Об утверждении Правил реализации заменителей грудного молока
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил реализации заменителей грудного молока
- Атауы (қаз.)
- Емшек сүтін алмастырғыштарды сату ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 634
- Қабылданған күні
- 17.08.2004
- Көрсетілген редакция
- 29.04.2010 AI21257_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.04.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V040003058_
- ЭКБ идентификаторы
- 21257
- Редакция идентификаторы
- AI21257_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 19:47
0 Емшек сүтін алмастырғыштарды сату ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасы туралы" Жарлығын , "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 наурыздағы N 289 қаулысын іске асыру мақсатында бұйырамын:
1 1. Қоса беріліп отырған Емшек сүтін алмастырғыштарды сату ережесі бекітілсін.
2 2. Емдеу-алдын алу ісі, аккредиттеу және ақпаратты талдау департаменті (Нерсесов А.В.) Әкімшілік департаментімен (Акрачкова Д.В.) бірлесіп, белгіленген заңнамалық тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3 3. Әкімшілік департаменті (Акрачкова Д.В.) белгіленген заңнамалық тәртіппен оның ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі С.Ә.Диқанбаеваға жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Емшек сүтін алмастырғыштарды сату ережесі
"Емшек сүтін алмастырғыштарды
сату ережесін бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрі міндетін атқарушының
2004 жылғы 18 тамыздағы
N 634 бұйрығымен бекітілген
Емшек сүтін алмастырғыштарды сату ережесі
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қарашадағы "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасы туралы" N 4153 Жарлығын іске асыру мақсатында әзірленді және балаларды балаларға арналған және шипалы тағамдармен тегін қамтамасыз ету шеңберінде емшек сүтін алмастырғыштарды сату тәртібін регламенттейді.
2 2. Осы Ережеде емшек сүтін алмастырғыш деп емшек сүтін ішнара немесе толығымен алмастыру үшін өзге тәсілмен сатылатын немесе ұсынылатын өнім түсіндіріледі.
2 2. Емшек сүтін алмастырғыштарды сату тәртібі
3 3. Емшек сүтін алмастырғыштарды сатуды ықтимал өнім беруші дәрігердің рецепті бойынша жүргізеді.
4 4. Амбулаториялық-емханалық ұйымдардың басшылары емшек сүтін алмастырғыштарға рецептер беру ережесінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
5 5. Балаларға арналған құнарлы қоспаларды бір сәтте беру баланың айлық қажеттілігінің көлемінде жүзеге асырылады.
6 6. Емшек сүтін алмастырғыштарға деген қажеттілік ағымдағы жылдың басында амбулаториялық-емханалық ұйымдарға ұсынылған өтінімдерге сәйкес белгіленеді.
7
7. Қажет болған жағдайда амбулаториялық-емханалық ұйымдарда медицина қызметкерлері алдында балаларды тамақтандыру міндеті тұрған аналар мен отбасы мүшелеріне өнеркәсіптік тәсілмен немесе үй жағдайларында дайындалған емшек сүтін алмастырғыштарды пайдалану әдістерін көрсетуге міндетті. Ұсынылған ақпарат осы өнімдерді дұрыс пайдаланбаған жағдайда денсаулыққа қандай зиян келтіретіндігі туралы нақты мәліметтерден тұруы керек.