Об утверждении Правил проведения обследования технического состояния водохозяйственных и гидротехнических сооружений
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил проведения обследования технического состояния водохозяйственных и гидротехнических сооружений
- Атауы (қаз.)
- Су шаруашылық және гидротехникалық құрылысжайларының техникалық жай-күйіне зерттеп-қарауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 169-НҚ
- Қабылданған күні
- 04.07.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 26.07.2025
- Көрсетілген редакция
- 04.07.2025 212099_765586.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.07.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500036413
- ЭКБ идентификаторы
- 212099
- Редакция идентификаторы
- 212099_765586
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 03:30
0 Су шаруашылық және гидротехникалық
құрылысжайларының техникалық жай-күйіне
зерттеп-қарауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Су кодексінің 23-бабының 1-тармағының 29-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Су шаруашылық және гидротехникалық құрылысжайларының техникалық жай-күйіне зерттеп-қарауды жүргізу қағидалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы құрылыстарын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Су шаруашылығы және гидротехникалық құрылысжайлардың техникалық жай-күйіне зерттеп-қарауды жүргізу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрі м.а.
2025 жылғы 4 шілдедегі
№ 169-НҚ
Бұйрықпен бекітілген
Су шаруашылығы және гидротехникалық құрылысжайлардың техникалық жай-күйіне зерттеп-қарауды жүргізу қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы су шаруашылығы және гидротехникалық құрылысжайлардың техникалық жай-күйіне зерттеп-қарауды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 23-бабы 1-тармағының 29) тармақшасына сәйкес әзірленді және су шаруашылығы және гидротехникалық құрылысжайлардың (бұдан әрі – құрылысжайлар) зерттеп-қараудың тәртібі айқындайды.
2 2. Құрылысжайлардың техникалық жай-күйіне зерттеп-қарауды жүргізудің негізгі міндеттері:
1 1) күрделі жөндеуге, реконструкциялауға немесе пайдаланудан шығаруға қажеттілікті анықтау мақсатында құрылысжайлардың нақты жай-күйін және қалдық ресурсын бағалау;
2 2) апаттық сүзілудің және жер асты сулары деңгейінің көтерілуінің алдын алатын гидрооқшаулағыш қабаттар мен дренаждық жүйелердің сапасы мен тығыздылығын бақылау;
3 3) техникалық паспорттарды, схемаларды, зерттеп-қарау бойынша мұрағаттық құжаттарды, тексеру актілерін және ағымдағы пайдалану параметрлерін қоса алғанда, түгендеуді жүргізу;
4 4) сейсмикалық тұрақтылықты, судың жоғары шығындарының өту жағдайында өткізушілік қабілетін және құрғақшылық кезеңіндегі сенімділікті қоса алғанда, қауіпсіздікті кешенді бағалау;
5 5) қауіпті процестерді, оның ішінде сүзілу мен суффозияны, ығысу мен шөгуді, кернеу дәрежесін, сондай-ақ тұрақтылық пен қауіпсіздікке әсер ететін деформациялық және қиратушы процестерді анықтау және бағалау;
6 6) апаттық жағдайлардың алдын алу және болдырмау бойынша жүргізілген техникалық іс-шараларды анықтау, талдау және бағалау;
7 7) құрылысжайлардың және механикалық жабдықтардың қауіпсіздігін төмендететін ақаулар мен зақымдануларды, ақаулықтарды анықтау, сондай-ақ мамандандырылған егжей-тегжейлі тексерулерді одан әрі жүргізу орындары мен бағдарламасын анықтау;
8 8) қолайсыз процестердің белгілерін, аномальды үлкен жауын-шашындарды, деформацияларды, жылжуларды, сондай-ақ құрылымдық элементтер материалының бұзылу аймақтары мен учаскелерін, сүзгілік ағынның ашық шығуларын анықтау және орындалған жөндеу іс-шараларының сапасын бағалау.
