Құжат мәтініне өту

Об утверждении Соглашения в форме обмена письмами между Правительством Республики Казахстан и Организацией Объединенных Наций относительно правового статуса Офиса Постоянного координатора Организации Объединенных Наций в Республике Казахстан

Қаулы · № 531 · қабылданған 12.07.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-212319/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Соглашения в форме обмена письмами между Правительством Республики Казахстан и Организацией Объединенных Наций относительно правового статуса Офиса Постоянного координатора Организации Объединенных Наций в Республике Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 531 ·12.07.2025
12.07.2025 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Соглашения в форме обмена письмами между Правительством Республики Казахстан и Организацией Объединенных Наций относительно правового статуса Офиса Постоянного координатора Организации Объединенных Наций в Республике Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 531 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Соглашения в форме обмена письмами между Правительством Республики Казахстан и Организацией Объединенных Наций относительно правового статуса Офиса Постоянного координатора Организации Объединенных Наций в Республике Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы Тұрақты үйлестірушісі офисінің құқықтық мәртебесі туралы хаттармен алмасу нысанындағы келісімді бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
531
Қабылданған күні
12.07.2025
Қолданысқа енгізілген күні
12.07.2025
Көрсетілген редакция
12.07.2025 212319_767659.kaz
Соңғы өзгеріс
12.07.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2500000531
ЭКБ идентификаторы
212319
Редакция идентификаторы
212319_767659
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 03:21

0 Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы

арасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы
Тұрақты үйлестірушісі офисінің құқықтық мәртебесі туралы хаттармен
алмасу нысанындағы келісімді бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған 2025 жылғы 30 сәуірде Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы Тұрақты үйлестірушісі офисінің құқықтық мәртебесіне қатысты хаттармен алмасу нысанындағы келісім бекітілсін.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы

