Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил допуска специалиста к обслуживанию электронной избирательной системы в помещении для голосования с использованием электронной избирательной системы

Қаулы · № 131/167 · қабылданған 30.08.2004
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-21258/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении Правил допуска специалиста к обслуживанию электронной избирательной системы в помещении для голосования с использованием электронной избирательной системы Қолданыста Қаулы ·№ 131/167 ·30.08.2004
23.12.2015 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил допуска специалиста к обслуживанию электронной избирательной системы в помещении для голосования с использованием электронной избирательной системы

Қолданыста Қаулы ·№ 131/167 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил допуска специалиста к обслуживанию электронной избирательной системы в помещении для голосования с использованием электронной избирательной системы
Атауы (қаз.)
Электрондық сайлау жүйесін пайдаланып дауыс беруге арналған үй-жайда электрондық сайлау жүйесіне қызмет көрсету үшін маманға рұқсат берудің ережелерін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
131/167
Қабылданған күні
30.08.2004
Көрсетілген редакция
23.12.2015 AI21258_2.kaz
Соңғы өзгеріс
23.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V040003059_
ЭКБ идентификаторы
21258
Редакция идентификаторы
AI21258_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 19:44

0 Электрондық сайлау жүйесін пайдаланып дауыс беруге арналған үй-жайда электрондық сайлау жүйесіне қызмет көрсету үшін маманға рұқсат берудің ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 1) тармақшасына, 50-3-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Электрондық сайлау жүйесін пайдаланып дауыс беруге арналған үй-жайда электрондық сайлау жүйесіне қызмет көрсету үшін маманға рұқсат берудің ережелері бекітілсін.

2 2. Осы қаулыны басшылыққа алу үшін облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының сайлау комиссияларына жіберілсін.

3 3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді.

0 Электрондық сайлау жүйесін пайдаланып дауыс беруге арналған үй-жайда электрондық сайлау жүйесіне қызмет көрсету үшін маманға рұқсат берудің ережелері

Қазақстан Республикасы Орталық
сайлау комиссиясының
2004 жылғы 31 тамыздағы
N 131/167 қаулысымен бекітілген
Электрондық сайлау жүйесін пайдаланып дауыс беруге арналған үй-жайда электрондық сайлау жүйесіне қызмет көрсету үшін маманға рұқсат берудің ережелері

1 1. Электрондық сайлау жүйесін пайдаланып дауыс беруге арналған үй-жайда электрондық сайлау жүйесіне қызмет көрсетуге, осы учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері болуы мүмкін, мамандарға рұқсат беріледі.

2 2. Электрондық сайлау жүйесіне қызмет көрсететін мамандарды дайындауды және оқытуды Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы тиісті шарт жасаған ұйым жүргізеді.

3 3. Электрондық сайлау жүйесіне қызмет көрсететін мамандыққа кандидат мынадай ең төменгі біліктілік талаптарына жауап беруі тиіс:

1 1) дербес компьютермен жұмыс машығы;

2 2) Microsoft Office (Word, Excel) пакетімен жұмыс тәжірибесі.

4 4. Сайлау учаскесінің электрондық сайлау жүйесіне қызмет көрсететін мамандарды оқыту тақырыптарының бағдарламасын Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрайымы бекітеді.

5 5. Оқыту аяқталған соң электрондық сайлау жүйесіне қызмет көрсетуге рұқсат беру жөнінде маманды бағалау үшін сынақ өткізіледі.

6 6. Сайлау учаскесінің электрондық сайлау жүйесіне қызмет көрсететін мамандарды сынақтан өткізуге арналған сұрақтардың тізімін Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы әзірлейді.

7 7. Оқытатын ұйым берген табысты дайындау және оқыту курсы туралы құжаттың негізінде облыстық, Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссиялары маманға электрондық сайлау жүйесіне қызмет көрсетуге рұқсат беру туралы шешім қабылдайды.

Қолданыстағы