Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба
- Атауы (қаз.)
- Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 08.01.2025
- Көрсетілген редакция
- 08.01.2025 212629_767958.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.01.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25VV00001B
- ЭКБ идентификаторы
- 212629
- Редакция идентификаторы
- 212629_767958
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 06:26
0 Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше
жағдайды жариялау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы №240 (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32469 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Марқакөл ауданының Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының 2025 жылғы 06 қаңтардағы №2 кезектен тыс отырысының хаттамасы негізінде, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Марқакөл ауданының аумағындағы Орта Теректі су қоймасында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2 2. Объектілік сипаттағы төтенше жағдайларды жою Марқакөл ауданы әкімінің орынбасары Н.М.Бейсеновқа жүктелсін және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды қабылдау тапсырылсын.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнен бастап қолданысқа енгізілді.