Кіру
Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил допуска специалиста к обслуживанию электронной избирательной системы в помещении для голосования с использованием электронной избирательной системы

Қаулы · № 131/167 · қабылданған 30.08.2004
Заңдық күші: Қолданыста · 17.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-21258/on/2026-09-17/
Басып шығарылды 2026-09-17 · adilet.kz
Об утверждении Правил допуска специалиста к обслуживанию электронной избирательной системы в помещении для голосования с использованием электронной избирательной системы Қолданыста Қаулы ·№ 131/167 ·30.08.2004
23.12.2015 редакциясы
17.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил допуска специалиста к обслуживанию электронной избирательной системы в помещении для голосования с использованием электронной избирательной системы

Қолданыста Қаулы ·№ 131/167 · 17.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил допуска специалиста к обслуживанию электронной избирательной системы в помещении для голосования с использованием электронной избирательной системы
Атауы (қаз.)
Электрондық сайлау жүйесін пайдаланып дауыс беруге арналған үй-жайда электрондық сайлау жүйесіне қызмет көрсету үшін маманға рұқсат берудің ережелерін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
131/167
Қабылданған күні
30.08.2004
Көрсетілген редакция
23.12.2015 AI21258_2.kaz
Соңғы өзгеріс
23.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V040003059_
ЭКБ идентификаторы
21258
Редакция идентификаторы
AI21258_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 19:44

0 Электрондық сайлау жүйесін пайдаланып дауыс беруге арналған үй-жайда электрондық сайлау жүйесіне қызмет көрсету үшін маманға рұқсат берудің ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 1) тармақшасына, 50-3-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Электрондық сайлау жүйесін пайдаланып дауыс беруге арналған үй-жайда электрондық сайлау жүйесіне қызмет көрсету үшін маманға рұқсат берудің ережелері бекітілсін.

2. Осы қаулыны басшылыққа алу үшін облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының сайлау комиссияларына жіберілсін.

3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді.

0 Электрондық сайлау жүйесін пайдаланып дауыс беруге арналған үй-жайда электрондық сайлау жүйесіне қызмет көрсету үшін маманға рұқсат берудің ережелері

Қазақстан Республикасы Орталық
сайлау комиссиясының
2004 жылғы 31 тамыздағы
N 131/167 қаулысымен бекітілген
Электрондық сайлау жүйесін пайдаланып дауыс беруге арналған үй-жайда электрондық сайлау жүйесіне қызмет көрсету үшін маманға рұқсат берудің ережелері

1. Электрондық сайлау жүйесін пайдаланып дауыс беруге арналған үй-жайда электрондық сайлау жүйесіне қызмет көрсетуге, осы учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері болуы мүмкін, мамандарға рұқсат беріледі.

2. Электрондық сайлау жүйесіне қызмет көрсететін мамандарды дайындауды және оқытуды Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы тиісті шарт жасаған ұйым жүргізеді.

3. Электрондық сайлау жүйесіне қызмет көрсететін мамандыққа кандидат мынадай ең төменгі біліктілік талаптарына жауап беруі тиіс:

1) дербес компьютермен жұмыс машығы;

2) Microsoft Office (Word, Excel) пакетімен жұмыс тәжірибесі.

4. Сайлау учаскесінің электрондық сайлау жүйесіне қызмет көрсететін мамандарды оқыту тақырыптарының бағдарламасын Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрайымы бекітеді.

5. Оқыту аяқталған соң электрондық сайлау жүйесіне қызмет көрсетуге рұқсат беру жөнінде маманды бағалау үшін сынақ өткізіледі.

6. Сайлау учаскесінің электрондық сайлау жүйесіне қызмет көрсететін мамандарды сынақтан өткізуге арналған сұрақтардың тізімін Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы әзірлейді.

7. Оқытатын ұйым берген табысты дайындау және оқыту курсы туралы құжаттың негізінде облыстық, Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссиялары маманға электрондық сайлау жүйесіне қызмет көрсетуге рұқсат беру туралы шешім қабылдайды.

Қолданыстағы