Об утверждении Правил формирования и ведения Национального корпуса казахского языка
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил формирования и ведения Национального корпуса казахского языка
- Атауы (қаз.)
- Қазақ тілінің Ұлттық корпусын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 227
- Қабылданған күні
- 30.04.2025
- Көрсетілген редакция
- 30.04.2025 211738_765916.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.04.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25HN000227
- ЭКБ идентификаторы
- 211738
- Редакция идентификаторы
- 211738_765916
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 04:42
0 Қазақ тілінің Ұлттық корпусын қалыптастыру және жүргізу
қағидаларын бекіту туралы
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-4 бабының 5-тармағына және «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 161-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақ тілінің Ұлттық корпусын қалыптастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақ тілінің Ұлттық корпусын қалыптастыру және жүргізу қағидалары
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары
білім министрінің
2025 жылғы 30 сәуірдегі
№ 227 бұйрығымен
бекітілген
Қазақ тілінің Ұлттық корпусын қалыптастыру және жүргізу қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Қазақ тілінің ұлттық корпусын қалыптастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-4 бабының 5-тармағына және «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 161-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және қазақ тілі мен лингвистика саласындағы ғылыми, білім беру және практикалық зерттеулер жүргізуге негіз болатын Қазақ тілінің ұлттық корпусын (бұдан әрі – Ұлттық корпус) құру, толықтыру, өңдеу, сақтау және пайдалануға қойылатын жалпы талаптар мен рәсімдерді белгілейді.
2 2. Ұлттық корпустың әкімшісі – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі.
3 3. Ұлттық корпусты үйлестіру жұмысын Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Институт) жүзеге асырады.
4 4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1
1) аннотация – мәтіннің авторы, оның тақырыбы, жанры, контексті, құрылымы мен мазмұны, сондай-ақ фонетикалық, морфологиялық, просодикалық, лексикалық, семантикалық, синтаксистік және басқа да лингвистикалық сипаттамалары тәрізді берілген іздеу элементінің дереккөзі туралы ақпаратты қамтитын корпустағы деректердің сипаттамасы;
2 2) белгіленім – корпус мәтіндеріндегі лингвистикалық және құрылымдық ақпаратты талдау мен өңдеуді қамтамасыз ететін кодтау және жүйелеу әдісі;
3 3) ғылыми сапа стандарттары – лингвистикалық зерттеулер жүргізу үшін дәлділік, нақтылық және жарамдылықты қамтамасыз ету үшін мәтіндер мен олардың корпустағы аннотациялары сәйкес келетін өлшемшарттар жиынтығы;
4
4) деректердің бірыңғай форматы – кодтауға, құрылымға және белгілеуге талап қою арқылы өзара дерек алмасу мен талдауды жеңілдететін, қателік қаупін азайта және түзетулер енгізу қажеттілігін төмендете отырып, деректерді үйлесімді және өңдеу мен біріктіруге ыңғайлы ететін стандартты құрылымдар мен ережелер;
5 5) жанр – материалды талдау мен зерттеу үшін оны жіктеуге көмектесетін, түрін, мақсатын және белгілі бір стилистикалық белгілері бар қалыптасқан формасын айқындайтын мәтіннің категориясы;
6 6) жиілік – белгілі бір мәтінде немесе корпуста тілдік элементтердің қаншалықты жиі кездесетінін көрсететін сандық көрсеткіш;
7 7) интерфейс – пайдаланушыға нәтижелерді іздеуге, алуға, қарауға, деректерді сүзуге және талдауға мүмкіндік беретін корпустың бағдарламалық-аппараттық жүйесі;
