Об установлении публичного сервитута акционерному обществу «Алюминий Казахстана»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута акционерному обществу «Алюминий Казахстана»
- Атауы (қаз.)
- «Алюминий Казахстана» акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 168
- Қабылданған күні
- 21.07.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 09.08.2025
- Көрсетілген редакция
- 21.07.2025 212754_767885.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.07.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25NH00168A
- ЭКБ идентификаторы
- 212754
- Редакция идентификаторы
- 212754_767885
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 03:11
0 «Алюминий Казахстана» акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 71-1-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес және 2025 жылғы 7 сәуірдегі № 339-ЖҚГЗ жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензия негізінде Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Алюминий Казахстана» акционерлік қоғамына, Қостанай облысы Денисов ауданының аумағында орналасқан жер учаскелерді жер пайдаланушылардан алып қоймай, аланы 26199,4 гектар жер учаскесінде жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларды жүргізу мақсатында 2028 жылғы 7 сәуірге дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2 2. «Денисов ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберуді;