Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня целевых индикаторов в области физической культуры и спорта

Бұйрық · № 119 · қабылданған 02.07.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-212102/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении перечня целевых индикаторов в области физической культуры и спорта Қолданыста Бұйрық ·№ 119 ·02.07.2025
02.07.2025 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении перечня целевых индикаторов в области физической культуры и спорта

Қолданыста Бұйрық ·№ 119 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня целевых индикаторов в области физической культуры и спорта
Атауы (қаз.)
Дене шынықтыру және спорт саласындағы нысаналы индикаторлар тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
119
Қабылданған күні
02.07.2025
Көрсетілген редакция
02.07.2025 212102_769934.kaz
Соңғы өзгеріс
02.07.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25TS000119
ЭКБ идентификаторы
212102
Редакция идентификаторы
212102_769934
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 03:33

0 Дене шынықтыру және спорт саласындағы нысаналы индикаторлар тізбесін бекіту туралы

«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 65-23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған дене шынықтыру және спорт саласындағы нысаналы индикаторлардың тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1

1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институт» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберу;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет - ресурсында орналастыру.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі

7 Дене шынықтыру және спорт саласындағы нысаналы индикаторлар тізбесі

бұйрығымен бекітілген
Дене шынықтыру және спорт саласындағы нысаналы индикаторлар тізбесі

Нысаналы индикатордың атауы
Өлшем бірлігі
Деректер түрлері (ресми статистикалық ақпарат, халықаралық статистика, әкімшілік деректер)
Деректер көздері (ақпараттық жүйе, ресми статистикалық ақпарат, жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар, ведомстволық байқаулар негізінде алынған, әлеуметтік зерттеулер және сауалнамалар)
1
Халықтың 1000 адамға шаққандағы спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі
%
ресми статистикалық ақпарат
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2022 жылғы 11 қазандағы № 297 бұйрығымен бекітілген «Ведомстволық статистикалық байқаулардың нысандарын бекіту туралы» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны шеңберінде қалыптастырылатын ресми статистикалық ақпарат (индексі 1-ФК, кезеңділігі жылдық)
2
Дене шынықтырумен және спортпен айналысатын балалар мен жасөспірімдердің үлесі
%
ресми статистикалық ақпарат
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2022 жылғы 11 қазандағы № 297 бұйрығымен бекітілген «Ведомстволық статистикалық байқаулардың нысандарын бекіту туралы» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны шеңберінде қалыптастырылатын ресми статистикалық ақпарат (индексі 1-ФК, кезеңділігі жылдық)
3
Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын азаматтардың үлесі
%
ресми статистикалық ақпарат
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2022 жылғы 11 қазандағы № 297 бұйрығымен бекітілген «Ведомстволық статистикалық байқаулардың нысандарын бекіту туралы» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны шеңберінде қалыптастырылатын ресми статистикалық ақпарат (индексі 1-ФК, кезеңділігі жылдық)
4
Дене шынықтырумен және спортпен айналысатындардың жалпы ұлттық спорт түрлерімен айналысатын азаматтардың үлесі
%
ресми статистикалық ақпарат
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2022 жылғы 11 қазандағы № 297 бұйрығымен бекітілген «Ведомстволық статистикалық байқаулардың нысандарын бекіту туралы» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны шеңберінде қалыптастырылатын ресми статистикалық ақпарат (индексі 1-ФК, кезеңділігі жылдық)
5
Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, спорт шебері нормативтерін орындаған олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері түлектерінің үлесі
%
ресми статистикалық ақпарат
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2022 жылғы 11 қазандағы № 297 бұйрығымен бекітілген «Ведомстволық статистикалық байқаулардың нысандарын бекіту туралы» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны шеңберінде қалыптастырылатын ресми статистикалық ақпарат (индексі 1-ФК, кезеңділігі жылдық)
6
Халықаралық деңгейдегі ресми спорттық іс-шараларда жылына жеңіп алынған медальдар саны
саны
халықаралық статистика
Халықаралық федерациялардың хаттамалары

Қолданыстағы