Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил ведения Судовой книги

Бұйрық · № 59-п · қабылданған 17.08.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-21175/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил ведения Судовой книги Күшін жойған Бұйрық ·№ 59-п ·17.08.2004
28.06.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.06.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил ведения Судовой книги

Күшін жойған Бұйрық ·№ 59-п · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил ведения Судовой книги
Атауы (қаз.)
Кеме кітабын жүргізу ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
59-п
Қабылданған күні
17.08.2004
Көрсетілген редакция
28.06.2011 AI21175_2.kaz
Соңғы өзгеріс
28.06.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V040003050_
ЭКБ идентификаторы
21175
Редакция идентификаторы
AI21175_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 19:47

0 Кеме кітабын жүргізу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы N 49 қаулысымен бекітілген Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу ережесіне сәйкес бұйырамын:

1 1. Қоса беріліп отырған Кеме кітабын жүргізу ережесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Көліктік бақылау комитетінің Су көлігінде бақылау басқармасы (Р.Қ.Адамова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Қ.Б.Есжановқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

0 Кеме кітабын жүргізу ережесі

"Кеме кітабын жүргізу
ережесін бекіту туралы"
Көліктік бақылау комитеті
төрағасының 2004 жылғы
18 тамыздағы N 59-п
бұйрығымен бекітілген
Кеме кітабын жүргізу ережесі

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Кеме кітабын жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы N 49 қаулысымен бекітілген Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу ережесіне (бұдан әрі - Тіркеу ережесі) сәйкес әзірленді.

2 2. Ереже Кеме кітабын жүргізу тәртібін белгілейді.

3 3. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

кеменің меншік иесі - Тіркеу ережесіне сәйкес кеменің меншік иесі ретінде тіркелген тұлға;
кеме иесі - меншік құқығында немесе өзге заңды негіздерде кемені иеленуші тұлға;
кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті.

4 4. Кеме кітабын (1-қосымша) мемлекеттік және орыс тілдерінде қағаз және электрондық тасымалдаушыларда порттың теңіз әкімшілігі (бұдан әрі - ПТӘ) жүргізеді.

5 5. Кеме кітабын жүргізуді бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.

2 2. Кеме кітабын жүргізу тәртібі

6 6. Кеме кітабының кіріс құжаттарын есепке алу кітабы (бұдан әрі - Есепке алу кітабы) (2-қосымша) және кеме істері Кеме кітабының ажырамас бөлігі болып табылады.

Кеме ісі әр кемеге ресімделеді және кеменің тіркеу нөмірімен сәйкестендіріледі.
Кеме ісіне кеме билетінің көшірмесі, сондай-ақ кемені және осы кемеге құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін келіп түсетін құжаттардың, Кеме кітабынан берілген анықтамалар мен үзінді көшірмелердің көшірмелері тіркеледі.

7 7. Кеме кітабы және Есепке алу кітабы жеке журналдарда жүргізіледі, беттері нөмірленген, тігілген болуы тиіс, соңғы бетінде нөмірленген, тігілген парақтардың саны жазылады және ПТӘ басқаратын теңіз портының капитаны растайды.

8 8. Кеме кітабын, кеме істерін және Есепке алу кітабын жоюға және олардан қандай да бір құжаттарды немесе олардың бөліктерін алуға жол берілмейді.

9 9. Кеме кітабының "Өзгерістер туралы белгілер" бағанында кеме туралы немесе барлық жазбаны жаңартуды талап етпейтін өзгерістер, сондай-ақ оған құқықтардың тоқтауы немесе ауысуы туралы қосымша ақпарат жазылады.

Мұндай мәліметтерге мыналар жатады:

1 1) жеке тұлғаның тегінің, атының, әкесінің атының, тұрғылықты жерінің өзгеруі, егер меншік иесі жеке тұлға болып табылса;

2 2) заңды тұлғаның атауының, орналасқан жерінің немесе почталық мекен-жайының өзгеруі, егер меншік иесі заңды тұлға болып табылса;

3 3) кеменің атауының өзгеруі.

