Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Холдинговая компания «АРСЕНАЛ»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Холдинговая компания «АРСЕНАЛ»
- Атауы (қаз.)
- «Холдинговая компания «АРСЕНАЛ» жауапкершiлiгi шектеулі серiктестiгiне жария сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 300
- Қабылданған күні
- 16.07.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 26.07.2025
- Көрсетілген редакция
- 16.07.2025 I212745_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.07.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25DG00300A
- ЭКБ идентификаторы
- 212745
- Редакция идентификаторы
- I212745_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 03:14
0 «Холдинговая компания «АРСЕНАЛ» жауапкершiлiгi шектеулі серiктестiгiне жария сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 71-1-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, жер экспликациясы негізінде және 2025 жылғы 23 маусымдағы №ЗТ-2025-02082619 «Холдинговая компания «АРСЕНАЛ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өтінішін қарай келе Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Холдинговая компания «АРСЕНАЛ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылдық округінің аумағында орналасқан жер учаскелері жер пайдаланушылардан алынбай, алаңы 30.8 гектар жер учаскесіне, Қосқұдық кен орнынан өндірістік алаңы АӨФ дейінгі технологиялық жолды салуға және пайдалануға жер учаскелерінің меншік иелерімен 15 жыл мерзімге жария сервитут белгіленсін.
2 2. «Холдинговая компания «АРСЕНАЛ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтіру және жер пайдаланушылармен жасасқан шартта шығынды өтеу бойынша міндеттерін және басқа да шарттарды анықтау ұсынылсын.
3 3. «Жамбыл ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Алматы облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберуді;
2 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Жамбыл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
№
Жер пайдаланушылар
Кадастрлік нөмірі
Меншік құқығы
Жалпы
көлемі га.
Сервитут белгілеу жер көлемі га.
Жайылым
га.
Егістік
га
1
2
3
4
5
6
7
8
1
Нурумбаев Серик Жолдасович
03-045-116-587
Уақытша өтеулі ұзақ мерзімді ортақ үлестік жер пайдалану
1793,0
9,8
9,8
2
Бектембаев Руслан Алимханолвич
03-045-116-583
Уақытша өтеулі ұзақ мерзімді пайдалану
498,7
6,5
6,5
3
Айдабулов Битан Азарбаевич
03-045-116-025
Уақытша өтеулі ұзақ мерзімді ортақ үлестік жер пайдалану
268,0
3,2
3,2
4
Айдабулов Битан Азарбаевич
03-045-116-517
Уақытша өтеулі ұзақ мерзімді пайдалану
160,0
1,9
1,9
5
Бектембаев Руслан Алимханолвич
03-045-116-584
Уақытша өтеулі ұзақ мерзімді пайдалану
140,0
1,7
1,7
6
Букебаев Кулдария
03-045-116-024
Уақытша өтеулі ұзақ мерзімді пайдалану
400,0
6,7
6,7
7
«Hyper Group» ЖШС
03-045-053-514
Уақытша өтеулі ұзақ мерзімді пайдалану
861,0
1,0
1,0
Барлығы
30,8