Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил распределения распределяемой бюджетной программы по переподготовке и повышению квалификации государственных служащих

Бұйрық · № 90 · қабылданған 27.05.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-212062/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Правил распределения распределяемой бюджетной программы по переподготовке и повышению квалификации государственных служащих Қолданыста Бұйрық ·№ 90 ·27.05.2025
27.05.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил распределения распределяемой бюджетной программы по переподготовке и повышению квалификации государственных служащих

Қолданыста Бұйрық ·№ 90 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил распределения распределяемой бюджетной программы по переподготовке и повышению квалификации государственных служащих
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау мен біліктілігін арттыру бойынша бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
90
Қабылданған күні
27.05.2025
Көрсетілген редакция
27.05.2025 212062_764903.kaz
Соңғы өзгеріс
27.05.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25GS000090
ЭКБ идентификаторы
212062
Редакция идентификаторы
212062_764903
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 04:13

0 Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау мен біліктілігін арттыру бойынша бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 14-бабының 7-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған бюджеттік қаражатты бөлу бағдарламасы бойынша мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау мен біліктілігін арттыру бойынша қаражатты бөлу ережелері бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметті өткеру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1

1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
____________
«___» _____ 2025 жыл

1 Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау мен біліктілігін арттыру бойынша бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлу қағидалары

Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
Агенттігі Төрағасының
2025 жылғы_________
№___ бұйрығымен бекітілді
Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау мен біліктілігін арттыру бойынша бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлу қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау мен біліктілігін арттыру бойынша бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлу қағидалары Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 14-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленген және бюджеттік бағдарламаның әртүрлі әкімшілерінің арасында мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау мен біліктілігін арттыру бойынша бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлу тәртібін айқындайды.

2 2. Бөлінетін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (бұдан әрі – бөлінетін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі) болып табылады.

3

3. Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау мен біліктілігін арттыру бойынша бөлінетін бюджеттік бағдарлама республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың, олардың ведомствалары мен аумақтық бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің есеп-қисаптары бойынша жұмсалатын шығыстарды қамтиды.
Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар болып табылады.

2 2-тарау. Бюджеттік бағдарламалардың әртүрлі әкімшілері арасында бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлу тәртібі

4

4. Бөлінетін бюджеттік бағдарлама бойынша қаражатты бөлу үшін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінетін бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 185 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес жасалатын есеп-қисаптарды жолдайды.

5 5. Бөлінетін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Қағидаларға сәйкес бөлінетін бюджеттік бағдарлама бойынша есеп-қисаптарды бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жолдайды.

6 6. Республикалық бөлінетін бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері арасында бөлуге бөлінетін бюджеттік бағдарлама бойынша республикалық бюджет туралы заңда көзделген бюджеттік қаражаттар жатады.

7 7. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері арасында бөлінетін бюджеттік бағдарламалардың қаражаттарын бөлу бөлінетін бюджеттік бағдарлама әкімшісінің бұйрығы (бұдан әрі – Бұйрық) негізінде жүзеге асырылады.

8 8. Бұйрықта республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің атаулары және ағымдағы қаржы жылына бөлінген қаржыландыру сомалары көрсетіледі.

9 9. Бөлінетін бюджеттік бағдарлама бойынша қаржыландыру көлемдері өзгерген жағдайда Бұйрыққа тиісті өзгерістер енгізіледі.

10

10. Мемлекеттік қызметтерді қайта даярлау мен біліктілігін арттыру бойынша қаражат қаржылық жыл ішінде пайдаланылмаған немесе жартылай игерілмеген жағдайда республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшілері Қағидаларға сәйкес республикалық бюджет соңғы рет нақтылағанға дейін бөлінетін бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне есеп-қисаптарды жолдайды.

11 11. Бюджет шығындарына секвестр жасау кезінде бюджеттік бағдарлама қаражатын қысқарту республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.

____________________

Қолданыстағы