3
3. Құрылысжайларды зерттеп-қараудың нәтижелері осы Қағиданың 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша су шаруашылығы және гидротехникалық құрылысжайлардың техникалық жай-күйіне зерттеп-қарауды жүргізудің актісі рәсімделеді, оған құрылыс конструкцияларының және механикалық жабдықтардың ақаулары мен зақымдануларының зерттеп-қараудың карталары, сызбалары, схемалары, фотосуреттері қоса беріледі, құрылысжайлардың сенімділігі мен қауіпсіздігіне қатер төндіретін ақаулар мен зақымдануларды ажырата көрсете отырып.
Зерттеп-қарау актісінің бір данасы меншік иесінде (иеленушіде) сақталады, екінші данасы меншік иесімен (иеленушісімен) 3 жұмыс күні ішінде су ресурстарын қорғау және пайдалану жөніндегі су бассейндік инспекцияға (бұдан әрі – СБИ) жіберіледі.
2 2-тарау. Су шаруашылығы және гидротехникалық құрылысжайларды зерттеп-қарау өткізудің ұйымдастыру тәртібі
4 4. Зерттеп-қарауды меншік иесі (иеленуші) кемінде бес жылда бір рет жүргізеді.
5 5. Зерттеп-қарауды сыртқы ауаның температурасы оң болғанда, сондай-ақ құрылыстарда қар жамылғысы болмаған кезде жүргізіледі.
6 6. Зерттеп-қарауды жүргізу үшін меншік иесі (иеленуші) құрылысжайлардың құрылымдық және функционалдық ерекшеліктерін, инженерлік-геологиялық, гидрологиялық, геодезиялық және гидрогеологиялық пайдалану жағдайларын, сондай-ақ механикалық жабдықтардың құрамын ескере отырып, комиссия қалыптастырады.
Комиссияға пайдаланушы ұйым қызметкерлерінің арасынан тиісті бейіндегі мамандар, ал штатта мұндай қызметкерлер болмаған жағдайда – шарт негізінде тиісті бейіндегі мамандар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі – ЖАО) және СБИ мамандары кіреді.
7 7. Комиссия құрамы құрылған сәттен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей комиссия құрамы мен оның жұмыс мерзімдері меншік иесінің (иеленушінің) бұйрығымен бекітіледі.
8
8. Комиссия құрамы қалыптасқан сәттен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей зерттеп-қараулар шарт негізінде мамандар, сондай-ақ ЖАО және СБИ мамандарын тарта отырып орындалатын жағдайда, меншік иесі (иеленуші) жобалық және техникалық құжаттамаларды, бұрын орындалған жан-жақты зерттеулердің, нақты бақылаулар мен зерттеулердің материалдарын ұсынуды қамтамасыз етеді.
9 9. Нысанды зерттеп-қарауға дайындау, зерттеп-қарау белгіленген күніне дейін 10 күнтізбелік күннен кешіктірілмей, алдын ала жүргізіледі.
10
10. Зерттеп-қарауға жататын нысанда құрылысжайға апаратын қауіпсіз жолдарды алдын ала қарастыру, негізгі және қосымша жарықтандырудың жағдайын тексеру, өлшеу құрылғыларын, жөнделген немесе зақымдалған конструкцияларды қарап-тексеру мүмкіндігін қамтамасыз ету, сондай-ақ бақылау өлшемдерін және іріктеп өлшеулерді жүргізу үшін қажет болуы мүмкін жүзу құралдарын, өлшеу құралын және құрал-саймандарды дайындалады.
11 11. Зерттеп-қарау құрылысжайында су ағызғыштар мен басқа да су тастау құрылыстары арқылы, оларды ішінара немесе толық ашылу кезінде, қысқа мерзімді су жіберуді іске асыру үшін жағдай жасау талап етіледі.
Зерттеп-қарау нысанда қауіпсіздік техникасын қатаң сақтай отырып жүзеге асырылады.
12 12. Құрылысжайдың техникалық жай-күйіне зерттеп-қарауды жүргізу үшін меншік иесі (иеленуші) осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес бекітілген бұйрыққа қосымша болып табылатын жан-жақты зерттеу кестесі мен бағдарламасын әзірлейді.
