Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил функционирования специализированных спортивных классов

Бұйрық · № 128 · қабылданған 10.07.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-212405/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил функционирования специализированных спортивных классов Қолданыста Бұйрық ·№ 128 ·10.07.2025
10.07.2025 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил функционирования специализированных спортивных классов

Қолданыста Бұйрық ·№ 128 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил функционирования специализированных спортивных классов
Атауы (қаз.)
Мамандандырылған спорт сыныптарының жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
128
Қабылданған күні
10.07.2025
Қолданысқа енгізілген күні
01.08.2025
Көрсетілген редакция
10.07.2025 212405_770172.kaz
Соңғы өзгеріс
10.07.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500036450
ЭКБ идентификаторы
212405
Редакция идентификаторы
212405_770172
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 03:23

0 Мамандандырылған спорт сыныптарының жұмыс істеу қағидаларын

бекіту туралы
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Мамандандырылған спорт сыныптарының жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты күшіне енгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының туризм және спорт вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі

0 Мамандандырылған спорт сыныптарының жұмыс істеу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы 10 шілдедегі
№ 128 бұйрықпен
бекітіледі
Мамандандырылған спорт сыныптарының жұмыс істеу қағидалары

1 1 тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы мамандандырылған спорт сыныптарының жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және жалпы білім беретін мектептер базасында тереңдетілген оқу-жаттығу процесі негізінде әртүрлі спорт түрлері бойынша білім алушылар мен тәрбиеленушілердің спорттық даярлығын жүзеге асыратын мамандандырылған спорт сыныптары қызметінің тәртібін айқындайды.

2

2. Әртүрлі спорт түрлері бойынша мамандандырылған спорт сыныптары жалпы білім беретін мектептердегі қызметін «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына сәйкес жүзеге асырады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген) (бұдан әрі – Үлгілік оқу жоспарлары).

3 3. Мамандандырылған спорт сыныптары қызметінің негізгі мақсаттары:

1 1) дене шынықтыру-спорт ұйымдарында спорт резервін дайындауды жүзеге асыру;

2 2) жалпы білім беретін мектепте оқуды оқу-жаттығу үдерісімен ұтымды ұштастыру үшін жағдай жасау.

4 4. Дене шынықтыру-спорт ұйымы жүзеге асырады:

1 1) оқу-жаттығу процесін ұйымдастыру және өткізу;

2 2) спорттық іс-шараларға және жаттығу жиындарына қатысу;

3 3) спорттық мүкәммалмен және жабдықтармен қамтамасыз ету.

2 2 тарау. Әртүрлі спорт түрлері бойынша мамандандырылған спорт сыныптарының қызмет тәртібі

5 5. Әр түрлі спорт түрлері бойынша мамандандырылған спорт сыныптары жалпы білім беретін мектепте 5-11 сынып оқушылары үшін ашылады.

6 6. Мамандандырылған спорт сыныптарын ашу туралы шешім дене шынықтыру-спорт ұйымы және білім беру, дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша жалпы білім беретін мектеп директорының шешімімен қабылданады.

7 7. Әр түрлі спорт түрлері бойынша мамандандырылған спорт сыныптары спорттық қабілеті жоғары және келешегі бар білім алушылардың қатарынан жасақталады

8 8. Мамандандырылған спорт сыныптарына қабылдау дене шынықтыру-спорт ұйымының ұсынымы болған жағдайда, білім алушының ата-анасының (заңды өкілдерінің) өтініші негізінде жалпы білім беретін мектеп директорының бұйрығымен жүзеге асырылады.

9

9. Мамандандырылған спорт сыныптарында оқу-тәрбие процесі жалпы білім беретін мектептің оқу жұмыс жоспарлары мен оқу жұмыс бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады. Әр түрлі спорт түрлері бойынша оқу-жаттығу сабақтары дене шынықтыру-спорт ұйымының оқу бағдарламалары мен оқу жоспары бойынша өткізіледі.

10 10. Жаттықтырушы-оқытушы білім алушыны жеке дайындық жоспары бойынша бағалайды

11 11. Мамандандырылған спорт сыныптары үшін жалпы білім беретін пәндер мен оқу-жаттығу процестері бойынша сабақтар кестесі дене шынықтыру-спорт ұйымы басшысының келісімі бойынша жалпы білім беретін мектеп директорының шешімімен бекітіледі

12 12. Мамандандырылған спорт сыныптарындағы оқу-жаттығу процесін дене шынықтыру-спорт ұйымының жаттықтырушы-оқытушы құрамы ұйымдастырады.

13 13. Жаттықтырушы-оқытушылардың оқу жүктемесінің сағатын анықтау үлгілік оқу жоспарларына сәйкес жүргізіледі.

Қолданыстағы