Об утверждении Правил установления стоимости исследований, консалтинговых услуг в области промышленности и строительства
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил установления стоимости исследований, консалтинговых услуг в области промышленности и строительства
- Атауы (қаз.)
- Өнеркәсіп және құрылыс саласындағы зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 219
- Қабылданған күні
- 20.06.2025
- Көрсетілген редакция
- 20.06.2025 211711_770365.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.06.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500036340
- ЭКБ идентификаторы
- 211711
- Редакция идентификаторы
- 211711_770365
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 03:47
0 Өнеркәсіп және құрылыс саласындағы зерттеулердің,
консалтингтік көрсетілетін қызметтердің
құнын белгілеу қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 14-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Өнеркәсіп және құрылыс саласындағы зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу қағидалары бекітілсін.
2
2. «Өнеркәсіп және құрылыс саласындағы зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 12 шілдедегі № 261 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34735 болып тіркелген) күші жойылған деп танылсын.
3 3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Қаржы және корпоративтік басқару департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Өнеркәсіп және құрылыс саласындағы зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу қағидалары
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің 2025 жылғы
20 маусымдағы № 219
бұйрығымен бекітілген
Өнеркәсіп және құрылыс саласындағы зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін
қызметтердің құнын белгілеу қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Өнеркәсіп және құрылыс саласындағы зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілейтін қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 14-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және өнеркәсіп және құрылыс саласындағы зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу тәртібін анықтайды.
2 2-тарау. Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу тәртібі
2 2. Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу кезінде орындаушының осы Қағидалардың 7 тармағында көрсетілген негіздейтін құжаттармен расталған тікелей және жанама шығыстары ескеріледі.
3 3. Орындаушының тікелей шығыстарына жүргізілетін зерттеулермен, көрсетілетін консалтингтік қызметтермен тікелей байланысты шығыстар жатады.
Жанама шығыстарға орындаушының тұтастай қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті, бірақ зерттеулер жүргізу, консалтингтік қызметтер көрсету процесінде тікелей қолданылмайтын шығыстар жатады.
4 4. Зерттеулердің, консалтингтік қызметтердің құны мынадай формула бойынша айқындалады:
мұнда,
Қ – зерттеулердің, консалтингтік қызметтердің құны;
– тікелей шығыстар;
Ш ж – жанама шығыстар.