13
13. Құрылысжайларды кезектен тыс техникалық жай-күйіне зерттеп-қарау меншік иесінің (иеленушінің), БСИ немесе ЖАО бастамасы бойынша табиғи сипаттағы төтенше жағдайдан (жер сілкінісі, су тасқыны, сел, негізгі есептік шығындарға жақын немесе одан асатын сел ағындары және тағы басқа), сондай-ақ техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың туындауына негізделген қауіп тудыратын белгілер анықталғаннан кейін (сүзгілеу, шөгу, опырылу, шаю, туннельдерде тау жыныстардың шығуы және басқа) 5 күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.
14
14. Ақаулар анықталған жағдайда комиссия жұмысының бағдарламасына құралдық өлшеулер мен сынақтар таңдамалы зерттеп-қарау тексерулер қамтылады, олардың мақсаттары мен көлемі бағдарламасының зерттеп-қарау және көзбен шолу зерттеп-қараудың нәтижелерімен анықталады. Ақаулардың анықталуы құрылысжайлардың техникалық жағдайына зерттеп-қарау мерзімін ұзартуға негіз болып табылады.
15 15. Көзбен шолу зерттеп-қарау тексеру өлшемдерімен, сондай-ақ комиссия жұмысының бағдарламасымен анықталатын бақылау сынақтары және есептеулермен бірге қоса жүргізіледі.
16 16. Зерттеп-қарау барысында бақылау-өлшеу аппаратурасының жұмысқа қабілеттілігі тексеріледі.
17 17. Көзбен шолу зерттеп-қарау нысандарына олардың әрқайсысының жағдайына байланысты құрылысжайлардың қауіпсіздігі, сондай-ақ жақын маңдағы аумақ пен жағалау түйісулер тәуелді барлық негізгі құрылымдық элементтер болып табылады.
18
18. Әрбір нақты құрылысжайлардың қауіпсіздігін бағалау зерттеп-қарау кезінде зерттеп-қаралатын жүктемелер мен әсерлердің мәндерін жобада қабылданған мәндермен салыстыру арқылы жүзеге асырылады. Құрылысжайлардың жағдайын зерттеп-қаралатын көрсеткіштерінің тізімі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес айқындалады.
19
19. Құрылысжайлар жүйесінің зерттеп-қаралатын көрсеткіштер параметрлерінің мәндерінің өзгеру заңдылықтары мен үрдістері толық көлемде ескеріледі, ол пайдалану барысында бақылау жүргізілетін және олар құрылысжайдың жай-күйін немесе онда болып жатқан процестерді тікелей немесе жанама түрде сипаттауға бақылау жүргізу үшін іргетасы болып табылады.
1 Су шаруашылығы және гидротехникалық құрылысжайлардың техникалық жай-күйіне зерттеп-қарауды жүргізудің актісі
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрі м.а.
2025 жылғы 4 шілдедегі
№ 169-НҚ
Су шаруашылық және гидротехникалық
құрылысжайларының техникалық
жай-күйіне зерттеп-қарауды жүргізу
қағидасына 1-қосымша
Су шаруашылығы және гидротехникалық құрылысжайлардың
техникалық жай-күйіне зерттеп-қарауды жүргізудің актісі
____________________________________________________________________
пошта адресі, телефондары, министрлік, ведомство оның басшысы болып
табылатын
____________________________________________________________Т.А.Ә
үй мекен-жайы _____________________________ тел: ________ факс: ________
Комиссия құрамы:
______________________________________________________________________
Комиссия төрағасы:
(тегі, аты-жөні) (лауазымы, ұйымы)
__________________________________________________________________________
Комиссия төрағасының орынбасары:
___________________________________
(тегі, аты-жөні) (лауазымы, ұйымы)
Комиссия мүшелері ____________________________________________________________
(тегі, аты-жөні) (лауазымы, ұйымы)
________________________________________________________________________________________
(тегі, аты-жөні) (лауазымы, ұйымы)
________________________________________________________________________________________
(тегі, аты-жөні) (лауазымы, ұйымы)
________________________________________________________________________________________
(тегі, аты-жөні) (лауазымы, ұйымы)
___________________________________________________________________
Алдыңғы жан-жақты зерттеп-қараудың мерзімі ____________________________
Гидротехникалық құрылысжай туралы жалпы мәлімет
Су шаруашылық және гидротехникалық құрылысжайының қысқаша
сипаттамасы
____________________________________________________________________
(жобалық параметрлер)
(Су шаруашылық және гидротехникалық құрылысжай бойынша қайталама және
кейінгі зерттеп-қарауларда жобалы параметрлер келтірілмейді. Су шаруашылық
және гидротехникалық құрылысжайын зерттеп-қарау аралығында болған,
алғашқы жобамен өзгертулер болған кезде, олар бойынша мәліметтер беріледі).