8 8) кодтау және жіктеу жүйесі – корпуста деректерді іздеу, сақтау және талдаудың ыңғайлылығын қамтамасыз ете отырып, мәтіндерге бірегей кодтар тағайындауға және оларды негізгі белгілері бойынша жіктеуге мүмкіндік беретін ретті құрылым;
9 9) корпус – жекелеген ішкорпустардан тұратын және мақсатты лингвистикалық немесе статистикалық талдау жүргізу үшін белгілі бір критерийлер бойынша құрылған Ұлттық корпустың бөлігі;
10 10) корпустың дерекқоры – корпусқа қосу үшін алдын ала өңделген және белгіленген табиғи тілдегі жазбаша және ауызша мәтіндердің электрондық нұсқалары;
11 11) қазақ тілінің ұлттық корпусы – қазақ тілінің барлық стиліндегі және жанрындағы мәтіндерді қамтитын, іздеу жүйесімен және мәтінмен жұмыс істеудің басқа да құралдарымен жарақтандырылған ақпараттық-анықтамалық жүйе;
12 12) мәтіндер – корпустың негізін құрайтын тілдік бірліктер;
13 13) метабелгіленім – корпусқа енгізілген мәтін мазмұнының тақырыбы, авторы, жанры, мақсаты, стилі және басқа сипаттамалары туралы түпкілікті ақпарат беретін қысқаша дереккөздік сипаттама;
14 14) морфологиялық белгіленім – корпустағы мәтіндерді автоматты немесе жазбаша түрде морфологиялық сипаттамалармен қамтамасыз ету және олардың грамматикалық белгілерін анықтау процесі;
15 15) синтаксистік белгіленім – тілдің құрылымы мен оның ережелерін зерттеу үшін сөздер мен олардың грамматикалық рөлдері арасындағы байланыстарды анықтауды қоса алғанда, мәтіндегі сөйлемдердің грамматикалық құрылымын жабдықтау және сипаттау процесі;
16 16) семантикалық белгіленім – табиғи-тілдік өңдеу, корпустық лингвистика, машиналық оқыту және цифрлық технологиялар әзірлеу мақсатында мәтіндегі сөздердің, сөз орамдары мен сөйлемдердің мағынасын, контекстік реңктерін, сондай-ақ олардың өзара байланыстарын аннотациялау процесі;
17 17) сөзқолданыс – корпусқа кіретін мәтіндерде сөзді қолдану сипаттамаларының жиынтығы;
18 18) стиль – мәтіннің мақсаты мен ерекшеліктерін көрсететін реңк, сөздік қор, грамматикалық құрылым және басқа да сипаттамалармен айқындалатын тілдегі жеткізу тәсілі.
2 2-тарау. Ұлттық корпусты әзірлеу
5 5. Ұлттық корпусты әзірлеуге, жүргізуге және пайдалануға байланысты барлық жұмыстар деректердің сапасы, қауіпсіздігі мен қолжетімділігінің жоғары деңгейі қамтамасыз етіле отырып, бірыңғай ұлттық тәсіл шеңберінде жүргізіледі.
6 6. Ұлттық корпус осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін корпустар мен ішкорпустар есебінен қалыптасады.
7 7. Ұлттық корпусты қалыптастыру оның қызметінің барлық аспектілерін қамтитын мәтіндерді, тілдің әртүрлі салаларда және уақыт кезеңдерінде қолданылу ерекшеліктерін көрсететін жазбаша дереккөздерден бастап ауызша материалдарға дейін мұқият жинаудан және іріктеуден басталады.
8 8. Ұлттық корпустағы барлық материалдар ғылыми сапа стандарттарына сәйкес келеді, метадеректері мен дереккөздері болады, грамматикалық және емле қателерінің бар-жоғына тексеріледі, сондай-ақ бірыңғай кодтау және жіктеу жүйесіне сәйкес өңделеді және реттеледі.
9 9. Ұлттық корпуста әртүрлі жанрларды, мәтін түрлерін, диалектілер мен стильдерді қоса алғанда лингвистикалық тәжірибелердің алуан түрлілігі көрініс табады, сондай-ақ аймақтық және тарихи ерекшеліктер ескеріледі.
10 10. Барлық жиналған мәтіндер жанр, стиль, кезең, дереккөз, лексикалық және грамматикалық деңгейлер бойынша жүйеленеді және аннотациясы беріледі.
11
11. Энциклопедиялық және дереккөздік талдау ескеріле отырып, мәтіндер жиналғаннан және аннотацияланғаннан кейін, ғылыми зерттеулерге қажетті мақсатты эмпирикалық тілдік базалар құруға және тілдік технологиялар мен лексикографиялық жобаларды әзірлеуде қолданылатын тіл модельдерін әзірлеуге мүмкіндік беретін лингвистикалық өңдеу және деректерді талдау әдістері қолданылады.