Құжат мәтініне өту

Об установлении права ограниченного пользования (публичный сервитут) земельными участками

Қаулы · № 167 · қабылданған 21.07.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-212752/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об установлении права ограниченного пользования (публичный сервитут) земельными участками Қолданыста Қаулы ·№ 167 ·21.07.2025
21.07.2025 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении права ограниченного пользования (публичный сервитут) земельными участками

Қолданыста Қаулы ·№ 167 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении права ограниченного пользования (публичный сервитут) земельными участками
Атауы (қаз.)
Жер учаскелеріне шектеулі пайдалану құқығын (қауымдық сервитут) белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
167
Қабылданған күні
21.07.2025
Қолданысқа енгізілген күні
09.08.2025
Көрсетілген редакция
21.07.2025 212752_767126.kaz
Соңғы өзгеріс
21.07.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25NH00167A
ЭКБ идентификаторы
212752
Редакция идентификаторы
212752_767126
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 03:11

0 Жер учаскелеріне шектеулі пайдалану құқығын (қауымдық сервитут) белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабының 5-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Нурлэнд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне осы қаулының қосымшасына сәйкес газ құбырын салу үшін Қостанай облысы Денисов ауданының босалқы жер қоры жерінен жалпы ауданы 3,3494 гектар жер учаскелеріне 2 (екі) жыл мерзімге шектеулі пайдалану құқығы (қауымдық сервитут) белгіленсін.

2 2. «Нурлэнд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскелерін құрылыс аяқталғаннан кейін нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтіру ұсынылсын.

3 3. «Денисов ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1

1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберуді;

2 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 Қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

Денисов ауданы әкімдігінің
2025 жылғы 21 шілдедегі
№ 167 қаулысына
қосымша
Қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

жер учаскесiнiң орналасқан жерi
қауымдық сервитут белгілеудің алаңы, гектар
жер санаты
1
Тельман ауылдық округі
3,2717
босалқы жер қоры
2
Перелески ауылы
(елді мекеннің шегінен тыс)
0,0777
босалқы жер қоры
барлығы
3,3494

Қолданыстағы