Об утверждении порядка и условий для установления стимулирующих надбавок к должностным окладам работников организаций, финансируемых из бюджета Шалкарского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении порядка и условий для установления стимулирующих надбавок к должностным окладам работников организаций, финансируемых из бюджета Шалкарского района
- Атауы (қаз.)
- Шалқар ауданының бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақылар тағайындау тәртібі мен шарттарын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 131
- Қабылданған күні
- 27.06.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 22.07.2025
- Көрсетілген редакция
- 27.06.2025 212560_766332.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.06.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25CM00131A
- ЭКБ идентификаторы
- 212560
- Редакция идентификаторы
- 212560_766332
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 03:37
0 Шалқар ауданының бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақылар тағайындау тәртібі мен шарттарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Шалқар ауданының бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлірінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақылар белгілеудің тәртібі мен шарттары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2 2. «Шалқар ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шаралар қабылдасын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап туындаған қатынастарда қолданылады.
5 1. Жалпы ережелер
Аудан әкімдігінің
2025 жылғы 27 маусымдағы
№ 131 қаулысына қосымша
Шалқар ауданының бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеудің тәртібі мен шарттары
1. Жалпы ережелер
1
1. Шалқар ауданының бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеудің тәртібі мен шарттары (бұдан әрі - Ұйымдар) Қазақстан Республикасының Бюджет және Еңбек кодекстеріне, Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының нормаларына сәйкес, мекемелер қызметкерлерін лауазымдық (қызметтік) міндеттерін тиісінше орындағаны үшін көтермелеу мақсатында әзірленді, сондай-ақ, олардың функциялары мен міндеттерін уақытылы және сапалы орындауға материалдық қызығушылығын арттыруды қамтиды.
2 2. Ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі
2. Ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларының мөлшері тиісті жергілікті өкілетті органының шешімі бойынша аудан бюджетінің қаражаты есебінен белгіленеді.
2. Ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі
3
3. Лауазымдық жалақыға ынталандыру үстемеақыларын белгілеу Шалқар ауданының бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдардың дербес құрылымдық бөлімшелері басшыларының жазбаша ұсынымы негізінде ұйым басшысының, не оны алмастыратын тұлғаның бұйрығымен жүргізіледі. Жазбаша ұсынымды дербес құрылымдық бөлімшелер қызметкерінің тікелей басшысы мемлекеттік органның бірінші басшысына шығарады.
4 4. Ұсынымда қызметкердің тегі мен лауазымы, үстемеақының негіздері мен мөлшері және тәртіптік жазаның жоқтығы туралы мәліметтер көрсетіледі.
5 5. Ұсынымды ұйым басшысы күнтізбелік 20 күннен аспайтын мерзімде қарайды.
6 3. Ынталандыру үстемеақыларын белгілеу шарттары
6. Ұйымнын басшысы ұсынымды қарау нәтижесінде лауазымдық жалақыға ынталандыру үстемақысын белгілеуден бас тарту себептерін негіздей отырып, келіседі немесе бас тартады.
3. Ынталандыру үстемеақыларын белгілеу шарттары
5 5. Ынталандыру үстемеақыларын белгілеу құқығын беретін қызметкердің қызметінің нәтижелерін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер:
1 1) орындаушылық және еңбек тәртібін сақтау;
2 2) белгілі бір кезеңдегі жұмыс нәтижелеріне қол жеткізу;
3 3) лауазымдық міндеттерді үлгілі және мінсіз орындау, аса маңызды және күрделі тапсырмаларды орындау және жұмыстағы басқа да жетістіктер;
4 4) ұйымдардың одан әрі қалыпты (үздіксіз) жұмысы шұғыл орындалуына байланысты болатын шұғыл және алдын ала күтпеген жұмыстарды орындау;
5 5) егер уақытша болмаған жұмыскерді алмастырушы қызметкердің лауазымдық міндеттеріне кірмейтін болса, қысқартылған және/немесе уақытша болмаған жұмыскерлердің функцияларын өзінің негізгі жұмысынан босамай орындау;
6 6) оған міндеттердің кеңейтілген шеңберін, жоғары кәсіби деңгеймен және құзыреттілікпен ұштастырылған жұмыстағы жеткілікті тәжірибе (өтіл) мен дағдыларды, оларды тәжірибеде табысты қолданумен, сондай-ақ басқа да көрсеткіштерді жүктеу;
7 7) бұдан басқа, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтері бар құжаттармен жұмысты жүзеге асыратын қызметкерге лауазымдық жалақыға үстемеақы олардың орындалу көлеміне қарай, сондай-ақ, оның кейбір құқықтарын шектегені және қосымша жауаптылығы үшін белгіленуі мүмкін;
8
8) үстемеақылар, сондай-ақ, келесідей объективті мән-жайларға байланысты қызметкерді төмен ақы төленетін лауазымға (неғұрлым жеңіл жұмысқа) ауыстыру (тағайындау) кезінде белгіленуі мүмкін: осы органда еңбек міндеттерін атқаруға байланысты алынған еңбек мертігуі, кәсіптік ауруы немесе денсаулығының өзге де зақымдануы еңбекке жарамдылығын қалпына келтіргенге, не мүгедектік белгіленгенге дейін.