О создании коммунального государственного учреждения «Центр оказания специальных социальных услуг» государственного учреждения «Отдел занятости и социальных программ акимата Житикаринского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О создании коммунального государственного учреждения «Центр оказания специальных социальных услуг» государственного учреждения «Отдел занятости и социальных программ акимата Житикаринского района»
- Атауы (қаз.)
- «Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 294
- Қабылданған күні
- 02.12.2024
- Қолданысқа енгізілген күні
- 02.12.2024
- Көрсетілген редакция
- 22.07.2025 213026_769523.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.07.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24NJ00294A
- ЭКБ идентификаторы
- 213026
- Редакция идентификаторы
- 213026_769523
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 08:14
0 «Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына, «Мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекеменің қоспағанда, мемлекеттік мекеменің үлгі жарғысын (жалпы ережесін) және Мемлекеттік кәсіпорынның үлгі жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 1202 бұйрығына сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылсын.
2
2. «Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін басқару жөніндегі уәкілетті орган болып «Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі белгіленсін.
3 3. Қоса беріліп отырған «Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жарғысы бекітілсін.
4
4. «Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте «Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін мемлекеттік тіркеуді жүргізсін.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
6 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
7 «Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жарғысы
Жітіқара ауданы әкімдігінің
2024 жылғы «02» желтоқсандағы
№ 294 қаулысымен
бекітілген
«Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жарғысы
1 1. Жалпы ережелер
1
1. «Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Орталық) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыру үшін мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.
2 2. Орталық Жітіқара ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 02 желтоқсандағы № 294 «Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы» қаулысы негізінде құрылды.
3 3. Орталықтың құрылтайшысы Жітіқара ауданының әкімдігі болып табылады.
4 4. «Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік басқару органы) Орталықты басқаруды жүзеге асыратын орган болып табылады.
5 5. Орталықтың атауы: «Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
6 6. Орталықтың орналасқан жері: индексі 110 700, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Жітіқара ауданы, Жітіқара қаласы, Досқали Асымбаев көшесі, 51.
2 2. Орталықтың заңды мәртебесі
7 7. Орталықтың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес балансы, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік және орыс тілдерінде атауы бар бланкілері, мөрі болады.
8 8. Орталық басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
9 9. Орталық өзінің міндеттемелері бойынша өзінің кепілдігіндегі ақшамен жауап береді. Ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапты болады.
10 10. Орталықтың азаматтық-құқықтық мәмілелері олар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін күшіне енеді.
3 3. Орталық қызметінің мәні мен мақсаттары
11 11. Орталық қызметінің мәні өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету болып табылады.
12
12. Орталық қызметінің мақсаты бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж жалғызбасты қарт еңбекке жарамсыз адамдарға, мүгедектігі бар адамдарға, оның ішінде мүгедектігі бар балаларға және туындаған әлеуметтік мәселелерді еңсеру үшін тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамдарға (құрбандарға) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және қоғам өміріне басқа азаматтармен бірдей қатысу мүмкіндіктерін беру болып табылады.
13 13. Орталық өз мақсатына қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1 1) тәуліктің күндізгі уақытында жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету:
психоневрологиялық ауытқулары бар бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға (бұдан әрі - балалар);
тірек-қимыл аппараты бұзылған бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға (бұдан әрі - ТҚА бұзылған балалар);
2 2) тәуліктің күндізгі уақытында үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету:
балаларға;
ТҚА бұзылған балаларға;
психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға (бұдан әрі - он сегіз жастан асқан адамдар);
бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
егде жасына байланысты өзіне қызметтер көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарға тұрғылықты жері бойынша;
3 3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету:
тұрмыстық зорлық-зомбылық нәтижесінде моральдық, дене және (немесе) мүліктік келтірілген тұрмыстық зорлық-зомбылық адамдарына (құрбандарына).
14 14. Орталықтың осы жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға құқығы жоқ.
15
15. Орталық Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе құрылтай құжаттарымен нақты шектелген не оның басшысының жарғылық құзыретін бұза отырып, қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле: мемлекеттік басқару органының, жергілікті атқарушы органның не прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.