Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах регулирования ввоза гипсокартона на территорию Республики Казахстан

Бұйрық · № 248 · қабылданған 08.07.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-212174/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О некоторых вопросах регулирования ввоза гипсокартона на территорию Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 248 ·08.07.2025
08.07.2025 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах регулирования ввоза гипсокартона на территорию Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 248 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах регулирования ввоза гипсокартона на территорию Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы аумағына гипсокартонды үшінші елдерден әкелуді реттеудің кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
248
Қабылданған күні
08.07.2025
Көрсетілген редакция
08.07.2025 212174_767512.kaz
Соңғы өзгеріс
08.07.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500036420
ЭКБ идентификаторы
212174
Редакция идентификаторы
212174_767512
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 03:30

0 Қазақстан Республикасы аумағына гипсокартонды үшінші елдерден әкелуді реттеудің кейбір мәселелері туралы

«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 2-тармағына және 18-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына және 22-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 47-бабына, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден гипсокартонды (Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы коды ЕАЭО СЭҚ ТН коды 6809110000 - гипстен жасалған ою-өрнегі жоқ, тек қағазбен немесе картонмен қапталған немесе арматураланған тақталар, табақтар, панельдер, тақтайшалар және ұқсас бұйымдар) көліктің барлық түрлерімен әкелуге үш ай мерзімге тыйым салу енгізілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті:

1 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті осы бұйрықтың 1-тармағын іске асыру бойынша;

2

2) Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті және «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде шаралар қабылдау туралы хабарласын;

3 3) Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық комиссиясын осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген тыйым салуды енгізу туралы хабардар етсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

Қолданыстағы