Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения поиска и оценки подземных вод

Бұйрық · № 161-НҚ · қабылданған 30.06.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-211781/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения поиска и оценки подземных вод Қолданыста Бұйрық ·№ 161-НҚ ·30.06.2025
30.06.2025 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения поиска и оценки подземных вод

Қолданыста Бұйрық ·№ 161-НҚ · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения поиска и оценки подземных вод
Атауы (қаз.)
Жерасты суларын іздеу және бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
161-НҚ
Қабылданған күні
30.06.2025
Көрсетілген редакция
30.06.2025 211781_764105.kaz
Соңғы өзгеріс
30.06.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500036361
ЭКБ идентификаторы
211781
Редакция идентификаторы
211781_764105
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 03:35

0 Жерасты суларын іздеу және бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Су кодексінің 28-бабының 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Жерасты суларын іздеу және бағалау жүргізу жөніндегі қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Жерасты сулары департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп
және құрылыс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Экология және
табиғи ресурстар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі

1 Жерасты суларын іздеу және бағалау қағидалары

Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрі
2025 жылғы 30 маусымдағы
№ 161-НҚ бұйрығымен
бекітілген
Жерасты суларын іздеу және бағалау қағидалары

1 1. Осы Жерасты суларын іздеуді және бағалауды жүргізу қағидалары Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 28-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және жерасты суларын іздеуді және бағалауды жүргізу тәртібін айқындайды.

2

2. Жерасты суларына іздеу-бағалау жұмыстарының жобасы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Жер қойнауы туралы кодекс) 88-бабы 2-тармағының екінші бөлігіне сәйкес жерасты суларының кен орындары мен учаскелерін іздестіруді және бағалауды жүргізу үшін әзірленеді.

3

3. Жерасты суларына іздеу-бағалау жұмыстарының жобасында жерасты суларына іздеу-бағалау жұмыстарының түрлері, әдістері мен тәсілдері, бұрғыланатын ұңғымалардың саны және олардың сипаттамалары, үш жылдық кезеңдегі жұмыстарды жүргізу мерзімдері, іздеу-бағалау жұмыстарының салдарын жою жөніндегі шаралар және олардың құнын бағалау сипатталады.
Іздеу-бағалау жұмыстары бойынша жұмыстардың құрамын, түрлерін, әдістері мен тәсілдерін, оларды жүргізу көлемі мен мерзімдерін жобалау құжаттарында жерасты суларына іздеу-бағалау жұмыстарын жүзеге асыратын тұлға дербес айқындайды.

4

4. Жерасты суларын іздеу және бағалау жөніндегі жұмыстар жерасты суларына іздеу-бағалау жұмыстарының жобасы шеңберінде және «Жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі жобалау құжаттарын жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 28 мамырдағы № 396 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17076 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі жобалау құжаттарын жасау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

5 5. Жерасты суларын іздеу мен бағалауды жүргізу бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да қаржы көздері есебінен жүзеге асырылады.

Жерасты суларын іздеу мен бағалау жерасты суларының су ресурстарына мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебінен де жүзеге асырылуы мүмкін.

6 6. Іздеу-бағалау жұмыстарын жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 224-бабының 2-тармағына сәйкес көзделген жерасты суларын қорғау жөніндегі талаптар сақталады.

7 7. Жерасты суларына іздеу-бағалау жұмыстарының жобасында жерасты суларына мониторингті ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі ұсынымдар көзделеді.

8 8. Жерасты суларына іздеу-бағалау жұмыстарының нәтижелері жерасты суларының кен орындарын немесе учаскелерін анықтау болып табылады.

9

9. Егер Жер қойнауы туралы кодекстің 89-бабына сәйкес қорлары жер қойнауы мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған табылған кен орнының немесе жерасты сулары учаскесінің жерасты суларына іздеу-бағалау жұмыстарының нәтижесі жер қойнауы туралы мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алған күннен бастап бір ай мерзімде жер қойнауы мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған күннен бастап жерасты сулары кен орнының паспортын әзірлейді Жер қойнауы туралы кодекстің 37-бабына сәйкес, кейіннен жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі.

Қолданыстағы