1.1. Су шаруашылық және гидротехникалық құрылысжайының атауы,
тағайындалуы және орналасу орны
1.2. Құрылыс мерзімі, уақытша және тұрақты пайдалануға беру жылдары
____________________________________________________________________
1.3. Су шаруашылық және гидротехникалық құрылысжайының мемлекеттік
қабылдау комиссиясымен пайдалануға қабылдау актісінің болуы
____________________________________________________________________
1.4. Меншік иесі (иеленуші)
____________________________________________________________________
1.5. Пайдаланушы ұйым
____________________________________________________________________
1.6. Құрылысжайдың классы
____________________________________________________________________
1.7. Тегеуірінді шептің жалпы ұзындығы
____________________________________________________________________
1.8. Ағынсу: атауы
____________________________________________________________________
орташа көпжылдық ағыны, км3
орташа көпжылдық шығыны, м3/с ____________
максималды бақылау шығыны, м3/с ____________
мерзімі __________
есепті мақсималды су шығыны – қамтамасыз етілуімен: негізгі есептік жағдай,
% _________; м3/с _____________
бақылау есептік жағдай, % _________; м3/с _____________
1.9. Су тораптың барлық су өткізгіш құрылысжайлар арқылы судың жинақтық
ағызу шығыны (су қоймасына өзен ағысының бөлігінің трансформациялау
есебімен):
негізгі есептік жағдай, м3/с __________________
бақылау есептік жағдай, м3/с _________________
2. Тұстама аумағында табиғи-климаттық жағдай: климат _________________
топография ___________________, геология _____________________________
сейсмикалығы ______________________ (жобада) (ҚНмЕ бойынша)
2.1. Су шаруашылық және гидротехникалық құрылысжайының сипаттамасы
Сутежегіш құрылысжай (бөгет, бөгетше).
Құрылысжай түрі ____________________________________
Іргетас топырағы __________________________________________________
Қыр белгісі ________________________________________________________
Максималды қысым, м _______________________________________________
Құрылыс биіктігі, м _______________________________________________
Қыр бойынша ұзындығы, м ___________________________________________
Қыр бойынша ені, м __________________________________________________
Табаны бойынша ені, м ________________________________________________
Сүзілуге қарсы және дренажды құрылғылар
___________________________________________________________________
Қосылатын құрылғының конструкциясы
___________________________________________________________________
Орналасу және конструкцияның негізгі ерекшеліктері ____________________
Топырақты материалдардан соғылған бөгеттер үшін______________________
Бөгет денесінің материалы ___________________________________________
Беткейлер еңісінің салынуы __________________________________________
Беткейлерді бекіту түрі _______________________________________________
Бетонды суағар (су ағызғыш) бөгеттер үшін _____________________________
Суағар еденінің белгісі _______________________________________________
Суағардың тесіктерінің саны және олардың негізгі өлшемдері _____________
Суағар тесіктері арқылы судың жинақтық есептік шығыны: қалыпты тіреу
деңгейі кезінде, м3/с, көтеріңкі тіреулі деңгейі кезінде, м3/с _______________
Суұрма және рисбермалар конструкциясы
3. Құрылысжайдың механикалық құрылғылары.
Жапқыштар. Жапқыштар түрі ________________________________________
Орналасу орны ____________________________________________________
Саны ___________________________________________________________
Максималды қысым, м ________________________________________________
Жапқыш массасы, т ___________________________________________________
Негізгі өлшемдері ___________________________________________________
Төсегіш және тірек-жүріс бөліктерінің конструкциясы ____________________
Тығыздалу түрі _____________________________________________________
Қысқыштар және ұстау құрылғыларының саны _________________________
Көтергіш механизмдерінің түрі, саны және жүк көтергіштігі _______________
4. Су шаруашылығы және гидротехникалық құрылысжайларды салу, пайдалануға беру кезеңінде және пайдалану кезеңдерінде орын алған істен шығулар, зақымданулар және апаттар. Оларды жою жөнінде қабылданған шаралар және олардың техникалық тиімділігі.