Үкіметінің
2025 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Жоғары мәртебелі,
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің
орынбасары – Сыртқы істер министрі
Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу мырзаға
Астана қ.
«____» _________2025 ж.
Жоғары мәртебелі,
Біріккен Ұлттар Ұйымы даму жүйесін қайта бағдарлау және тұрақты үйлестірушілердің жаңа жүйесін құру туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 2018 жылғы 31 мамырдағы 72/279 қарарына назар аударуды өзіме мәртебе санаймын.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы Тұрақты үйлестірушісі офисінің қызметіне және болуына қатысты қолданылатын құқықтық базаны құруға өзара мүдделілікке сүйене отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылымдары Қазақстан Республикасы Үкіметіне көмек көрсету шарттарында Қазақстан Республикасы Үкіметімен 1992 жылғы 5 қазандағы Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы Өкілдігін ашу туралы келісімнің (бұдан әрі – 1992 жылғы Келісім) құрамдас бөлігі болатын қосымша келісімдер жасалуы мүмкін 1992 жылғы Келісімнің 18-бабы 1-тармағын басшылыққа ала отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы Тұрақты үйлестірушісі офисінің қызметіне, активтері мен персоналына 1994 жылғы 4 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы арасындағы келісім ережелерін қолдануды Біріккен Ұлттар Ұйымының атынан ұсынуды мәртебе санаймын.
Оған қоса, Сіздің Үкіметіңіздің жоғарыда көрсетілген ұсыныспен келісетінін растайтын Жоғары мәртебеліңіздің жауап хатын алған жағдайда, осы хат және Жоғары мәртебеліңіздің жауап хаты Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Қазақстан Республикасындағы Тұрақты үйлестірушісі офисінің құқықтық мәртебесі туралы хаттармен алмасу нысанындағы келісімді құрайтынын, ол 1992 жылғы Келісімнің 18-бабы 1-тармағына сәйкес қосымша келісімді білдіріп және тиісінше 1992 жылғы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатынын ұсынуды мәртебе санаймын. Осы Келісім Біріккен Ұлттар Ұйымы Қазақстан Республикасы Үкіметінен күшіне енуі үшін қажетті мемлекетшілік рәсімдердің аяқталғаны туралы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күшіне енеді.
Сөз соңында, осы Келісім Тараптардың бірі екінші Тараптың оның күшін тоқтату ниеті туралы жазбаша хабарламасын дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап алты (6) ай өткеннен кейін өз қолданысын тоқтататынын ұсынғым келеді.
Жоғары мәртебелі, өзіңізге деген аса жоғары құрметімді қабыл алыңыз.
Оскар Фернандес-Таранко,
Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының
Дамуды Үйлестіру жөніндегі көмекшісі
Жоғары мәртебелі,
Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының
Дамуды Үйлестіру жөніндегі көмекшісі
Оскар Фернандес-Таранко мырзаға
Нью-Йорк қ.
2025 жылғы «____» _________
Жоғары мәртебелі,
Мен Сіздің мына мазмұндағы 2025 жылғы 28 ақпандағы хатыңызды алғанымды растаймын:
«Біріккен Ұлттар Ұйымы даму жүйесін қайта бағдарлау және тұрақты үйлестірушілердің жаңа жүйесін құру туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 2018 жылғы 31 мамырдағы 72/279 қарарына назар аударуды өзіме мәртебе санаймын.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы Тұрақты үйлестірушісі офисінің қызметіне және болуына қатысты қолданылатын құқықтық базаны құруға өзара мүдделілікке сүйене отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылымдары Қазақстан Республикасы Үкіметіне көмек көрсету шарттарында Қазақстан Республикасы Үкіметімен 1992 жылғы 5 қазандағы Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы Өкілдігін ашу туралы келісімнің (бұдан әрі – 1992 жылғы Келісім) құрамдас бөлігі болатын қосымша келісімдер жасалуы мүмкін 1992 жылғы Келісімнің 18-бабы 1-тармағын басшылыққа ала отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы Тұрақты үйлестірушісі офисінің қызметіне, активтері мен персоналына 1994 жылғы 4 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы арасындағы келісім ережелерін қолдануды Біріккен Ұлттар Ұйымының атынан ұсынуды мәртебе санаймын.
Оған қоса, Сіздің Үкіметіңіздің жоғарыда көрсетілген ұсыныспен келісетінін растайтын Жоғары мәртебеліңіздің жауап хатын алған жағдайда, осы хат және Жоғары мәртебеліңіздің жауап хаты Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Қазақстан Республикасындағы Тұрақты үйлестірушісі офисінің құқықтық мәртебесі туралы хаттармен алмасу нысанындағы келісімді құрайтынын, ол 1992 жылғы Келісімнің 18-бабы 1-тармағына сәйкес қосымша келісімді білдіріп және тиісінше 1992 жылғы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатынын ұсынуды мәртебе санаймын. Осы Келісім Біріккен Ұлттар Ұйымы Қазақстан Республикасы Үкіметінен күшіне енуі үшін қажетті мемлекетшілік рәсімдердің аяқталғаны туралы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күшіне енеді.
Сөз соңында, осы Келісім Тараптардың бірі екінші Тараптың оның күшін тоқтату ниеті туралы жазбаша хабарламасын дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап алты (6) ай өткеннен кейін өз қолданысын тоқтататынын ұсынғым келеді.
Жоғары мәртебелі, өзіңізге деген аса жоғары құрметімді қабыл алыңыз.».
Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан жоғарыда көрсетілген ұсыныспен және Жоғары мәртебеліңіздің хаты мен осы хат Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы Тұрақты үйлестірушісі офисінің құқықтық мәртебесі туралы хаттармен алмасу нысанындағы келісімді құрайтынына келісетінімді растауды мәртебе санаймын.
Жоғары мәртебелі, өзіңізге деген зор құрметімді қабыл алуыңызды сұраймын.
Мұрат Нұртілеу,
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Сыртқы істер министрі

Қолданыстағы