Об утверждении Правил установления стоимости исследований и консалтинговых услуг в области транспорта
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил установления стоимости исследований и консалтинговых услуг в области транспорта
- Атауы (қаз.)
- Көлік саласындағы зерттеулердің және консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 217
- Қабылданған күні
- 16.07.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 05.08.2025
- Көрсетілген редакция
- 16.07.2025 212588_774865.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.07.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500036483
- ЭКБ идентификаторы
- 212588
- Редакция идентификаторы
- 212588_774865
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 03:16
0 Көлік саласындағы зерттеулердің және консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 14-бабы 2-тармағының екінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Көлік саласындағы зерттеулердің және консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу қағидалары бекітілсін.
2 2. Күштері жойылды деп танылсын:
1
1) «Көлік саласындағы зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 26 сәуірдегі № 232 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27872 болып тіркелген);
2
2) «Индустрия және инфрақұрылымдық даму саласындағы зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 26 сәуірдегі № 232 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 15 қарашадағы № 76 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33660 болып тіркелген).
3 3. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Қаржы және корпоративтік басқару департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
0 Көлік саласындағы зерттеулердің және консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу қағидалары
Қазақстан Республикасының
Көлік министрі
2025 жылғы 16 шілдедегі
№ 217 Бұйрықпен
бекітілген
Көлік саласындағы зерттеулердің және консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Көлік саласындағы зерттеулердің және консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 14-бабының 2-тармағының екінші бөлігіне сәйкес әзірленді және зерттеулер жүргізудің және консалтингтік қызметтер көрсетудің құнын белгілеу тәртібін айқындайды.
2 2-тарау. Көлік саласындағы зерттеулердің және консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу тәртібі
2 2. Зерттеулердің және консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу кезінде орындаушының негіздеуші құжаттармен расталған тікелей және жанама (әкімшілік) шығыстары (орындаушының штат кестесі, есептеулер, шарттардың көшірмелері, кемінде 3 (үш) баға ұсынысы) ескеріледі.
3
3. Зерттеулердің және консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнына ықтимал шығындарға арналған резервтерді қалыптастыру жөніндегі шығыстар, өткен кезеңдердегі өзге де борыштар мен залалдарды жабу жөніндегі шығыстар, ақпараттық ілгерілету жөніндегі шығыстар (жарнама), демеушілік көмек, айыппұлдар, өсімпұлдар мен тұрақсыздық айыбы, сондай-ақ сыйлықақы төлемдеріне, мастер-класстар өткізуге және өкілдік шығыстарға арналған шығыстар енгізілмейді.