Құжат мәтініне өту

Об утверждении критериев, предъявляемых к товариществам с ограниченной ответственностью, единственным участником которых является государство, в которых создаются наблюдательные советы

Бұйрық · № 76 · қабылданған 04.08.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-213081/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении критериев, предъявляемых к товариществам с ограниченной ответственностью, единственным участником которых является государство, в которых создаются наблюдательные советы Қолданыста Бұйрық ·№ 76 ·04.08.2025
04.08.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.08.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении критериев, предъявляемых к товариществам с ограниченной ответственностью, единственным участником которых является государство, в которых создаются наблюдательные советы

Қолданыста Бұйрық ·№ 76 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении критериев, предъявляемых к товариществам с ограниченной ответственностью, единственным участником которых является государство, в которых создаются наблюдательные советы
Атауы (қаз.)
Байқау кеңестері құрылатын, мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қойылатын өлшемшарттарды бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
76
Қабылданған күні
04.08.2025
Қолданысқа енгізілген күні
25.08.2025
Көрсетілген редакция
04.08.2025 213081_769176.kaz
Соңғы өзгеріс
04.08.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500036578
ЭКБ идентификаторы
213081
Редакция идентификаторы
213081_769176
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 02:56

0 Байқау кеңестері құрылатын,

мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қойылатын өлшемшарттарды бекіту туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 182-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Байқау кеңестері құрылатын, мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қойылатын өлшемшарттар бекітілсін.

2

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық 2025 жылғы 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

1 Байқау кеңестері құрылатын, мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қойылатын өлшемшарттар

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2025 жылғы 4 тамыздағы
№ 76
бұйрығымен бекітілген
Байқау кеңестері құрылатын,
мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қойылатын өлшемшарттар

1

1. Осы Байқау кеңестері құрылатын, мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қойылатын өлшемшарттар (бұдан әрі – Өлшемшарттар) «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңның 182-1-бабы 1-тармағына сәйкес әзірленген және байқау кеңестері құрылатын, мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге (бұдан әрі – Серіктестік) қойылатын өлшемшарттарды айқындайды.

2 2. Бақылау кеңесі төменде санамаланған өлшемшарттардың біріне немесе бірнешеуіне сәйкес келетін Серіктестіктерде құрылады:

1 1) Серіктестіктің бағалы қағаздары қор биржасында орналастырылады;

2 2) Серіктестік Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабымен белгіленген өлшемшарттарға сәйкес орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылады;

3 3) Серіктестік Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген табиғи монополиялар субъектісі болып табылады.

Қолданыстағы