Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута на земельный участок

Қаулы · № 948 · қабылданған 30.06.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-211977/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута на земельный участок Қолданыста Қаулы ·№ 948 ·30.06.2025
30.06.2025 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута на земельный участок

Қолданыста Қаулы ·№ 948 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута на земельный участок
Атауы (қаз.)
Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
948
Қабылданған күні
30.06.2025
Көрсетілген редакция
30.06.2025 211977_765085.kaz
Соңғы өзгеріс
30.06.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25NA00948A
ЭКБ идентификаторы
211977
Редакция идентификаторы
211977_765085
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 03:35

0 Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабының 5-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 10 ақпандағы № 52 бұйрығымен бекітілген жерге орналастыру жобасы негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 110 Кв кабельдік желіге қызмет көрсету үшін Қостанай қаласы, Юбилейный шағын ауданы мекенжайында орналасқан, елді мекендердің жері санатынан жалпы алаңы 0,1614 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.

2 2. «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

2 2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы