О правилах оказания жилищной помощи Күшін жойған
Басқа 0
Тұрғын үй көмегін көрсету Ережелері туралы
1997 жылғы 16 сәуірде шыққан № 94-1 Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық қарым-қатынас туралы» және Қазақстан Республикасының жылғы 23 қаңтардағы шыққан № 148-11 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңының 31-бабы заңы, негізінде Таран аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережелері туралы » бекітілсін.
Тармақ 2
2. Таран аудандық мәслихатының сессиясының № 7 2003 жылы 7 қазанда шешілген «Отбасыларға (азаматтарға) тұрмыстық коммуналдық қызметтердің және тұрғын үйді ұстаудың төлемдеріне әлеуметтік көмек көрсету ережелерін» бекіту туралы, 2003 жылдың 7 қазанынан № 2579 тіркеу нөмірі бар, шешімі күшін жоғалтқан деп есептелсін.
Басқа 3. Тұрғын үй көмегін көрсету ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы Таран
аудандық мәслихатының
кезектен тыс сессиясының
(үшінші шақырылған)
16 тамыз 2004 жыл № 77
«Тұрғын үй көмегін көрсету
Ережелері туралы» шешіміне
қосымша
Тұрғын үй көмегін көрсету ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Тұрғын үй көмегі - халықты әлеуметтік қорғаудың бір түрі болып саналып, отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй қаражатына пайдаланатын коммуналдық қызметтеріне және тұрғын үйлерді жалға алудағы жұмсалған шығыстардың төлемдерін мемлекеттік және жеке тұрғын үй қорының орнын өтеуге беріледі.
Тармақ 2
2. Егер тұрғын үй қаражатын және пайдаланатын коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығыстар тұрғын алаңның белгіленген нормалар шегінде өтем шамасымен қамтамасызданған, бірақ нақты алып жатқан тұрғын алаңынан және тұрғын үй қаражатына, пайдаланатын коммуналдық қызметтерге жұмсалатын отбасы бюджетінің шығыстары осы мақсаттарға жұмсалатын шығыстар шегінен асып тұрса, тұрғын үй көмегі ауданның тұрақты тұрғындарына беріледі. Орталықтандырылған жылу жүйесімен қамтамасыздандырылған және тұрғын үйді газбен жылытатын отбасылардың тұрғын үй қаражатына және коммуналдық қызметтерінде жұмсалатын шығыс шегінің үлесі отбасының жиынтық кірісінің 25 пайыз мөлшерінде белгіленеді. Осы белгіленген нормадан жоғары тұрғын үй қаражатына және коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығыстарының төлемдері жалпы негізде жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Өтем шаралары қамтамасыздандыратын тұрғын ауданның нормалары тұрмыс заңымен белгіленген отбасының әрқайсы мүшесіне тұрғын үйді беру нормасына теңеліп, бір адамның 18 шаршы метр пайдалы ауданын құрап, бір бөлмелі пәтерден кем болмауы қажет. Жалғызтұрушы азаматтар үшін, алып жатқан ауданына байланыссыз, 30 шаршы метр шек араларында, бірақ нақты ауданнан аспауы қажет.
Тармақ 4
4. Өтем шараларымен қамтамасызданған коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеу аспаптары жоқ тұтынушыларға (жылу қуаты, сумен жабдықтау, газ, электр қуаты, су арнасы, қоқыс шығару) облыс әкімі бекітеді. Тұтынушылардың есепке алатын шығындары, яғни оны коммуналдық қызметтері есепке алатын аспаптары болса, оның алдындағы көрсетілгендіктен есеп аспаптарының көрсеткіші бойынша жүргізіледі, бірақ, облыс әкімімен белгіленген коммуналдық кызметтерді тұтыну нормаларынан аспауы тиіс.
Тармақ 5
5. Тұрғын үй көмегі ауданның жергілікті жерінде тұратын және меншігі бар өзінің немесе жалмен (жалға) пайдаланатын тұрғын үйі бар жеке тұлғаларға тағайындалады.
Тармақ 6
6. Жеке меншігінде бірнеше тұрғын үйлері (пәтерлері, үйлері) бар немесе тұрғын үйлерді (жалға) берушілер тұрғын үй көмегін алу құқықтарын жоғалтады.
Бұл ереже жекешелендіруге қатысқандарға әке-шешелері балаларымен немесе неке бұзғандарға өз әрекетін тигізбейді.
Тармақ 7
7. Егерде отбасында еңбекке жарамды, бірақ жұмыс істемейтін немесе оқымайтын кісілер болса, әскер қатарында кызмет атқармайтын, жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелмеген және еңбек демалысында еңбек ақысыз алты айдан жоғары жүрген азаматтардың тұрғын үй көмегін алуға құқықтары жоқ. Осы азаматтарды қоспағанда, тұрғын үй көмегіне ілігетін топтар: бір айдан кем уақыт стационарлық емдеуде болғандар, құрт ауруларымен және қатерлі ісіктермен, жүйке ауруларымен ауыратындар, емдеу органдарында тұрақты есепте тұрғандар, емдеу мекемелерінің дәрігерлік кеңес комиссияларының қорытуымен уақытша еңбекке жарамсыздар, оқушылар мен студенттер, тыңдаушылар мен күндізгі оқу түрлеріндегі курсанттар, магистранттар, аспиранттар, мүгедектер, жасы жеткен зейнеткерлер, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын азаматтар, бірінші топтағы мүгедектер және он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларды күтумен айналысатындар, сексен жастан асқан зейнеткерлер, жеті жасқа дейінгі балалар.
Тармақ 8
8. Тұрғын үй көмегін алушылар өз меншігіндегі тұрғын үйдегі кез келген өзгерістер бойынша және дұрыс саналмаған көмек жайлы мәліметтерді он күн ішінде тұрғын үй көмегін көрсету органдарына беруге міндетті. Әлеуметтік қорғау органдарына жалған мәліметтер бергені үшін, оның арқасында жоғары немесе заңсыз өтемақылар төленсе, алынған тұрғын үй көмегі толық мөлшерде бюджетке қайтарылуы тиіс. Одан бас тартқандардан, бұл іс сот арқылы жүзеге асырылады.
Комиссияның шешімі бойынша тұрғын үй көмегін алуға жалған мәліметтерді бергені үшін алушы бір жылға дейін тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
Тарау 2. 2. Тұрғын үй көмегін белгілеу
2. Тұрғын үй көмегін белгілеу
Тармақ 9
9. Тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар тұлға аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына (бұдан әрі - уәкілетті орган) өтінішін, отбасы құрамы туралы анықтама, тұрғын үй көмегіне тағайындалу алдыңғы тоқсан бойынша отбасының жиынтық кірісі жайлы анықтама, есеп аспаптарының құжатымен сендірілген нақты коммуналдық шығыс дәлелдерін береді. Шығынды есептейтін аспаптары бар тұтынушылар үшін нақты шығындары сол аспаптар көрсеткіштерінен алдынғы немесе соңғы тоқсан бойынша есептеледі.
Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін жиынтық кірісті есептегенде отбасының, тұрғын үй көмегінен басқа, барлық кірістері есептеледі.
Егерде өтініш жасағанға дейін алдындағы тоқсанда бір және бірнеше отбасы құрамының мүшелері жұмыссыздар қатарында болып жұмыспен қамту орталығына тіркелмесе, тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
Тармақ 10
10. Жеке санаттағы азаматтарға тұрғын үй көмегін тағайындау шешімін әлеуметтік көмегін көрсету комиссиясы қабылдайды.
Тармақ 11
11. Келіп түскен құжаттарды қарау нәтижесінде меншік иесі (жалдаушы) және уәкілетті орган арасында келісім шарт жасалады.
Тармақ 12
12. Өтініш берушінің тапсырған құжаттарының нақтылығына күмән туса, уәкілетті орган қосымша құжаттарды талап етуге құқылы, ал заңды және жеке тұлғалар тұрғын үй көмегін тағайындауға міндетті түрде тиісті мәліметтер тапсыруы керек.
Тармақ 13
13. Тұрғын үй көмегінің сомасын жазбаша өтініш бойынша екінші деңгейдегі банк арқылы өтініш берушінің жеке шотына аударым түрде уәкілетті орган аударады.
Тармақ 14
14. Тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанда құжаттарын тапсырған айдан бастап (тек бірінші тоқсаннан басқа, жылу беру науқаны бітуіне байланысты, көмек жылу беру науқаны аяқталғанша) тағайындалады. Ағымдағы айда құжаттарды қабылдау айдың 24-і күні бітеді. Тағайындалған тұрғын үй көмегі толық теңгеге дейін дөңгеленеді. Әр отбасының тұрғын үйді ұстауға төлемақыларының тиісті шектелген шығыс мөлшерін және коммуналдық қызметтерді тұтыну үлесінің өзгеруіне байланысты отбасының кірістері және коммуналдық қызметтердің тарифтеріне уәкілетті органдар бұрынғы белгіленген соманы қайтадан есептейді.