1 Кеме кітабы

н жүргізу
ережесіне 1-қосымша
Кеме кітабы
___________________________________________________________________
р/с|Кеме кіта. |Кеменің|Меншік |Кеме ие.|Меншік |Кеменің |Тіркелу
N |бына енгі. | атауы |иесінің |сінің |иелері.|бұрынғы |порты
|зілген күні| |атауы |атауы |нің әр.|атауы |
|және тір. | |және |және |қайсына|(егер ол |
|келген рет.| |оның ме.|оның ме.|тиесілі|бұрын ше.|
|тік нөмірі | |кен-жайы|кен-жайы|кеменің|тел туын |
| | | | | үлесі |көтеріп |
| | | | | | жүзген |
| | | | | | болса) |
___________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7 8

Кестенің жалғасы
___________________________________________________________________
Алдыңғы тір. | Кеменің | Жүзу |Жоба|Кеменің |Корпус|Басты қоз.
келген порты |түрі және|ауданы| N |жасалған |мате. |ғалтқыштардың
(орны) және | мақсаты | | |жылы және|риалы |қуаты (түрі
оның жойыл. | | | | орны | |және саны)
ған күні | | | | | |
(егер мұн. | | | | | |
дайлар болса)| | | | | |
___________________________________________________________________
9 10 11 12 13 14 15

Жалғасы
___________________________________________________________________
Қозғағыш.|Кеменің метрмен габариттік | Құтқару |Жүк көтерім.
тардың | өлшемдері | шлюпкалары |ділігі(тонна)
түрі және|----------------------------|(саны, жалпы|---------------
винттер. |Ұзын.|Ені|Су үс. | Шөгу |сыйымдылығы)| өзен | теңіз
дің саны |дығы | |тіндегі |---------| | |
| | |борттың |жүк.|жүк.| | |
| | |биіктігі|пен |сіз | | |
___________________________________________________________________
16 17 18 19 20 21 22 23 24

Сыйымдылығы|Жүрістің ең |Ескерту|Өзге. |Сенімді |Кемені сенімді
-----------|жоғары жыл. | |рістер|басқару.|басқаруға бергені
таза|жалпы | дамдығы | |туралы|шының |туралы меншік
| |(тораптарда)| |белгі.|атауы |иесінің немесе
| |------------| | лер |және ме.|уәкілетті органның
| |жүк. |жүксіз| | |кен-жайы|келісімі туралы
| |пен | | | | |құжаттың деректе.
| | | | | | |мелері
_________________________________________________________________
25 26 27 28 29 30 31 32
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Жалғасы
___________________________________________________________________
Кеменің ипотекасы туралы мәліметтер
___________________________________________________________________
Кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу |Кеменің ипо.
туралы мәліметтер |текасын мемле.
--------------------------------------------------|кеттік тіркеудің
Кеменің немесе|Ипотеканы|Ипотеканы |Ипотека.|Кеме |тоқтатылғаны
жасалып жатқан|кепілге |кепілге |мен қам.|ипо. |туралы мәліметтер
кеменің ипоте.|берушінің|ұстаушының|тамасыз |тека.|----------------
касын мемле. |аты және |аты және |етілген |сының|Кеме |Кеменің
кеттік тіркеу |мекен- |мекен-жайы|міндет. |аяқ. |ипо. |ипотекасын
туралы куәлік.|жайы |немесе |темелер.|талу |тека.|мемлекет.
тің N және бе.| |оның ұсы. |дің ең |мер. |сының|тік тір.
рілген күні | |нушыға |жоғары |зімі |мер. |кеуді тоқ.
| |белгілен. |мөлшері | |зімі.|татуға
| |гені тура.| | |нен |негіз бол.
| |лы мәлі. | | |бұрын|ған құжат.
| |меттер | | |аяқ. |тардың
| | | | |талу |атауы мен
| | | | |күні |деректе.
| | | | | |мелері
___________________________________________________________________
33 34 35 36 37 38 39

2 Кеме кітабының кіріс құжаттарын есепке алу кітабы

Кеме кітабын жүргізу
ережесіне 2-қосымша
Кеме кітабының кіріс құжаттарын есепке алу кітабы
___________________________________________________________________
N |Құжат.|Келіп |Меншік ие. |Кеме ие. |Кеме.|Мемле.|Кеме кітабы.
р/с|тардың|түскен|сінің атауы |сінің |нің |кеттік|нан берілген
|келіп |құжат.|(мекен-жайы,|атауы |атауы|тір. |үзінді көшір.
|түскен|тардың| телефоны, |(мекен- | |кеуден|мелер мен
| күні |атауы | факсы) |жайы, те.| |бас |анықтамалар
| | | |лефоны, | |тарт. |(кімге және
| | | |факсы) | |қаны |қашан
| | | | | |туралы|берілді)
| | | | | |жазба |

Қолданыстағы