Об установлении публичного сервитута для проведения работ по разведке полезных ископаемых товариществу с ограниченной ответственностью «Индастриал Майнинг Компани»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута для проведения работ по разведке полезных ископаемых товариществу с ограниченной ответственностью «Индастриал Майнинг Компани»
- Атауы (қаз.)
- «Индастриал Майнинг Компани» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізу үшін қауымдық сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 197
- Қабылданған күні
- 17.07.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 01.08.2025
- Көрсетілген редакция
- 17.07.2025 212927_768088.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.07.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25CB00197A
- ЭКБ идентификаторы
- 212927
- Редакция идентификаторы
- 212927_768088
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 03:13
0 «Индастриал Майнинг Компани» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізу үшін қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына және 71-1 бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес, Әйтеке би ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Индастриал Майнинг Компани» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатты пайдалы қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізу үшін, Әйтеке би ауданында орналасқан 24.12.2024 жылы № 3055-EL лицензиясы бойынша жалпы алаңы 90 гектар жер учаскелеріне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2030 жылдың 24 желтоқсанға дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2 2. «Әйтеке би аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлемі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) Осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресмі жариялауға жіберуді;
2 2) Осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Әйтеке би ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3
3. «Индастриал Майнинг Компани» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жер пайдаланушыларға қауымдық сервитут белгілеуден келтірілген шығынды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін және пайдалы қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізу жұмыстары аяқталғаннан кейін бүлінген жерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізсін.