Құжат мәтініне өту

Об утверждении Перечня операций, входящих в услуги подъездных путей

Бұйрық · № 237 · қабылданған 28.07.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-212935/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Перечня операций, входящих в услуги подъездных путей Қолданыста Бұйрық ·№ 237 ·28.07.2025
28.07.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Перечня операций, входящих в услуги подъездных путей

Қолданыста Бұйрық ·№ 237 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Перечня операций, входящих в услуги подъездных путей
Атауы (қаз.)
Кірме жолдар қызметтеріне кіретін операциялардың тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
237
Қабылданған күні
28.07.2025
Қолданысқа енгізілген күні
05.08.2025
Көрсетілген редакция
28.07.2025 212935_768308.kaz
Соңғы өзгеріс
28.07.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25IK000237
ЭКБ идентификаторы
212935
Редакция идентификаторы
212935_768308
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 03:04

0 Кірме жолдар қызметтеріне кіретін

операциялардың тізбесін бекіту туралы
«Теміржол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Кірме жолдар қызметтеріне кіретін операциялардың тізбесі бекітілсін.

2 2. «Кірме жолдар қызметтеріне кіретін операциялардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2004 жылғы 23 шілдедегі № 287-I бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1

1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

2 2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін;

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

1 Кірме жолдар қызметтеріне кіретін операциялардың тізбесі:

Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің
2025 жылғы «__»_______
№_______бұйрығымен
бекітілген
Кірме жолдар қызметтеріне кіретін операциялардың тізбесі:

1 1. Тармақ иесінің кірме жолдарды пайдалануға беру немесе жүк жөнелтушілер мен жүк алушыларға қызмет көрсету жөніндегі қызметтері кірме жолдардың қызметтері болып табылады.

2 2. Кірме жол қызметтері мыналарды қамтиды:

жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолды ұсыну жөніндегі операциялар:

1 1) кірме жолды күтіп-ұстау және қызмет көрсету;

2 2) кірме жолды күтіп-ұстау және қызмет көрсету процесін басқару.

маневрлік жұмыстарды, тиеу-түсіру және тасымалдау үдерісінің басқа да технологиялық операцияларын жүргізу, сондай-ақ тасымалдау үдерісінің технологиялық операцияларымен қарастырылмаған жылжымалы құрамның тұруы үшін кірме жолды ұсыну жөніндегі операциялар:

1 1) кірме жолды күтіп-ұстау және қызмет көрсету;

2 2) кірме жолды күтіп-ұстау және қызмет көрсету процесін басқару.

3 3. Тармақ иесі мынадай қосымша операцияларды орындайды:

1 1) локомотивпен тиеу-түсіру фронттарына вагондарды беру және әкету;

2 2) мамандандырылған құралдармен вагондарды кіргізу және шығару (итеру-шығару);

3 3) тиеу және түсіру (түсіру) үшін мамандандырылған механизацияланған құралдарды ұсыну;

4 4) мамандандырылған қойма үй-жайларын ұсыну;

5 5) вагон таразылары қызметтерін көрсету.

Қолданыстағы