Об утверждении Правил установления стоимости исследований, консалтинговых услуг Министерства культуры и информации Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил установления стоимости исследований, консалтинговых услуг Министерства культуры и информации Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтерінің құнын белгілеу қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 297-НҚ
- Қабылданған күні
- 30.06.2025
- Көрсетілген редакция
- 30.06.2025 212048_770930.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.06.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500036405
- ЭКБ идентификаторы
- 212048
- Редакция идентификаторы
- 212048_770930
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 03:34
0 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтерінің құнын белгілеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 14-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтерінің құнын белгілеу қағидалары бекітілсін.
2 2. Мыналардың:
1
1) «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтері мен мемлекеттік тапсырмаларының құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 4 мамырдағы № 135 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27917 болып тіркелген);
2
2) «Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырмаларының құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 4 мамырдағы № 135 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 3 шілдедегі № 291-НҚ бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34712 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
0 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтерінің құнын белгілеу қағидалары
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін атқарушы
2025 жылғы 30 маусымдағы
№ 297-НҚ бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтерінің құнын белгілеу қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтерінің құнын белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 14-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және бюджеттік өтінімді қалыптастыру кезінде бюджет қаражаты есебінен зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу тәртібін белгілейді.
2 2-тарау. Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу тәртібі
2 2. Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтерінің құны тікелей және жанама шығыстардың сомасы негізге алына отырып, мынадай формула бойынша белгіленеді:
Қ = ТШ+ЖШ, мұндағы:
Қ – зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құны;
ТШ – тікелей шығыстар;
ЖШ – жанама шығыстар.