Мүгедектер ісі жөніндегі аудандық кеңес құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 желтоқсандағы № 1758 қаулысымен бекітілген Мүгедектерді оңалтудың 2002 – 2005 жылдарға арналған Бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шараларын, жоспарын және облыс әкімдігінің 2004 жылғы 8 сәуірдегі № 99/4 қаулысын орындау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Мүгедектер ісі жөніндегі аудандық кеңес құру туралы от 30.08.2004 г. № 119/8 (Мүгедектер ісі жөніндегі аудандық кеңес құру туралы)
1. Мүгедектер ісі жөніндегі аудандық кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.
2. Кеңестің қоса беріліп отырған Ережесі бекітілсін.
3. Кеңестің дербес құрамы заңнамада белгіленген тәртіпте аудандық Мәслихаттың бекітуіне ұсынылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Қ.Қ. Сарбасовқа жүктелсін.
Аудан әкімдігінің
2004 жылғы «31» тамыздағы
«Мүгедектер ісі жөніндегі
аудандық кеңес құру туралы»
№ 119/8 қаулысымен бекітілді
Мүгедектер ісі жөніндегі аудандық Кеңестің
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. Мүгедектер ісі жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) аудан әкімдігі жанындағы консультативтік – кеңес беруші орган болып табылады. Кеңесті құрудағы мақсат мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелерінде мемлекеттік органдардың, қоғамдық және қайырымдылық ұйымдардың қызметтерін үйлестіру жөніндегі ұсыныстарды пысықтау болып табылады.
2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі, аудан әкімдігі мен әкімнің актілерін, басқа да нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Қағиданы басшылыққа алады.
2. Кеңестің негізгі міндеттері мен функциялары
3. Мыналар:
1) қоғамда мүгедектерді оңалту үшін жағдайлар жасау және мүгедектіктің деңгейін төмендету;
2) мүгедектік және мүгедектер мәселелерімен айналысатын қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау;
4. Мыналар:
1) жергілікті мемлекеттік органдарының мүгедектіктің алдын алуы, оңалтуы, әлеуметтік қорғалуы, білім алуы, кәсіптік даярлануы, мүгедектердің жұмыспен қамтылуы мәселелері жөніндегі іс-қимылын үйлестіру үшін ұсыныстарды пысықтау;
2) білім, денсаулық сақтау, тұрғындарды әлеуметтік қорғау, дене шынықтыру мен спорт жүйелері ұйымдарының мүгедектерді оңалту мәселелері жөніндегі жұмыстың нысандары мен әдістерін жетілдіру;
3) аудан аумағында мүгедектердің құқықтары мен мүгедектеріне қатысты облыстық, аудандық бағдарламаларды өткеру.
3. Кеңестің құқықтары
5. Кеңес:
1) мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелерінде жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың, қоғамдық және қайырымдылық ұйымдардың қызметін үйлестіру жөнінде ұсынымдарды әзірлеуге;
2) мүгедектік және мүгедектер проблемаларымен айналысатын қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;
3) жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардан, қоғамдық және кәсіподақ ұйымдардан жұмыс берушілерден мүгедектік және мүгедектер проблемалары жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу мақсатында ақпарат сұратуға және алуға;
4) өз шешімдерінің орындалуына бақылау жасауға;
5) мүгедектік және мүгедектер мәселесіне байланысты жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдар, қоғамдық және қайырымдылық ұйымдар, кәсіподақ бірлестіктері мен жұмыс берушілер өткізетін мәжілістерге қатысуға құқылы.
4. Кеңес қызметін ұйымдастыру
6. Кеңесті төраға басқарады. Кеңес отырыстарын қажетіне қарай, кем дегенде тоқсанына бір рет төраға немесе оның тапсырмасы бойынша төрағаның орынбасары шақырады.
7. Кеңестің жұмысын ұйымдастыруды, тиісті материалдар мен ұсыныстарды дайындауды Кеңес хатшысы қамтамасыз етеді. Кеңес өз қызметін қоғамдық негізде жүзеге асырады.
8. Аудандық тұрғындарды әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту бөлімі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.