Құжат мәтініне өту

Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по городу Алатау

Өзге акт · № 17-55 · қабылданған 11.07.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-212618/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по городу Алатау Қолданыста Өзге акт ·№ 17-55 ·11.07.2025
11.07.2025 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по городу Алатау

Қолданыста Өзге акт ·№ 17-55 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по городу Алатау
Атауы (қаз.)
Алатау қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылардың мөлшері мен санаттар тізімін айқындау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
17-55
Қабылданған күні
11.07.2025
Қолданысқа енгізілген күні
03.08.2025
Көрсетілген редакция
11.07.2025 I212618_1.kaz
Соңғы өзгеріс
11.07.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25DU01755M
ЭКБ идентификаторы
212618
Редакция идентификаторы
I212618_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 03:21

0 Алатау қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылардың мөлшері мен санаттар тізімін айқындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-9-тармағына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабының 2-тармағына сәйкес Алатау қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Алатау қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылардың мөлшері мен санаттарының тізбесі айқындалсын.

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың бюджет, әлеуметтік – экономикалық даму, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік, құрылыс, байланыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Алатау қаласы мәслихатының

2025 жылғы 18 шілде № 17-55
шешіміне қосымша
Алатау қаласы бойынша тұрғын үй сертификатын алушылардың мөлшері мен санаттарының тізімі

1

1. Алатау қаласында тұрғын үй сертификаттарының сомасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекітетін ипотекалық бағдарлама және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде ипотекалық тұрғын үй несиесін пайдалана отырып, тұрғын үйге меншік құқығын сатып алу үшін азаматтардың жекелеген санаттары үшін бастапқы жарнаның 50 %-ын құрайды, бірақ 1 000 000 (бір миллион) теңгеден аспайды.

2

2. Алатау қаласындағы тұрғын үй сертификаттарын алушылардың жекелеген санаттарына Алатау қаласының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарламаның және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының талаптарына сәйкес келетін «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабында көрсетілген азаматтардың санаттары, білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік кәсіпорындарда жұмыс істейтін денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері жатады.

Қолданыстағы