Об утверждении лимитов бюджетных средств, выделяемых на содержание профессиональных спортивных клубов по игровым видам спорта
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении лимитов бюджетных средств, выделяемых на содержание профессиональных спортивных клубов по игровым видам спорта
- Атауы (қаз.)
- Спорттың ойналатын түрлері бойынша кәсіби спорт клубтарын күтіп-ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының лимиттерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 143
- Қабылданған күні
- 22.07.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 25.07.2025
- Көрсетілген редакция
- 22.07.2025 212663_770003.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.07.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25TS000143
- ЭКБ идентификаторы
- 212663
- Редакция идентификаторы
- 212663_770003
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 03:09
0 Спорттың ойналатын түрлері бойынша
кәсіби спорт клубтарын күтіп-ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының лимиттерін бекіту туралы
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 65-12) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған спорттың ойналатын түрлері бойынша кәсіби спорт клубтарын күтіп-ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының лимиттері бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігінің Дене шынықтыру және спорт істері комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2 2) осы бұйрықты қолданысқа енгізгеннен кейін үш күн ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3 3) осы бұйрықпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш күн ішінде іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
0 Спорттың ойналатын түрлері бойынша кәсіби спорт клубтарын күтіп-ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының лимиттері
бұйрыққа қосымша
Спорттың ойналатын түрлері бойынша кәсіби спорт клубтарын күтіп-ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының лимиттері
Командалар санаты
Жылына (айлық есеп көрсеткіштерінде АЕК) қаржыландыру лимиті
Футбол
Негізгі (ерлер, әйелдер, жастар) командасы
–
500 000 АЕК артық емес
(УЕФА турнирлеріне командалардың қатысуы), қосымша
–
200 000 АЕК артық емес
Балалар мен жасөспірімдер академиясы
–
150 000 АЕК артық емес
Барлығы:
650 000 АЕК артық емес
Шайбалы хоккей
Негізгі (ерлер, әйелдер, жастар) командасы
–
300 000 АЕК артық емес
Балалар мен жасөспірімдер академиясы
–
75 000 АЕК артық емес
Барлығы:
375 000 АЕК артық емес
және спорттың басқа да ойын түрлері
Негізгі (ерлер, жастар (юниорлар) командасы, балалар-жасөспірімдер академиясы
–
120 000 АЕК артық емес
Негізгі (әйелдер, жастар (юниорлар) командасы, балалар-жасөспірімдер академиясы
–
120 000 АЕК артық емес
Лауазымы
Айына ең жоғары жалақы
(АЕК-де)
Бас жаттықтырушы, жаттықтырушы-кеңес беруші, жаттықтырушы
–
500 АЕК артық емес
Спортшы (негізгі команданың)
–
500 АЕК артық емес
Спортшы (жастар командасының)
–
80 АЕК артық емес
* ескерту: бір өңірде жергілікті бюджеттен қаржыланатын 1 спорт түріне 1 клубты ұстау қарастырылған