Карасайский район Жандосовский сельский округ Село Шалкар Наименование улиц
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Карасайский район Жандосовский сельский округ Село Шалкар Наименование улиц
- Атауы (қаз.)
- Қарасай ауданы Жандосов ауылдық округі Шалқар ауылының көшелері атау беру
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 60
- Қабылданған күні
- 09.07.2025
- Көрсетілген редакция
- 09.07.2025 I212129_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.07.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25DKB0060B
- ЭКБ идентификаторы
- 212129
- Редакция идентификаторы
- I212129_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 03:25
0 Қарасай ауданы
Жандосов ауылдық округі
Шалқар ауылының
көшелері атау беру
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жандосов ауылдық округі Шалқар ауылының халқының пікірін ескере отырып және 2025 жылғы 11 маусымдағы Алматы облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Қарасай ауданы Жандосов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Жандосов ауылдық округінің Шалқар ауылының көшелеріне келесі атаулар берілсін:
1
1) Шалқар ауылының оңтүстік батысында орналасқан бірінші көшеге «Қазанат», екінші көшеге «Ақжібек», үшінші көшеге «Ақбөкен», төртінші көшеге «Бозқараған», бесінші көшеге «Салқынбел», алтыншы көшеге «Алдаспан» көшесі; Шалқар ауылының солтүстік шығысында орналасқан бірінші көшеге «Ақтерек», екінші көшеге «Кербез», үшінші көшеге «Ақберен», төртінші көшеге «Көктерек» көшесі; Шалқар ауылының оңтүстік шығысында орналасқан бірінші көшеге «Жержидек»; екінші көшеге «Кемеңгер», үшінші көшеге «Ақжелкен», төртінші көшеге «Байтақ», бесінші көшеге «Бірлік», алтыншы көшеге «Жас қыран», жетінші көшеге «Жерұйық», сегізінші көшеге «Ақжелең» көшесі.