Құжат мәтініне өту

Об автоматическом лицензировании (наблюдении) экспорта березовой фанеры

Бұйрық · № 200-НҚ · қабылданған 23.06.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-211710/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об автоматическом лицензировании (наблюдении) экспорта березовой фанеры Қолданыста Бұйрық ·№ 200-НҚ ·23.06.2025
23.06.2025 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.06.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об автоматическом лицензировании (наблюдении) экспорта березовой фанеры

Қолданыста Бұйрық ·№ 200-НҚ · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об автоматическом лицензировании (наблюдении) экспорта березовой фанеры
Атауы (қаз.)
Қайың фанерінің экспортын автоматты түрде лицензиялау (қадағалау) туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
200-НҚ
Қабылданған күні
23.06.2025
Көрсетілген редакция
23.06.2025 211710_765117.kaz
Соңғы өзгеріс
23.06.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500036339
ЭКБ идентификаторы
211710
Редакция идентификаторы
211710_765117
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 03:45

0 Қайың фанерінің экспортын автоматты түрде лицензиялау (қадағалау) туралы

«Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 46 және 47-баптарына сәйкес және «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17 және 21-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. 2025 жылғы 1 шілдеден бастап 6 (алты) ай мерзімге қайың фанерінің экспортын (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының коды 4412 33 000 0) автоматты лицензиялау (байқау) енгізілсін.

2

2. Қайың фанерін экспорттың кедендік рәсімімен орналастыру Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне «Сауда саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 51-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20135 болып тіркелген) сәйкес ресімделген қайың фанерін экспорттауға рұқсат беру кезінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сыртқы сауда қызметі департаменті:

1 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен өзара іс-қимыл жасау кезінде осы бұйрықтың 2-тармағын орындау бойынша бақылауды қамтамасыз ету туралы;

2 2) Еуразиялық экономикалық комиссияны осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген тыйым салудың енгізілгені туралы хабардар етсін.

4 4. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сыртқы сауда қызметі департаменті заңнамада орнатылған тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

5 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

6 6. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Қолданыстағы