Тексеріс актілері бойынша қысқаша тарихи анықтама
Күні
Істен шығудың, зақымданудың, апаттық жағдайдың қысқаша сипаттамасы
Істен шығуларды, зақымдануларды, апаттық жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар және олардың техникалық тиімділігі
1
2
3
5. Су шаруашылық және гидротехникалық құрылысжайлардың өлшегіш құралдармен жабдықталуы
5.1. Табиғи байқау бағдарламасының және жобаның болуы
5.2. Бақылау-өлшегіш аппаратурасының номенклатурасы мен санының жоба және нормалардың талаптарына сәйкес келуі
Құрылыс-жай атауы және БӨА
орналасу орны
Аппаратура атауы
Аппаратуралардың саны
Ескерту
жоба бойынша
орнатылғанның
қолданыс-тағының
1
2
3
4
5
6
6. Бақылау-өлшегіш аппаратурасының жеткіліктілігін және жағдайын бағалау
___________________________________________________________________
6.1. Өлшемдердің нәтижелерін өңдеу және жинақтау автоматтандырылған бақылау жүйесі мен құралдарының жұмысын бағалау (автоматтандырылған бақылау болмаған жағдайда оны енгізу қажеттілігі туралы ұсыныс беру)
___________________________________________________________________
7. Су шаруашылығы және гидротехникалық құрылысжайына бақылауды ұйымдастыру
____________________________________________________________________
7.1. Құрылысжайлардың және олардың механикалық құрылғыларына бақылауды жүзеге асыратын бөлімшелердің өндірістік құрылымы туралы қорытынды
____________________________________________________________________
7.2. Құрылысжайлардың техникалық бақылау бөлімшелерінің табиғи байқауды өткізу бойынша арнайы нормативтік құжаттармен, әдістемелік ұсынымдарымен, кітапшалармен, нұсқаулықтармен жабдықталуын бағалау
________________________________________________
(құжаттардың тізбесін келтіру, жеткіліктілігін бағалау)
7.3. Су шаруашылығы және гидротехникалық құрылысжайларға және олардың элементтеріне бақылау жүргізу іс-шаралары бойынша, мерзімдері мен көлемі бөлігінде, басшылық ететін материалдар мен әдістемелік ұсынымдардың талаптардың орындалуын бақылау
____________________________________________________________________
7.4. Объектілерде су шаруашылығы және гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіз жұмысының әзірленген критерийлері мен көрсеткіштерінің болуы, қашан және кіммен әзірленген
____________________________________________________________________
7.5. Табиғи байқалар бойынша (бағалаудың жиілігі, кім өткізеді, қызметкерлердің біліктілігі, техникалық есептерді бағалау, жұмыстың жеделдігі) су шаруашылығы және гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі мен пайдалану сенімділігін.