Тармақ 15
15. Тұрақты табыс көздері жоқ азаматтарға тұрғын үй көмегінің мөлшерін есептеп белгілегенде келесі есептік көрсеткіштер пайдаланады:
жұмыссыз және еңбек ақысыз демалыстағы азаматтарға - алты айлық, 18 жастан зейнеткерлік жасқа жеткенге дейіндерге өткен тоқсанның екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді.
16. Көмектің мөлшері жалгердің (меншік иесінің) нақты төлемнің айырмашылығы есебінде есептеліп, тұрғын үй және коммуналдық қызметті тұтынудың нормалы шегінде өтем ақы шараларымен қамтамасыздандырылған және тиісті деңгейдегі отбасының шектелген осы мақсаттағы шығыстары және нақты шығындар сомасынан аспауы керек.
Тарау 3. 3. Отбасылардың (азаматтардың) жиынтық кірісін есептеу ережелері
3. Отбасылардың (азаматтардың) жиынтық кірісін есептеу ережелері
Тармақ 17
17. Отбасының (азаматтардың) жиынтық кірісіне Қазақстан Республикасында алынған табыстар мен оның сыртындағы тапқан табыстар да кіреді, белгіленген уақыт периодында түсу көзіне қарамастан ақшалай немесе нақтылай түрі, осыған қоса еңбекақы түріндегі кірістер, кәсіпкерліктің кірістері, меншік кірістері, мемлекеттік және мемлекеттік емес зейнетақылар, төлемақылар, өтеу төлемдері мен басқа да әлеуметтік қолдау түрлері, балаларға және асыраудағыларға алынатын алименттер, денсаулыққа зиян келтіруді өтеу барысындағы біруақытты соммалар, ақшалай және заттай ұтыстар, жеке қосалқы шаруашылықтың (үй малы, бақша, бақ) кірістері есептеледі.
Тармақ 18
18. Жиынтық кірісте есептелетін қосалқы шаруашылықтан алынатын бір тоқсанның кіріс көлемі отбасының айлық есеп көрсеткішінің екі есе мөлшерінде алынады.
Тармақ 19
19. Кірістері жоқ азаматтарға, 18 жастан зейнеткер жасқа жеткенше тұрғын үй көмегі әр айда айлық көрсеткіштің екі есе мөлшерінде көрсетіледі.
Тарау 4. 4. Қаржыландыру көздері
4. Қаржыландыру көздері
Тармақ 20
20. Тұрғын үй көмегің қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі.
Тармақ 21
21. Тұрғын үйлерді ұстауға ереже белгілейтін есептік шығыстарды белгілеу және коммуналдық қызметтерді беру табиғи монополияны реттеу мен бәсекелестікті қорғау Қазақстан Республикасының Департаментінің бақылауымен жүргізіледі.
Тармақ 22
22. Уәкілетті орган тағайындалған жәрдемақы сомасын көрсетеді, тұрғын үй көмегін алушылардың тізімдерін жасайды және әр айдың 5-ші күніне төлеу үшін қаржы органына жинақты ведомостар тапсырады.
Тармақ 23
23. Қаржы органдары тапсырылған ведомостар негізінде төлем тапсырмамен бағдарлама әкімшілігіне төлеу жергілікті бюджетте қарастырылған ассигнования есебінен қаржыландырады.
Тармақ 24
24. Аудандық қаржы басқармасы жылына бір рет бірінші реттегі құжаттармен міндетті түрде бюджет қаражатын тұрғын үй көмегіне жұмсаудың дұрыстығын тексереді.
Тарау 5. 5. Тұрғын үй көмегін тағайындауға азаматтардың әлеуметтік қорғау органдарына өтініш жасау тәртібі
5. Тұрғын үй көмегін тағайындауға азаматтардың әлеуметтік қорғау органдарына өтініш жасау тәртібі
Тармақ 25
25. Тұрғын үй көмегіне үміткерлер еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына міндетті түрде тұрғын үй көмегін тағайындау жөнінде өтініш тапсыруы керек, оған қоса:
Тармақша 1
1) отбасының жалпы кірісін куәләндыратын құжаттар (тоқсан сайын). Жұмыс істейтіндердің еңбек ақысы туралы анықтама, ажырасқандағы - алимент туралы, қосалқы шаруашылық және тұқым себетін ауласының бары туралы анықтама, қаржы комитетінің анықтамасы, жеке кәсіпкерлікпен айналысуы туралы ескертуі тиісті. Жасы бойынша зейнеткерлер және жәрдемақы алушылар, зейнеткерлердің зейнетақылық (жинақтау) кітапшасы;
Тармақша 2
2) отбасы кұрамы туралы анықтама.