Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил установления стоимости исследований и консалтинговых услуг Министерства туризма и спорта Республики Казахстан

Бұйрық · № 115 · қабылданған 01.07.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-211973/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил установления стоимости исследований и консалтинговых услуг Министерства туризма и спорта Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 115 ·01.07.2025
01.07.2025 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил установления стоимости исследований и консалтинговых услуг Министерства туризма и спорта Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 115 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил установления стоимости исследований и консалтинговых услуг Министерства туризма и спорта Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің зерттеулердің және консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
115
Қабылданған күні
01.07.2025
Көрсетілген редакция
01.07.2025 211973_770722.kaz
Соңғы өзгеріс
01.07.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500036383
ЭКБ идентификаторы
211973
Редакция идентификаторы
211973_770722
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 03:34

0 Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің

зерттеулердің және консалтингтік көрсетілетін қызметтердің
құнын белгілеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 14-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің зерттеулердің және консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу қағидалары бекітілсін.

2 2. Мынадай:

1

1) «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2022 жылғы 14 шілдедегі № 188 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28823 болып тіркелген);

2

2) «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2022 жылғы 14 шілдедегі № 188 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2024 жылғы 20 маусымдағы № 122 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34548 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3 3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі

1 Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің зерттеулердің және консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу қағидалары

Қазақстан Республикасы
туризм және спорт
министрі
2025 жылғы 1 шілдедегі
№ 115
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің
зерттеулердің және консалтингтік көрсетілетін
қызметтердің құнын белгілеу қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің зерттеулердің және консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 14-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді және бюджеттік өтінімді қалыптастыру кезінде бюджет қаражаты есебінен зерттеулердің және консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу тәртібін белгілейді.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1

1) зерттеулер – дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі, туристік қызмет, туризм және туристік индустрия салаларындағы ғылыми қызмет нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында заңды және жеке тұлғалар жүзеге асыратын әлеуметтанушылық, талдамалық, қолданбалы, іргелі, стратегиялық ғылыми зерттеулер;

2

2) консалтингтік көрсетілетін қызметтер – дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі, туристік қызмет, туризм және туристік индустрия салаларындағы қызметінің процесінде туындайтын проблемаларды, мүмкіндіктерді айқындау және бағалау не ахуалды егжей-тегжейлі талдау, жұмыстың қаржылық және басқарушылық тиімділігін арттыру үшін кейінгі іс-қимылдарды түзету бойынша тиімді ұсынымдар әзірлеу жөніндегі көрсетілетін қызметтер.

2 2-тарау. Зерттеулердің және консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу тәртібі

3 3. Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құны тікелей және жанама шығыстардың сомасы негізге ала отырып, мынадай формуламен айқындалады:

Қ = ТШ+ЖШ, мұндағы:
Қ – зерттеу және консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құны;
ТШ – тікелей шығыстар;
ЖШ – жанама шығыстар (әкімшілік шығындар).

4 4. Зерттеу және консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнына мынадай шығындар:

1 1) ықтимал шығындарға резервтер қалыптастыру;

2 2) өткен кезеңдердің өзге де борыштары мен залалдарын жабу;

3 3) демеушілік көмек;

4 4) өз кірісінен шығыстары;

5 5) жарғылық капиталды ұлғайту;

6 6) негізгі құралдарды сатып алу бойынша шығыстар және амортизация шығыстары.

3 3-тарау. Зерттеулердің және консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеуге арналған шығындардың түрлері

5 5. Тікелей шығыстар зерттеулер мен консалтингтік көрсетілетін қызметтер жүргізумен байланысты мынадай шығыстарды:

1 1) салықтарды және басқа да міндетті аударымдарды ескере отырып, өндірістік персоналдың еңбегіне ақы төлеу бойынша шығыстары;

2 2) тікелей шығыстар бойынша салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері;

3 3) өндірістік персоналдың іссапар шығыстарын;

4 4) сыртқы сарапшыларды тартуды;

5 5) супервайзерлердің немесе жеке тұлғалардың қызметтері (жаппай сауалнамалар, терең сұхбат, кабинеттік зерттеулер жүргізу, фокус-топтар үшін);

6 6) өңдеу қызметтері (деректерді енгізу, сауалнамаларды кодтау, статистикалық өңдеудің арнайы бағдарламасында деректерді өңдеу);

7 7) тауарлық-материалдық қорларды сатып алуды;

8 8) байланыс қызметтері (пошта, курьерлік қызметтер, интернет, телефон байланысы қызметтері, оның ішінде халықаралық және қалааралық байланыс);

9 9) көлік қызметтерін;

10 10) полиграфиялық шығыстарды;

11 11) жалға беру қызметтерін;

12 12) мемлекеттік органдардың ақпараттық дерекқорына қол жеткізуді;

13 13) аударма қызметтерін қамтиды.

6 6. Жанама шығыстар (әкімшілік шығыстар) көрсетілетін қызметтердің өзіндік құнына жатпайды және мынадай шығыстарды:

1 1) салықтарды және басқа да міндетті аударымдарды ескере отырып, әкімшілік-басқару персоналының еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстарды;

2 2) жанама шығыстар бойынша салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді;

3 3) әкімшілік-басқару персоналының іссапар шығыстары;

4 4) коммуналдық қызметтерді;

5 5) өкілдік шығыстарды;

6 6) банктік қызметтерді;

7 7) нотариалдық қызметтерді қамтиды.

7 7. Зерттеу, консалтингтік қызмет көрсету кезінде шығыстардың әрбір бабы (жалақыны, әлеуметтік салықты, қосылған құн салығын қоспағанда) баға ұсыныстарының (кемінде үш) негізінде қалыптасады.

Қолданыстағы