Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил установления стоимости государственного задания

Бұйрық · № 744 · қабылданған 27.06.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-211794/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил установления стоимости государственного задания Қолданыста Бұйрық ·№ 744 ·27.06.2025
27.06.2025 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.06.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил установления стоимости государственного задания

Қолданыста Бұйрық ·№ 744 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил установления стоимости государственного задания
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
744
Қабылданған күні
27.06.2025
Көрсетілген редакция
27.06.2025 211794_769950.kaz
Соңғы өзгеріс
27.06.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25B0000744
ЭКБ идентификаторы
211794
Редакция идентификаторы
211794_769950
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 03:37

0 Мемлекеттік тапсырманың құнын

белгілеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 16-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2 2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

0 Мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
20__ жылғы «___» ________
№ ____ бұйрықпен
бекітілген
Мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу
қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу қағидалары Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 16-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі – ҚР ҚМ) және оған ведомстволық бағынысты ұйымдар мемлекеттік тапсырмасының құнын айқындау тәртібін белгілейді.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғым пайдаланылады:

1 1) мемлекеттік тапсырма – жарғылық капиталына мемлекет қатысатын квазимемлекеттік сектор субъектілеріне және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өзге де заңды тұлғаларға (бұдан әрі – орындаушы) жеке мемлекеттік қызметтер көрсетуге және басқа да міндеттерді орындауға берілетін тапсырыс.

2 2-тарау. Мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау тәртібі

3 3. Мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау кезінде осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілетін қызмет құнының есебінде көрсетілген негіздеуші құжаттармен расталған орындаушының тікелей және жанама шығысы ескеріледі.

4 4. Тікелей шығысқа мемлекеттік тапсырманы орындауға тікелей байланысты орындаушының шығысы жатады.

Жанама шығысқа жалпы орындаушының қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті, бірақ мемлекеттік тапсырманы орындау процесінде тікелей пайдаланылмайтын шығыс жатады.

5 5. Жұмыс пен көрсетілетін қызметтің құны мынадай формула бойынша айқындалады:

Ш барлығы = Тш + Жш
мұнда
Ш барлығы – мемлекеттік тапсырманы орындауға шығыс;
Тш– тікелей шығыс;
Жш– жанама шығыс.

6 6. Мемлекеттік тапсырманы орындау үшін бюджеттік өтінімді қалыптастыру кезінде шығыстың әрбір құжаты негіздеуші құжаттармен (орындаушының штат кестесі, есеп айырысу, шарттардың көшірмесі, кемінде үш баға ұсынысы) расталады.

7 7. Мемлекеттік тапсырманы орындау үшін қажетті тауарлардың құнын айқындау кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алуы веб-порталындағы орташа баға пайдаланылады.

8 8. ҚР ҚМ және оған ведомстволық бағынысты ұйымдар мемлекеттік тапсырмасының құны мынадай шығыспен айқындалады:

1

1) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, мемлекеттік тапсырманы орындаушының бекітілген штат кестесіне сәйкес мемлекеттік тапсырманы тікелей жүзеге асыратын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу (лауазымдық айлықақы, қосымша ақы, үстемеақы, төлем, өтемақы);

2 2) ел ішіндегі және одан тысқары жердегі іссапар шығысы;

3 3) тауарлар мен материалды (шығыс материалы, қосалқы құрал мен керек-жарақ, арнайы киім, арнайы аяқ киім, жеке және ұжымдық қорғану құралдары, санитариялық-тұрмыстық құрылғы, қосалқы материал мен тауар-материалдық қор, жиынтықтаушы, кеңсе тауарлары) сатып алуға шығыс;

4 4) негізгі құралдарды сатып алуға шығыс;

5 5) коммуналдық көрсетілетін қызметтер (суық су, ыстық су, ауызсу, техникалық су, теңіз суы, толық тазартылған дистиллят, қайтарылмайтын конденсат, газ, электр энергиясы, жылу, кәріз, желдету және буы бар жылу энергиясы);

6 6) байланыс бойынша көрсетілетін қызмет (қалалық телефон нөмірі, қалааралық сөйлесу, интернет желісіне қолжетімділік бойынша көрсетілетін қызмет, спутниктік байланыс бойынша көрсетілетін қызмет, байланыстың басқа да түрлері);

7 7) жанар-жағармай материалы;

8 8) ғимараттарды, құрылысжай мен жабдықты ағымдағы жөндеу;

9 9) зиянды және (немесе) қауіпті заттармен және өндірістік факторлармен жұмыс істейтін персоналды міндетті медициналық тексеруден өткізуге шығыс;

10 10) шалғайдағы объектілерде қызметкерлерге медициналық қызмет көрсетуге шығыс;

11

11) басқа да шығыс (қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаған кезде оны жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыруға, қызметі үшінші тұлғаларға залал келтіру қатеріне байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға шығыс, сейсмикалық жабдық үшін үй-жайларды жалға алу және басқа да шығыс);

12 12) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем;

13 13) жалпы шығыс құнына қосылған құн салығы.

9 9. Шығыс құжаттармен (есеппен, кемінде үш баға (коммерциялық) ұсынысымен не шартпен, негізгі қаражаттың нақты бар болуы, шығарылған және тозған жылдары туралы ақпаратпен, ақау туралы актімен және ағымдағы қаржы жылындағы ағымдағы жөндеу бойынша сметалық құжаттамамен) негізделеді және расталады.

Қолданыстағы