Құжат мәтініне өту

О признании утратившими силу некоторых приказов Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан

Бұйрық · № 190-НҚ · қабылданған 31.07.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-212994/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О признании утратившими силу некоторых приказов Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 190-НҚ ·31.07.2025
31.07.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О признании утратившими силу некоторых приказов Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 190-НҚ · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О признании утратившими силу некоторых приказов Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
190-НҚ
Қабылданған күні
31.07.2025
Қолданысқа енгізілген күні
17.08.2025
Көрсетілген редакция
31.07.2025 212994_768434.kaz
Соңғы өзгеріс
31.07.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500036558
ЭКБ идентификаторы
212994
Редакция идентификаторы
212994_768434
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 02:58

0 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Жерасты сулары департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы 31 шілдедегі
№ 190-НҚ
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

1

1. «Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізуге арналған заттай нормаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 27 мамырдағы № 19-5/477 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11525 болып тіркелген).

2

2. «Қазақстан Республикасында суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйінің мониторингін және оны бағалауды және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің мелиорациялық жай-күйі туралы ақпараттық деректер банкін мемлекеттік жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 25 шілдедегі № 330 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14227 болып тіркелген).

3

3. «Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйін бағалау жөніндегі жұмыстарды орындау кезіндегі пайдалану шығындарына арналған материалдар шығыстарының заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 14 қарашадағы № 476 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14535 болып тіркелген).

4

4. «Суармалы жерлердің мониторингі мен мелиоративтік жай-күйіне бағалауды жүргізу барысындағы химиялық реактивтер, зертханалық ыдыс және далалық жабдық тиістілігінің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 513 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16243 болып тіркелген).

5

5. «Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде республикалық мемлекеттік мекеме көрсететін ақылы қызмет түрлеріне арналған тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 5 ақпандағы № 39 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19997 болып тіркелген).

6

6. «Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде республикалық мемлекеттік мекеменің ақылы қызмет түрлерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 19 ақпандағы № 60 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20057 болып тіркелген).

7 7. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 21 қаңтардағы № 18 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22102 болып тіркелген).

8

8. «Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде республикалық мемлекеттік мекеменің ақылы қызмет түрлерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 19 ақпандағы № 60 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 5 қыркүйектегі № 280 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29448 болып тіркелген).

Қолданыстағы