан Республикасының су қоймаларында кеме иелерiмен кемелер үшiн база-тұрақтарда арналар мен жағалаулар бұзылмау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Шағын өлшемдi кемелер үшiн база-тұрақтардың маңайындағы су объектiлерiн (акваторияларды) техникалық куәландыру бойынша ережелер бекiтiлсiн.
Шағын өлшемді кемелер үшін база-тұрақтардың маңайындағы су объектілерін (акваторияларды) техникалық куәландыру бойынша Ережелер
2. Көлiк инспекциясы (С.Ш. Есенов) және заңгерлiк жұмыс бөлімі (О.Е Ахметжанов) Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiне белгiленген тәртiпте нормативтiк құқықтық актіні мемлекеттiк тiркеу үшiн ұсынсын.
Қазақстан Республикасы
Көлiк және коммуникациялар
Министрiнiң 1998 ж. 17 қыркүйектегі
N 204 бұйрығымен бекітілді
Шағын өлшемді кемелер үшін база-тұрақтардың маңайындағы су объектілерін (акваторияларды) техникалық куәландыру бойынша Ережелер
1. Жалпы ережелер
1. Осы ережелер, меншiк нысанына қатыссыз, кеме иелерiне тиесiлi шағын өлшемдi кемелер үшiн база-тұрақтардың маңайындағы су объектiлерiн (акваторияларды) техникалық куәландыруға арналған.
2. Объектiлердi техникалық куәландырудың мақсаты олардың пайдалануға әзiрлiгiн тексеру болып табылады.
3. Барлық кеме иелерi су объектiлерiнiң тиiмдi пайдалануын және қорғалуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
4. Су объектiлерiн пайдаланушылар су қоймаларының арналары мен жағаларының, гидротехникалық және басқа ғимараттардың бұзылуына жол бермеуi, кеме қатынасы жолдарын демалу үшiн пайдаланатын басқа заңды тұлғалар мен азаматтардың құқықтарын бұзбауы тиiс.
2. Объектiлердi есепке алу тәртiбi
5. Барлық объектiлер Қазақстан Республикасы Көлiк инспекциясының есепке алуына жатады.
6. Объектiлердi есепке алуға мыналар кiредi:
1) су объектiсi (акваториясы) иесiнiң негiзгi техникалық сипаттарын (ұзындығын, енiн, сыйымдылық ауданын), тұрмыс, сауда және медициналық бөлмелердiң, құтқару постарының санын көрсетуiмен объектiнiң сызбасын көрсете отырып есепке алу карточкасын толтыру;
2) объектi туралы мәлiметтердi су объектiлерiн есепке алу журналына енгiзу;
3) объектiге журналдағы нөмiрге сәйкес нөмiр беру.
3. Су объектiсiнiң техникалық куәландыруын жүргiзудi ұйымдастыру
7. Объектiнiң (акваторияның) пайдалануға әзiрлiгiн анықтау үшiн жыл сайынғы және кезектен тыс техникалық куәландыру жүргiзiледi.
8. Жыл сайынғы техникалық куәландыру осы талаптардың көлемiнде негiзгi сипаттарын растау, тиiстi жабдықтардың, құралдардың бар-жоғын тексеру үшiн жүргiзiледi.
9. Кезектен тыс техникалық куәландыру объектiнiң негiзгi сипаттарын өзгерткен күрделi жөндеуден, модернизациялаудан немесе қайта жабдықтаудан, табиғи ападан кейiн жүргiзiледi.
10. Объектiнi техникалық куәландыру жүргiзгенде мыналар тексерiледi:
1) объектi ауданының жүзетiн бiрлiк санына сәйкестiгi;
2) құтқару постарының, алғашқы медициналық көмек көрсету үшiн бөлмелердiң бар-жоғын, су қоймаларының, өзендердiң, көлдердiң, теңiздердiң жағалау учаскелерiнде олардың толық жинақтылығын;
3) белгiленген нормаларға сәйкес құтқару және өртке қарсы мүлiктiң бар-жоғы;
4) объектi аумағының күйi, суға түсу және секiру үшiн пайдаланылатын көпiршектердiң, салдардың, мұнаралардың техникалық күйi;
5) суда бақытсыздық жағдайлардың алдын алу жөнiндегi материалдармен, шомылатындарға суда өзiн ұстау тәртiбi туралы кеңестермен, су мен ауаның температурасын, желдiң бағытын, судың ағу жылдамдығын көрсетумен кестемен, жағажай аумағының және тереңдiктер мен қауiптi орындарды көрсетумен акваториясының сызбасы мен стендтардың бар-жоғы.
11. Объектiнi (жыл сайынғы, кезектен тыс) техникалық куәландыру қорытындыларының негiзiнде Қазақстан Республикасы Көлiк инспекциясының лауазымды тұлғасымен актi құрылады.
12. Объектiнi техникалық куәландыру навигация ашылғанға дейiн жүргiзiледi. Су объектiлерiн бақылап қараудың көлемi мен мерзiмдерi пайдаланудың жағдайлары мен үдемелiлiгiне байланысты белгiленедi.
4. Су объектiлерiне қойылатын талаптар
13. Объектiнiң жағалау аумағы санитарлық-әпидемиологиялық талаптарға жауап беруi тиiс. Аумақ қоршалған, жақсы тегiстелген, жаңбыр сулары ағатын жолдары болуы тиiс, ласталмауы және батпақтанбауы тиiс.
14. Су объектiлерi ағатын суды жiберу орындарынан кемiнде 500 м жоғары және порттық құрылыстардан, пирстерден, дебаркадерлерден, айлақтардан, мұнай құю құрылғыларынан кемiнде 1000 м қашықтықта болуы тиiс.
15. Жыл сайын, шомылу маусымы басталар алдында су қоймасының түбi жүзiп бару шекарасына дейiн объектi иесiмен қаралуы және тазалануы тиiс, осы туралы акті құрылады.
16. Шомылатын орындар жағамен көпiрлермен немесе траптармен қосылуы, сенiмдi бекiтiлуi тиiс, суға түсер орындар қолайлы және таянышы болуы тиiс.
17. Су акваториясы жарық түсiретiн құрылғылармен жабдықталады. Жарық түсiру құрылғыларында бiр бағытқа түсiретiн қалпақтары болуы тиiс. Айлақтың суға шығатын шеттерiнде қараңғы түсiсiмен кемiнде 2 м биiктiкте кеме жақтан анық көрiнетiн шеңберлi ақ от жағылуы тиiс.
18. Егер объектiде суға секiретiн орындар жабдықталған болса, онда олар тереңдетiлген жағасымен акваториялардың табиғи учаскелерiнде болуы тиiс. Осындай учаскелер жоқ болғанда тереңдiгi сүңгiгенде қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн орындарға дейiн ағаш көпiрлер немесе салдар орнатылады. Мүмкiндiк болса суға секiру үшiн мiнбелер орнатылады.