____________________________________________________________________
7.6. Су шаруашылығы және гидротехникалық құрылысжайының қауіпсіздігі мен сенімділігін бақылау деректерін талдау, оларды пайдалану және бақылаудың қиын мәселелерін шешу үшін (ғылыми-техникалық сүйемелдеу) жобалаушы және мамандандырылған ғылыми-зерттеу ұйымдарын тарту
7.7. Су шаруашылығы мен гидротехникалық құрылысжайлардың және табиғи бақылау деректерінің банкісіне мониторинг жүргізу (техникалық бақылау бөлімшелері немесе ғылыми-зерттеу ұйымдарының қатысуымен)
______________________________________________________________________
7.8. Құрылысжайлардың жағдайы _______________________________________
8. Құрылысжайлардың жай-күйін бағалау шөгінділердің, көлденең жылжытулардың, кернеулердің, деформациялардың және сүзгілеу параметрлеріннің нақты мәндеріне сүйене отырып, оларға геотехникалық, гидрологиялық көрсеткіштердің әсерін ескере отырып беріледі
8.1. Құрылысжайлар және олардың жекелеген элементтерінің беріктігі мен орнықтылығын бағалау
____________________________________________________________________
8.2. Су тораптарының тұстамасында су өткізгіш имараттарының нақты қабылетін бағалау
____________________________________________________________________
8.3. Құрылысжайлар қырының және сүзгілеуге қарсы элементтердің қалыпты тірек (үдемелі) деңгейінен артуының жеткіліктілігін бағалау
____________________________________________________________________
8.4. Су шаруашылық және гидротехникалық құрылысжайлардың конструктивті элементтерінің жағдайын талдау
____________________________________________________________________
8.5. Су шаруашылығы және гидротехникалық құрылыстардың түйісу аймақтарының жай-күйін бағалау
____________________________________________________________________
8.6. Құрылысжайлардың арнайы болат конструкциялары мен механикалық құрылғыларының тұрақтылығы мен жұмысқа жарамдылығын бағалау
____________________________________________________________________
8.7. Құрылысжайларда орнатылған автоматика және апатқа қарсы қорғау құралдарының жұмысын бағалау
____________________________________________________________________
8.8. Жолдар мен оолардағы құрылысжайлардың жай-күйін бағалау; көпірлер бойынша көпірді пайдалануға берген жылы, көпірдің схемасы, аралық құрылыстың материалдары, тіректер, конструкциялардың жай-күйі, бар шектеулер, соңғы тексеруді жүргізу жылы және оның нәтижелері туралы, тексеруді жүргізген ұйым туралы мәліметтерді келтірген жөн
_______________________________________________________________________________________
9. Құрылысжайды жөндеу және реконструкциялау бойынша іс-шаралардың орындалуы
____________________________________________________________________
9.1. Соңғы бес жылда пайдалану сенімділігі мен қауіпсіздігіні артыруға бағытталған су шаруашылығы және гидротехникалық құрылысжайлардың жоспарлы жөндеу және реконструкциялау жұмыстары туралы мәлімет
Құрылысжайдың
атауы және
жұмыс құрамы
Жұмыстарды өткізу
мерзімдері
Сметалық
бағасы
Нақты
шығыстар
Ескерту
басталуы
аяқталуы
миллион теңге
миллион теңге
10. Құрылысжайларда жөндеу және реконструкциялау бойынша жұмыстардың жоспарланған көлемдерінің уақытылы орындалуы және жеткіліктілігін бағалау
_____________________________________________________________________
11. Құрылысжай қауіпсіздігі және сенімділігі бөлігінде орындалған реконструкциялау және жөндеу іс-шараларының техникалық тиімділігін бағалау
____________________________________________________________________
12. Құрылысжайларды жөндеу және техникалық қызмет көрсетілуін ұйымдастыру, көлемдердің жеткіліктілігі мен жұмыстардың уақыттылығы туралы қорытынды
____________________________________________________________________
13. Техникалық құжаттарды жүргізу
_______________________________________________________________________________________
13.1. Техникалық құжаттамалардың бар болуы туралы мәлімет
____________________________________________________________________
13.2. Техникалық құжаттамалардың жүргізілуін бағалау
____________________________________________________________________
14. Құрылысжайлардың сенімділігін қамтамасыз ететін іс-шаралардың орындалуы (алдындағы зерттеп-қарау комиссиясының ұсынысының орындалуы туралы мәлімет келтіріледі).
