Құжат мәтініне өту

Об утверждении норматива субсидий, а также критериев получения субсидий, формы заявки и срока подачи заявки на возмещение затрат на содержание племенного поголовья пород лошадей верхового и верхово-упряжного направлений, выведенных на территории Республики Казахстан

Қаулы · № 191 · қабылданған 08.07.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-212202/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении норматива субсидий, а также критериев получения субсидий, формы заявки и срока подачи заявки на возмещение затрат на содержание племенного поголовья пород лошадей верхового и верхово-упряжного направлений, выведенных на территории Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 191 ·08.07.2025
08.07.2025 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении норматива субсидий, а также критериев получения субсидий, формы заявки и срока подачи заявки на возмещение затрат на содержание племенного поголовья пород лошадей верхового и верхово-упряжного направлений, выведенных на территории Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 191 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении норматива субсидий, а также критериев получения субсидий, формы заявки и срока подачи заявки на возмещение затрат на содержание племенного поголовья пород лошадей верхового и верхово-упряжного направлений, выведенных на территории Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының аумағында өсірілген мініс және мініс-жегін жылқылар бағытындағы тұқымдарының асыл тұқымды мал басын күтіп-бағуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша cубсидиялар нормативін, сондай-ақ субсидиялар алу өлшемшарттарын, өтінім нысанын және өтінім беру мерзімін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
191
Қабылданған күні
08.07.2025
Көрсетілген редакция
08.07.2025 212202_765054.kaz
Соңғы өзгеріс
08.07.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25N000191A
ЭКБ идентификаторы
212202
Редакция идентификаторы
212202_765054
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 03:30

0 Қазақстан Республикасының аумағында өсірілген мініс және мініс-жегін жылқылар бағытындағы тұқымдарының асыл тұқымды мал басын күтіп-бағуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша cубсидиялар нормативін, сондай-ақ субсидиялар алу өлшемшарттарын, өтінім нысанын және өтінім беру мерзімін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 болып тіркелген) сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мыналар:

1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында өсірілген мініс және мініс-жегін жылқылар бағытындағы тұқымдарының асыл тұқымды мал басын күтіп-бағуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша cубсидиялар нормативі, сондай-ақ субсидиялар алу өлшемшарттары және өтінім беру мерзімі;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында өсірілген мініс және мініс-жегін жылқылар бағытындағы тұқымдарының асыл тұқымды мал басын күтіп-бағуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша субсидиялар алуға арналған өтінімінің нысаны бекітілсін.

2 2. «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1

1) осы қаулыға қол қойылған күнінең бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

2 2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 Қазақстан Республикасының аумағында өсірілген мініс және мініс-жегін жылқылар бағытындағы тұқымдарының асыл тұқымды мал басын күтіп-бағуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша cубсидиялар нормативі, сондай-ақ субсидиялар алу өлшемшарттарын және өтінім беру мерзімі

Қостанай облысы әкімдігінің
2025 жылғы 8 шілдедегі
№ 191 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының аумағында өсірілген мініс және мініс-жегін жылқылар бағытындағы тұқымдарының асыл тұқымды мал басын күтіп-бағуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша cубсидиялар нормативі, сондай-ақ субсидиялар алу өлшемшарттарын және өтінім беру мерзімі
Өлшем бірлігі
1 бірлікке
арналған
субсидиялар нормативтері, теңге
Субсидиялар алу өлшемшарттар
Өтінім беру
мерзімі
Бас/жылына бір рет
858 500
1. Есепке алу нөмірінің болуы.
2. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің болуы.
3. Өтінім беру сәтінде асыл тұқымды мал басын ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқормен және селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың
ақпараттық қорымен тіркелген болуы.
4. Республикалық зауыттық жылқылар палатасы берген асыл тұқымды мал мәртебесінің болуы.
5. Аккредиттелген зертхана жүргізген әке мен ананың ДНҚ генотиптеу нәтижелерін растай отырып, жылқының ДНҚ генотиптеу нәтижелерінің болуы.
6. Жылқыларды бонитирлеу жөніндегі Нұсқаулықта белгіленген мерзімдерде жылқыларды бонитирлеуді жүргізу (жылқы шаруашылығында асыл тұқымдық есепке алудың барлық белгіленген нысандарының болуы және жүргізілуі).
7. Жеке жылқылардың ипподромдарда тегіс және қашықтықтан ат жарысына міндетті түрде қатысуы.
Ағымдағы
жылдың 20 қаңтарынан 20 желтоқсанына
дейін (қоса алғанда)

8 Қазақстан Республикасының аумағында өсірілген мініс және мініс-жегін жылқылар бағытындағы тұқымдарының асыл тұқымды мал басын күтіп-бағуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша субсидиялар алуға арналған өтінім

Қостанай облысы әкімдігінің
2025 жылғы 8 шілдедегі
№ 191 қаулысына
2-қосымша
Нысаны
Қазақстан Республикасының аумағында өсірілген мініс және мініс-жегін жылқылар бағытындағы тұқымдарының асыл тұқымды мал басын күтіп-бағуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша субсидиялар алуға арналған өтінім
«Қостанай облысы әкімдігінің ауыл
шаруашылығы және жер қатынастары
басқармасы» ММ
Өтінім нөмірі: _____
Өтінімнің қалыптастырылған күні: ____
1. Тауар өндірушінің атауы ____________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі/заңды тұлғаның атауы)
2. Тауар өндірушінің мекенжайы: _______________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________
(облыс, аудан, қала/ауыл/көше, үй нөмірі)
3. ЖСН/БСН __________________ ______________________________________________________________________
4. Банктік реквизиттер (ЖСК, Кбе, БСК): _________________________________________________________________
5. Шаруашылықтың есепке алу нөмірі: __________________________________________________________________
6. Өтінім берушінің жер учаскелері туралы мәліметтер:
Р/с

Кадастрлық нөмірі
Жалпы алаңы, гектар
Жер санаты
Нысаналы мақсаты
1
2
3
4
5
7. Тауар өндірушінің телефон нөмірі ____________________________________________________________________
8. Асыл тұқым мал басының тізімі:
Р/с

АЖБ-да тіркелген ЖСН
САТЖАҚ-дағы тіркеу нөмірлері
1
2
3
9. Аккредиттелген зертхана жүргізген әке мен ананың ДНҚ генотиптеу нәтижелерін растай отырып, жылқының ДНҚ
генотиптеу нәтижелерін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
10. Жылқыларды бағалау жүргізілгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
11. Субсидиялау нормативі бір басқа 858 500 теңге.
12. Тиесілі субсидияның жалпы сомасы ___________ теңге.
Мәлімделген мал басының жыл бойы сақталуын (мал шығынының зоотехникалық және ветеринариялық нормаларын
қоспағанда) қамтамасыз ететінімді растаймын, сақтауды қамтамасыз етпеген жағдайда жануарының сақталмаған басы
үшін алынған субсидияларды қайтаруға келісемін.
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, менің
дербес деректерімді жинауға, өңдеуге, сондай-ақ көрсетілген мемлекеттік қызмет бойынша деректерді бюджетті атқару
жөніндегі уәкілетті органға беруге келісім беремін.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
АЖБ – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқор;
БСК – банктік сәйкестендіру коды;
БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі;
ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жануардың сәйкестендіру нөмірі;
Кбе – бенефициар коды;
САТЖАҚ – селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қоры.

Қолданыстағы