Об утверждении Правил установления стоимости исследований, консалтинговых услуг Министерства энергетики Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил установления стоимости исследований, консалтинговых услуг Министерства энергетики Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтерінің құнын белгілеу қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 257-н/қ
- Қабылданған күні
- 26.06.2025
- Көрсетілген редакция
- 26.06.2025 211715_766976.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.06.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500036344
- ЭКБ идентификаторы
- 211715
- Редакция идентификаторы
- 211715_766976
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 03:39
0 Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтерінің құнын белгілеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 14-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтерінің құнын белгілеу қағидалары бекітілсін.
2 2. Мыналар күші жойылды деп танылсын:
1
1) «Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтері мен мемлекеттік тапсырмасының құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 17 тамыздағы № 273 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29284 болып тіркелген);
2
2) «Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтері мен мемлекеттік тапсырмасының құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 17 тамыздағы № 273 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 5 қаңтардағы № 1 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31656 болып тіркелген).
3 3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Бюджет және қаржылық рәсімдер департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
0 Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтерінің құнын белгілеу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2025 жылғы 26 маусымдағы
№ 257-н/қ бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтерінің құнын белгілеу қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтерінің құнын белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 14-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтерінің құнын белгілеу тәртібін айқындайды.