Іс-шаралар және
құжаттың атауы
Орындалу
нәтижесі
Орындалған күні
Ескерту
1
2
3
4
15. Объектінің құрылысжайлардағы апаттық жағдайларды оқшаулауға және жоюға дайындығын бағалау
____________________________________________________________________
16. Объектіде құрылысжайлардың тәндік істен шығуы, жарамсыздықтары мен апаттарының сипаттамалары, олардың туындау себептері мен дамуының алғашқы барысындағы көрініс белгілері бойынша құжаттардың бар болуы; аталған мәліметтердің падаланушы персоналдың білу деңгейі;
_______________________________________________________________________________________
17. Құрылысжайларда қауіпті зақымданулар мен апаттық жағдайлардың дамуын болдырмау (басу) және жою бойынша үлгілік инженерлік-технологиялық шешімдердің, жобалық әзірлемелердің немесе техникалық ұсынымдардың объектіде болуы; пайдаланушы персоналдың көрсетілген мәліметтерді білу деңгейі
______________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
(қандай құжаттар, материалдар және техникалық ұсыныстар барын көрсету; персонал білімін тексеру)
18. Құрылысжайлардағы апаттық жағдай мен қауіпті жарамсыздықты жедел жою үшін объектіде құрылыс материалдардың резервінің (ашық карьерлер мен топырақ үйінділері, цемент және металл), жер қазу техникалардың (экскаваторлар және бульдозердер), автокөліктер мен басқа механизмдердің болуы
_______________________________________________________________________
(не барын атап өту, жеткіліктілігін бағалау)
_____________________________________________________________________
19. Объектіде Құрылысжай қыры арқылы су асу қауіпі туындауындаған, штаттық механизмдерінің және құрылғылардың істен шығу жағдайында барлық ашық су ағызу тесіктер мен трактардың және апаттық құралдарының болуын және жұмыс қабілеттілігін бағалау
______________________________________________________________________
20. Гидротехникалық құрылысжай аумағы мен ауданында жолдардың, көпірлердің және өткелдердің жағдайы, объектіде пайдаланушы персонал үшін апаттық шығулардың жағдайы
______________________________________________________________________
21. Объектіде құрылысжайлар мен жабдықтардың су асты зақымдануларын жоюға арналған құралдардың болуы
_______________________________________________________________________________________
22. Құрылысжайларда апаттық жағдайды жою кезінде пайдаланушы персоналдың жедел әрекет ету жоспарының болуы, персоналдың осы жоспарды білу деңгейі
____________________________________________________________________________________
23. Апаттық жағдайлар кезінде құрылысжайдың персоналымен апаттық байланыс құралдарының болуы
_______________________________________________________________________________________
24. Құрылысжайдың қауіпсіздігі мен пайдалану мәселелері бойынша қоғамды және халықты хабарландыру әдісі
__________________________________________________________________________________________
25. Құрылысжайлардың пайдалану деңгейін бағалау
_______________________________________________________________________________________
26. Құрылысжайларда апаттық жағдайларды және қауіпті жарамсыздықтарды оқшаулау және жоюға объектінің дайындығы туралы жалпы қорытынды
____________________________________________________________________
27. Қорытындылар мен ұсыныстар
_____________________________________________________________________
28. Құрылысжайлардың техникалық жағдайы және оларды әрі қарай қауіпсіз пайдалану мүмкіншілігі туралы жалпы қорытынды
________________________________________________________________________________________________
29. Құрылысжайларда апаттық жағдайлар мен қауіпті жарамсыздықтарды оқшаулау және жоюға объектінің дайындығы туралы жалпы қорытынды
____________________________________________________________________
30. Су шаруашылығы және гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі мен сенімділігін арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар, жөндеу, реконструктивтік және басқа жұмыс түрлері, олардың орындалу мерзімімен
_______________________________________________________________________________________
31. Судың ысырабы мен ағуларын төмендетуге бағытталған іс-шаралар
__________________________________________________________________________________
Комиссия төрағасы:
____________________ _____________________________
(қолы) (тегі, аты-жөні)
Комиссия мүшелері:
_________________________________________________
(қолы) (тегі, аты-жөні)
_________________________________________________
(қолы) (тегі, аты-жөні)
_________________________________________________
(қолы) (тегі, аты-жөні)
_________________________________________________
(қолы) (тегі, аты-жөні)
_________________________________________________
(қолы) (тегі, аты-жөні)
Толтырылды ____ данада, қосымша ______ парақта
№ 1 дана ____, № 2 дана ____, № 3 дана _____
Актімен таныстым және бір данасын алдым 20 ___ ж. «___» «__________»
_______________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты-жөні)
2 Құрылысжайлардың жағдайын зерттеп-қаралатын көрсеткіштерінің тізімі
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрі м.а.
2025 жылғы 4 шілдедегі
№ 169-НҚ
Су шаруашылық және гидротехникалық
құрылысжайларының техникалық
жай-күйіне зерттеп-қарауды
жүргізу қағидасына
2-қосымша
Құрылысжайлардың жағдайын зерттеп-қаралатын көрсеткіштерінің тізімі