Об утверждении перечня проектов государственно-частного партнерства особой значимости, разработка которых осуществляется совместно с международными финансовыми институтами
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня проектов государственно-частного партнерства особой значимости, разработка которых осуществляется совместно с международными финансовыми институтами
- Атауы (қаз.)
- Әзірленуі халықаралық қаржы институттарымен бірлесіп жүзеге асырылатын ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 578
- Қабылданған күні
- 31.07.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 15.08.2025
- Көрсетілген редакция
- 31.07.2025 212982_770182.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.07.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2500000578
- ЭКБ идентификаторы
- 212982
- Редакция идентификаторы
- 212982_770182
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 02:59
0 Әзірленуі халықаралық қаржы институттарымен бірлесіп
жүзеге асырылатын ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы
«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 4-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған әзірленуі халықаралық қаржы институттарымен бірлесіп жүзеге асырылатын ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі бекітілсін.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Әзірленуі халықаралық қаржы институттарымен бірлесіп жүзеге асырылатын ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Әзірленуі халықаралық қаржы институттарымен бірлесіп жүзеге асырылатын
ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының
тізбесі
Р/с
№
Атауы
Мемлекеттік әріптес
Халықаралық қаржы институты
1
2
3
4
1.
Алматы қаласындағы «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы үшін 5900 төсек-орынға арналған 5 студенттік жатақхана салу және пайдалану
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі
Азия Даму Банкі
2.
«Алматы-Ыстықкөл» автомобиль жолын салу және пайдалану
Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі
Азия Даму Банкі
3.
Қарағанды қаласында 300 орынға арналған көпбейінді университет ауруханасын салу және пайдалану
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Азия Даму Банкі
4.
Алматы қаласында 300 орынға арналған көпбейінді университет ауруханасын салу және пайдалану
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Еуропа қайта құру және даму банкі
5.
Семей қаласында 300 орынға арналған көпсалалы университет ауруханасын салу және пайдалану
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Азия Даму Банкі
6.
Ақтөбе қаласында 300 орынға арналған көпбейінді университет ауруханасын салу және пайдалану
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Азия Даму Банкі
7.
Маңғыстау облысында қуаты тәулігіне 50 мың м3 теңіз суын тұщыландыру зауытын салу
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC)
_________________________