Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые приказы Министерства энергетики Республики Казахстан

Бұйрық · № 267-н/қ · қабылданған 03.07.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-212045/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые приказы Министерства энергетики Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 267-н/қ ·03.07.2025
03.07.2025 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые приказы Министерства энергетики Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 267-н/қ · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые приказы Министерства энергетики Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
267-н/қ
Қабылданған күні
03.07.2025
Көрсетілген редакция
03.07.2025 212045_773650.kaz
Соңғы өзгеріс
03.07.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500036404
ЭКБ идентификаторы
212045
Редакция идентификаторы
212045_773650
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 03:31

0 Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің

кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 шілдедегі № 345 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14155 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын қалыптастыру қағидаларында 2-тармақтың 8) тармақшасы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«8) жаңартылатын энергия көздері (бұдан әрі – ЖЭК) – табиғи жаратылыс процестері есебінен үздіксіз жаңартылатын энергия көздері, олар мынадай түрлерді қамтиды: күн сәулесінің энергиясы, жел энергиясы, гидродинамикалық су энергиясы; геотермальдық энергия: топырақтың, жерүсті және жерасты су объектілерінің жылуы; сондай-ақ бастапқы энергия ресурстарының антропогендік көздері: тұтыну қалдықтары, биомасса, биогаз және электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру үшін пайдаланылатын тұтыну қалдықтарынан алынатын өзге де отын;»;

2 2. «Нетто-тұтынушылардан электр энергиясын сатып алу мен сатудың үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 350 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде № 35187 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нетто-тұтынушылардан электр энергиясын сатып алу-сату үлгілік шартында:
1.1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«1) жаңартылатын энергия көздері – табиғи жаратылыс процестері есебінен үздіксіз жаңартылатын энергия көздері, олар мынадай түрлерді қамтиды: күн сәулесінің энергиясы, жел энергиясы, гидродинамикалық су энергиясы; геотермальдық энергия: топырақтың, жерүсті және жерасты су объектілерінің жылуы; сондай-ақ бастапқы энергия ресурстарының антропогендік көздері: тұтыну қалдықтары, биомасса, биогаз және электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру үшін пайдаланылатын тұтыну қалдықтарынан алынатын өзге де отын;».

3 3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

Қолданыстағы